Материалдар / информатика әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

информатика әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлануын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оларды пәнег деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Ойынның шарты: 4 бөлімнен тұратын «Информатика
әлеміне саяхат» атты сабақ. Бөлімнен бөлімге өту барысында оқушылар кедергілерден өтіп отырады. Ойынға 7, 8, 9 сынып оқушыларынан жинақталған топ қатысады. Қатысушылар екі топқа бөлінеді.

«Дешифратор» аралы
«Бейне сұрақ» арала
«Анаграмма» аралы
«Суреттер сөйлейді» аралы
«Дешифратор» аралы. Ойынның шарты: Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Бір сұрақ 10 балл

1 топ.
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2 топ.
11. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
12. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
13. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
14. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
15. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
16. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
17. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
18. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
19. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
20. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

«Суреттер сөйлейді» аралы. 10 сан беріледі. Сандардың астында суреттер берілген, суреттерге түсініктеме беру керек. Әр оқушы бір суретке түсініктеме береді. Бір сұрақ 10 балл

1. Құлаққаптар, колонкалар – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
2. Жүйелік блок немесе прцессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің миы.
3. Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

4. Веб - камера – графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
5. Тышқан немесе маус – көрсеткіш (координатты) құрылғы. Аз батырмалы және компьютерге ақпарат енгізуші құрылғы.
6. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы.
7. Сканер – компьютерге графикалық ақпаратты енгізетін құрылғы.
8. Джойстик немесе терте – компьютер экранындағы жылжымалы объектілерді басқаруға арналған рычагты - манипулятор. Көрсеткіш құрылғы.
9. Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.
10. Пернетақта – компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

«Анаграмма» аралы. Бір сұрақ 10 балл

К О И Н Ф О Ф Р А П В И Н М А
Б М И Е Р Р М Т К И К С Е Р С
А П Ь Ю О Г А А Л Р П Е Л Ь С
Й Т К Т Е Л Ц И Я О Р И М С И
А А И Б Р И М А Р Г Р Т М К В
Л К И Е Р Ф М А О К А Ы О А Я
Г О Т Е Н П Е Р Ф Е Т М Р З Е
Ш Р И К О М Д И С К А О Д Е В
Е М Т Ц И П А К С К В Е Н М О
Н Н О Л К Т Н О Н Ъ Ю Я С О Р
Р Е Н Б А Р Д И Р И Н И Э Р Ы
А Д Т И Н З И С О Н К Ц Р Г О
К Т О Р Ы М Е Т В Д И Я М О Н
А Р И Ф М О Т О А Е Э Б И К А
Л О Г И К А Р Р Н И Б Б И Д Ж

«Бейне сұрақ» аралы экранға назар аударайық. Бір сұрақ 20 балл
1 сұрақ: Компьютердің пайдасы
2сұрақ: Компьютердің зияны
Қорытындылап оқушыларды дипломмен марапаттау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!