400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Информатика әлемінде» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _____________

Күні: ___________2023ж

Пән мұғалімі: Муслимова З

«Информатика әлемінде» сайысы
Мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату. Өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, құрастыру.
Көрнекілігі: Құрастырма суреттер,
Құрал жабдықтар: Компьютер, А4 парақтары
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика әлемінде» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
1.__________
2.__________
3.__________
Сайыста үш топ сайысқа түспекші.
І топ «Монитор» тобы
ІІ топ «Пернетақта» тобы
ІІІ топ «Процессор» тобы

«Монитор» тобы:
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарысты алғырлықпен аламыз.
Топ мүшелері:________________________________________________

«Пернетақта» тобы
Қандай сынақ болса – дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Топ мүшелері:_____________________________________________

«Процессор» тобы
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
Топ мүшелері______________________________________________

Сайыс кезеңдері:
1 – кезең. «Сан сұраққа саяхат»
2 - кезең. «Қатесін анықта»
3 - кезең. «Тіл өнер»
4 - кезең. «Сиқырлы сөздер»
5 - кезең. «Адасқан әріптер»
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Сан сұраққа саяхат» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 10 сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І топқа.
1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)

2. Қолға алып жүретін компьютер (ноутбук)
3. Сурет салуға арналған программа (Paint)
4. Вирусты жоятын программа (антивирус)
5. Компьютердің негізгі құрылғылары (монитор, пернетақта, жүйелік блок, тышқан)
6. Компьютердің миы (процессор)
7. Джойстик дегеніміз не? (ойын ойнауға арналған құрылғы)
8. Енгізу құрылғысы (пернетақта, сканер)
9. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
10. 1 Кбайтта қанша байт бар? (1024 байт)
ІІ топқа.
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? ( Enter)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)

5. Басып шығаруға арналған құрылғы (принтер)
6. Компьютердің қосымша құрылғылары (колонка, принтер, флешка, микрофон)
7. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
8. Мәтіндік редактор (Word , Word pad редакторлары)
9. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (интерфейс)
10. 1 байтта қанша бит бар? 8

ІІІ топқа.
1. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Терезенің орысша атауы? (окно)
4. Дүниежүзілік желі? (интернет)
5. Антивирус дегеніміз не? (вирустарды жоюға арналған программа)
6. Дыбысты жазатын құрылғы (микрофон)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қалай аталады? (бит)
8. Тышқан сөзінің орысшасы (мышка)
9. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)

10. Компьютерлік желілер нешеге бөлінеді? (2 түр. Жергілікті және бүкіләлемдік (жалпы) желі)
2 КЕЗЕҢ
«Қатесін анықта» әр топқа мәтін беріледі. Сол мәтіндегі қателіктерді табу керек. Сөйлемдерді толықтырып, жазылған құрылғылардың қызметі мен атын толық тауып, жазып көрсету.
І топқа.
Мен сканер мен пернетақтаны іске қосып, компьютерді қостым. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаландым. Жазған ақпараттарымды қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолдандым.
ІІ топқа.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдаймын.
ІІІ топқа.
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып жоюға болады. Жазылған мәтінімді шығару үшін колонкаларды пайдаланамын.
3 КЕЗЕҢ «Тіл – өнері» жұмбақтарды шешу атты үшінші кезеңімізді бастайық. Қойылған жұмбаққа қай топ мүшелері бірінші болып жауап берсе сол топқа 1 ұпай беріледі.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)

2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (пробел)

3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)

5. Батырмасын бассаң
Қажетті файлды ашасың (тышқан)

6. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан. (флешка, диск, дискета)
4 КЕЗЕҢ.
Сиқырлы әріптер. Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет
1 – топ. – Пернетақта.(перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,....)
2 – топ. – Бағдарлама.(бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,...)
3 - топ. – Информатика(мата, информатик, ит, форма, формат, орман, ана, рим, ритм, ата, ар, ат,.)
5 КЕЗЕҢ.
Адасқан әріптер. Адасқан әріптерден сөз құрастыр. 2 минут уақыт беріледі. Осы уақытта сөздерді құрастырып біту керек.
І топ.
1. Нимотор (монитор)
2. Комтерпью (компьютер)
3. Ернетақтап (пернетақта)
4. Лайф (Файл)
5. Кулкальторя (Калькулятор)
6. Таусақ (Сақтау)
7. Электринока (электроника)
ІІ топ.
1. Иннеттер (интернет)
2. Микфонро (микрофон)
3. Канерс (сканер)
4. Ксид (диск)
5. Просорцес (процессор)
6. Ранкэ (экран)
7. Ирусв (вирус)
ІІІ топ.
1. Шынтақ (тышқан)
2. Терпинт (принтер)
3. Тезере (Терезе)
4. Тайб (байт)
5. Кафлеш (Флешка)
6. Репне (перне)
7. Қатта (тақта)
Жүргізуші: Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кезекте аділ қазылар алқасының шешімін тыңдайық.

Ойынның қорытындысы айтылады.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!Сайысты қорытындылау.
Қатысушы топтарды марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі