Тақырыбы: «Информатика
әлеміне саяхат»
Мақсаты:
1. информатика пәніне байланысты оқушылардың
алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере
отырып, қорытындылау;
2. оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп,
өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай
білуге тәрбиелеу;
3. оқушылардың компьютер туралы толық ой
қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын
арттыру.
Көрнекілігі: слайдтар, компьютер,
интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық
сұрақтар.
Қатысатындар: 4 сынып
оқушылары
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар
мен оқушылар, әділ - қазылар алқасы. «Информатика әлеміне саяхат»
атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін
4а
сынып
оқушылары топқа бөлініп сайысқа түсуін тамашалаймыз!
Шаттық
шеңбер:
Ұлыбританияда
жақын таныстар ғана қол алысып
амандасады. Көп жағдайда британдар тек бас
изейді.
Тибет
бір-біріне тіл көрсетіп
амандасады
Аустралияда амандасқан сәтте олар бір-бірінің қолын мықтап ұстайды.
Бірақ әйелге қолын бірінші созуға болмайды, бұл ер адамды қолайсыз
жағдайға қалдырады.
Кениялықтар да Олардың амандасу салты да бір бөлек. Мысалы, бұл елде ер
адамдардан шеңбер құрылып, олар адаму деп аталатын биді билейді:
шеңберде тұрған олар секіріп
жарысады.
масаилар қол алыспас бұрын өздерінің қолдарына түкіреді. Ал әйелдер
болса, бір-біріне алақандарын тигізіп
амандасады
Француздар
бір-біріне бетін тигізіп амандасады. Мұнда да
өз реті бар. Міндетті түрде адамның сол бетінен бастау қажет.
Сонымен қатар, беттен сүймейді, тек
тигізеді.
Қытай Аспан асты елі
халқының амандасу салтын басқа ұлттар мүлде түсінбеуі ықтимал.
Себебі қытайлықтар "Бүгін күріш жедіңіз бе?", "Иә, рақмет, сіз ше?"
деп амандасады. Бұл жерде сіздің күріш жеген-жемегеніңіз маңызды
емес. Бұл сұрақ сізге көрсетілген құрмет саналады.Жасы жеткен
қарттар мен дәстүрді берік ұстанатындар ғана қазір иіліп
амандасады. Үнділер адаммен амандасқан сәтте бір орында тұра
қалып, алақандарын кеуде тұсында қосып, сәл иіледі. Үндістанда бұл
салтты Namaste деп атайды. Ол "Саған бас иемін" дегенді
білдіреді.
Топқа
бөліну.
Мынау ұшқыр
заманда
Жаңалық енді
ғаламға
Компьютер тілін
меңгеру
Қажеті туды
адамға
І-топ «Инстаграм» тобы, ІІ-топ «Тик-ток»
тобы,
ІІI-топ
«фейсбук»
тобы
І-жүргізуші:
Компьютер – сенің
көмекшің
Қаламың әрі
қағазың!
Керек емес
демессің,
Аздаған болса
хабарың
Үйрену керек
бәрінде
Ақпараттық заманың! - дей отырып бүгінгі
сайысымыздың кезеңдерімен таныс
болайық.
Бұл сайыс 7 кезеңнен
тұрады:
І кезең.
«Таныстыру»
ІІ кезең. «Сұрақ бізден, жауап
сізден»
ІІІ кезең. “Кім
жылдам?”
IV кезең. “Сиқырлы
пернелер”аралы
V кезең. «Шешімін
тап»
ҮІ кезең. «Адасқан
әріптер»
VІІ кезең.
«Қиялыңа ерік
бер»
Әділ-қазы алқаларымен таныстырып
өтейін:
Жүргізуші: Білімнің
ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа
сен.
Уақыт деген зымырап, зулап
жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек
екен.
дегендей
І кезең. «Таныстыру» әр топ басшылары өз
топтарын таныстырады. Топтың аты,
ұраны. Бағалануы 1-5 ұпай
арасы
ІІ кезең. «Сұрақ бізден, жауап
сізден» викторинасы әр топқа 10
сұрақ оқылады. Әр жауап 1 ұпай.
Ақпаратты шығару құрылғысы
(принтер)
Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы
(модем)
Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы
(монитор)
Ақпараттың өлшем бірлігі (бит,
байт)
Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы
(файл)
Деректерді
сақтауға арналған құрылғы (жады)
Вирустың кері әсерін жоятын программа
(антивирус)
Бос орын қалдыру пернесі.
(пробел)
Қосымша сандық режимді іске қосу пернесі.
(NumLock)
Презентация жасауға арналған программа (Power
Point)
Ақпаратты енгізу құрылғысы
(пернетақта)
Қарапайым графикалық редактор
(Paint)
Paint сөзі
қай тілден аударылған (Ағылшын)
ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал
(Сканер)
Компьютердің ақыл ойы?
(Процессор)
Терезенің орысша атауы?
(Окно)
Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын
программа (Вирус)
«Paint» қандай редактор?
(графиктік)
«Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?
(Латын)
Дүниежүзілік желі?
(Интернет)
Вирусты жоятын программа
(Антивирус)
Дыбыс жазу құрылғысы
(Микрофон)
1 байт неше биттен
тұрады?
Дыбыс шығару құрылғысы
(Колонка)
Компьютердің ең негізгі
құрылғылары? Монитор,пернтақта,жүйелік
блок
Егер бұл пернені бір рет басса
бас әріптер енгізіледі
капслок
ІII кезең«Кім
жылдам?» Берілген
торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты
атауларын табар екен? Әр сөзге 1
ұпай,
М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз
жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР,
ТЫШҚАН)
VI кезең«Сиқырлы пернелер»аралы
Enter – енгізу
Shift – үлкен әріпті жазу
Baskspaсe – сол жақтағы символды өшіреді
Alt+F4 – Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені
жабады
End – соңы
Tab – келесі жолға өту
Esc – болдырмау
Delete – оң жақтағы символды өшіреді.
Caps Lock – түгел бас әріпті жазу
Home – жол басына жылжыту
V-кезең. Шешімін
тап!!! жасырылған жұмбақтың шешімі бойынша шыққан
сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа –
1ұпай.
1-топтың жұмбағы:
1)
Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter»
батырмасы)
2) Төртбұрышты
әйнек,
Тұнып тұрған әлек (
монитор)
3)
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
4) Компьютеріңз
ауырса,
Қызметі дайын
үнемі
Кірген зиян
залады,
Күмәнсыз ол кетірер. (
антивирус)
2-топтың жұмбағы:
1)
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)
2) Әуез сазды
беретін,
Ол
да керек құрылғы,
Дыбыс шықса
тосыннан,
Бәрің соған бұрылдың. (
колонка)
3) Бар нәрсеге
жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп. (
компьютер)
4) Әдетте үнсіз
тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (
принтер)
IV кезең. “Адасқан әріптер” бұл кезеңде
информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы
дұрыс сөз құрастыру. Әр сөзге 1 ұпай , Уақыт
1минут
1. Нимотор -----------
Монитор
2. Пьюромтек -------
Компьютер
3. Енрепатқат --------
Пернетақта
4. Лайф ----------------
Файл
5. Рльоукятакл ------
Калькулятор
6. Атқсуа --------------
Сақтау
7. Аэкторикелн -----
Электроника
8. Дңеөу --------------
Өңдеу
Тез жауап бер ойланып тұрып
қалма Мәреге таяп қалды бұл жарыста -
деп
VII - кезең: «Қиялыңа ерік бер» деп аталады. Бұл кезеңде топтар өз арманындағы
«Болашақтың компьютері,болашақ заман»туралы 5-6 сөйлемнен тұратын
эссе жазады немесе суретін
салады
Қорытынды: Әділқазылар жеңімпаз болған топты
анықтау
Мұғалім :Информатика нық басып
ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды
саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты
қатысушылар,
Қайта айналып көріскенше
саламатта.
Бүгінгі сайысымыз осыменен
аяқталды!