400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика және өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс жүргізудің бір түрі танымдық – ойын кештерін өткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ - ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалды сайыс.
Сайыстың тақырыбы: Информатика және өмір
Сайыстың мақсаты: сыныптан тыс жұмыс жүргізудің бір түрі танымдық – ойын кештерін өткізу.
Білімділігі: Оқушының білімін пысықтау, жинақтау, қорыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың инабаттылыққа, кішіпейілдікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ізденпаздығын дамыту.
Сайыстың әдісі: Сайыс сабақ
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, компьютер, арнайы дайындалған презентация, парақшалы тапсырмалар, плакаттар. тақта,

Сайыстың жүру барысы:
Өмір деген көк мұхиттің толқыны
Бір - бірімен жатқан шулап, жалғасып
Бір – бірімен жатқан тулап, арбасып.
О, толқындар арпалысып алға шық.
Өмір деген гүлдер жатқан
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп

Т. Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.
Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынауға келіп отыр.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
4 – оқушы ортаға шықты.
Сайысымыз 5 – кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңнің шарттарын кезеңдердің алдында таныстырып кетемін.
Әділ қазылар алқасын таныстырып кетемін.

І кезең.
І кезеңіміз «Бәйге»
Шарттары: Сұрақтарға жауаптар алу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1. Компьютердің негізгі бөлігіне жататын құрылғы?
2. Компьютер неше бөліктен тұрады?
3. Қай фирманың шығарған компьютерлері кейіннен «дербес компьютер» деп аталды?
4. Ақпараттың өлшем бірлігі?
5. Қай жылы ЭВМ алғаш пайда болған?
6. Арнайы пернеге жатпайтын перне?
7. Ақпарат қандай мағына береді?
8. Ең алғаш пайда болған есептеу құралы қалай аталады?
9. Пернелік тақтада неше перне бар?
10. Тышқанның неше батырмасы болды.

Жауаптары:
1. Жүйелік болк (процессор)
2. 3 (үш)
3. бит, байт
4. Мickosorf
5. 1855ж
6. IBM
7. баяндау, түсіндіру
8. есепшот
9. 101 - 102
10. 2 немесе 3

Бәйге кезеңінің қорытындысын айтып кету.
ІІ кезең.
ІІ кезеңіміз « Полиоглот» сергіту кезеңі. Бұл кезеңде мақал – мәтелдер беріледі. Айтылмай қалған сөздің қазақша, орысша, ағылшынша жауабын айту

Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Ал, екеуін жауап берген жағдайда 10 ұпай беріледі.

1. Әдептінің белгісі - иіліп сәлем бергені.
2. «Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген – көмек
3. Ана алдында - құрмет
Ата алдында - қызмет
4. Адамның - кішісі болғанша,
Иттің – күшігі бол.
5. Кітап – білім бұлағы.
6. Ана – тілін білмеген
Анасында сыйламас.
7. Құстай ұшар.
Қанатты тұлпар

Жауаптары:
1. Сәлем – привет – hello
2. Көмек - помощь – help
3. Құрмет - почет - respect
4. Кішісі - младший – younger
5. Ана – мать – mother
6. Ұшақ - самолет – plane
Полиглот кезеңінің қорытындысы айтып, қорытып, келесі кезеңге түсеміз.

ІІІ кезең
Бұл кезеңде күнделікті мектептегі пәндеріміз бойынша жүреді.
ІІІ кезеңіміз «Тамаша 7 - лік»
Бұл кезеңде 7 пәннен сұрақтар беріледі, сұрақты ұпайды таңдау арқылы ашып, оған жауап бергенде ғана ұпай санын алады. Ойынды ұпайды аз оқушы бастайды.

20 – Қазақ тілі
Сұрақ: Сын есім дегеніміз не?
Жауап: заттың сынын, сипатын, сапасын білдіреді?
30 – Биология
Сұрақ: Паразиттер дегеніміз?
Жауап: Ұсақ жәндіктер
30 – Физика
Сұрақ: Үйкеліс күші нешеге бөлінеді?
Жауап: 1. Сырғанау. 2. Домалау. 3. Тыныштық
40 – Информатика
Сұрақ: Компьютер қолданушының жұмысын жеңілдететін құрылғы?
Жауап: Тышқан
30 – Математика
Сұрақ: Жұп санның, тақ саннан айырмашылығы?
Жауап: Жұп сан екі саннан тұрады?
20 – тарих
Сұрақ: қазақта неше би бар?
Жауап: Үш би. Төле би, Қазыбек бие, Әйтеке би.
40 – Астрономия
Сұрақ: Табиғат деген ұғымды қалай түсінесің?
Жауап: қоршаған орта: адам, жан - жануар, өсімдік, жер, мен су, ай мен күн, аспандағы жұлдыздар табиғат деген ұғымды білдіреді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі