жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Информатика және математика білгірлері
Тақырыбы: «Математика және информатика білгірлері»
Күні: 14.04.2018ж
Өтілетін уақыты: 10.30
Сабақтың мақсаты: : Білімділік: Оқушылырдың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар
Түрі: топтық сайыс
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;
2. «Лото» ойыны;
3. «Білгенге маржан» жұмабақтар сайысы;
4. «Қара жәшік құпиясы» сайысы;
5. Үздік модельдеуші;
6. Жанкүйерлерге сұрақ.
Күтілетін нәтиже: Логикалық тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамытады, google scetchup бағдарламасымен компьютерде жұмыс жасауға дағдыланады. Теориялық білімдерін практикада қолдана алады.
Барысы:
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға ««Математика және информатика білгірлері» атты ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Төртбұрыш» топтарын шақырамыз. ( Топтар орналасып болғанша, музыка қойылады.)
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл., -дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Кезекте амандасу рәсімі.
І топ: «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесу:
Біз дайындыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізге қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәрге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
« Ұшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Кезекте «Төртбұрыш» тобы.
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
Топтар таныстырылып болған соң, келесі сайыс « Лото ойыны» деп аталады.
Бұл ойында әртүрлі логикалық сұрақтар және бейне сұрақтар жасырылады.
-
Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар. (6)
-
Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы. (Ажар)
-
Барлық қырлары тең параллелепипед. (куб)
-
Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
-
30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар? (6*6-6)
-
Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/
-
Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек? /40. өйткені сіз бірінші қабатта тұрсыз. Бір қабатқа көтеріліңіз. –екінші қабатта боласыз. Ал 4 қабатқа көтерілсеңіз, 5-ші қабатта боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек.
-
«Адасқан әріптер» сайысы
Бұл сайыста оқушылар логикалық тапсырмаларды топтарымен орындайды.
Қара жәшіктің ішіне тапсырмалар салынады.
|
и |
ф |
а |
у |
д |
а |
н |
е |
с |
и |
|
и |
н |
т |
е |
р |
н |
е |
т |
о |
н |
|
а |
в |
с |
к |
а |
н |
е |
р |
л |
ф |
|
в |
л |
т |
р |
а |
п |
е |
ц |
и |
я |
|
г |
и |
п |
о |
т |
е |
н |
у |
з |
а |
|
в |
и |
д |
т |
ф |
а |
й |
л |
т |
х |
|
к |
о |
д |
ү |
а |
ц |
и |
я |
е |
о |
|
а |
р |
р |
з |
к |
о |
д |
а |
о |
р |
|
с |
и |
н |
у |
с |
к |
й |
л |
р |
д |
|
ф |
в |
к |
е |
с |
т |
е |
ь |
е |
а |
|
п |
и |
ф |
а |
г |
о |
р |
ф |
м |
о |
|
п |
р |
и |
н |
т |
е |
р |
а |
а |
ю |
«Білгенге маржан» сайысы
Оқушыларға математикадан және информатикадан жұмабақтар жасырылады. Жұмбақтардың жауаптарын үш тілде аударады.
1.Төртбұрышты
әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор –
монитор-screen)
2. Батырмасын
басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтіуір - мышка -
maus)
3. Тетігін бассаң
алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта -
клавиатура -
keyboard)
4. Жақтаулар арқылы
шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
(терезе, окно, windows)
5.Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
(Дәреже-степень- power)
6. 12 бұтағы бар алып емен.
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7- ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін
көрген.
(Жыл-year
, 12
ай-month
, 52
апта-week, 7
күн-day)
7. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не (0 мен 9
арасындағы сандар-цифры-number)
«Үздік модельдеуші» сайында Google scetchup бағдарламасында оқушылар геометриялық фигуралардан кез-келген заттың 3d модельін жасайды. Әділқазылар алқасы сайыскерлердің қорытындыларын шығарып жатқанда, «Жанкүйерлерге сұрақ.» атты айдарда қатысып отырған көрермендерге бірнеше түрлі логикалық тапсырма беріледі.
Ж
ұлдызшаның орнындағы
сандарды табыңдар
Қорытынды: Әділқазылар алқасы 2 топтың нәтижесін айтып, топтарды мадақтама қағазымен марапаттайды.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ
Сыныптан тыс шараның тақырыбы:
«Математика және информатика білгірлері»
9 «Б» сыныбы
Өткізген: Кенжебаева Ғ.Т.
Биязбаева Д.О.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген