400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Информатика және өндірісті автоматтандыру" пәнінен Жұмыстық - оқу бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Информатика және өндірісті автоматтандыру" пәнінен Жұмыстық - оқу бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

«№8 Мойынқұм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніңдегі орынбасары

_________Наушабекова А.

«_____»_________2018 ж





Информатика және өндіріс автоматтандыру негіздері

пәнінің

2018-2019 оқу жылына арналған

Жұмыстық –оқу бағдарламасы



Жоспар бойынша сағат саны : .........90.........

Оның ішінде :

І ж/ж сағат саны : ..............................50.........

- теориялық .......................................33........

- практикалық.....................................16........

Бақылау:...............................................1.........

ІІ ж/ж сағат саны : ..............................40........

- теориялық .........................................24.......

- практикалық .....................................16.......

Бақылау:...............................................1.........




Мамандық :_1115042 «Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсететін электромонтер»

Курс :_________І курс Топ : _________ЭМ - 12

Пән оқытушысы : ______________Нағымбаева Гульнафис Серікқызы_________________

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ОӘК-нің шешімімен кәсіптік білім беру үлгілік бағдарламасы бойынша және стандартқа сәйкес жасалынды.


Әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды


Хаттама №......... «............»........................2018 жыл


Әдістемелік кеңес төрайымы: Наушабекова А. .......................

Әдіскер: Нагимбаева Г. ................................




1 Түсіндірме жазба

«Информатика және өндіріс автоматтандыру негіздері» пәнінің осы үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін бағдарламаларына сәйкес 111504 2 – Электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер біліктілігі бойынша әзірленген.

Осы үлгілік оқу бағдарламасында электронды есептеу техникасының іс-әрекет принципін,жіктемесін,сипаттамаларын,жеке компьютердің бағдарламалы қамтылуын дәлдеу және жұмыс ережелерін,өндіріс автоматтандыру негізгі ережелерін,тағайындалуы бойынша автоматтық жүйесінің жіктемесін оқып зерделеуді қарастырады.

«Информатика және өндіріс автоматтандыру негіздері» үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың лекция, семинар, зертханалық-тәжірибелік сабақтар ұсынылады.

«Информатика және өндіріс автоматтандыру негіздері» үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін дидактикалық және көрнекілік құралдар қолданылады: оқу бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар.

Үлгілік оқу бағдарламасы «Математика», «Информатика» пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.

«Информатика және өндіріс автоматтандыру негіздері» пәнін оқу «Еңбек қорғау», «Электротехнкалық өндіріс», «Трансформаторларды жинау технологиясы», «Автоматтар және жартылай автоматтарды іске қосу технологиясы», «Электр жабдықтарына техникалық күтім жасау және жөндеу», «Электр қозғалтқыштарын техникалық пайдалану» пәндерімен байланыстырып оқыту ұсынылады.

















2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер



Үлгілік оқу жоспары мен білім беретін оқу бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелері

1

2

Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді менгеруі қажет

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар

Кәсіптік:


КҚ 2,5 6- компьютерлік техниканы, ақпараттық қорғаныс құралдарын қолдану

біледі:

  • Электронды есептеу техниканың сипаттамасын, жіктемесін, іс-әрекет принципін

  • Жеке компьютердің негізгі сипаттамаларын және құрылғылардың тағайындалуы

  • Автоматтандырылған жүйелердің негізгі түрлерін және тағайындалуын

менгереді:

  • кәсіби бағдарламалар пакетін пайдалану

  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бақылау және қорғаныс құралдырын пайдалану

дағдысын қалыптастырады:

  • WORD редакторымен, EXCEL электронды кестемен, CorelDRAW векторлық редактормен жұмыс атқару

құзыретті:

  • Компьютерлік техниканы, ақпараттық қолданыс құралдарын қолдануға









3 Пәннің тақырыптық жоспары мен мазмұны

3.1 Тақырыптық жоспары

р/н

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

1

1 бөлім Кіріспе. Ақпараттық модельдер және жүйелер.

Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы.

Ақпараттық модельдердің тағайындалуы және түрлері. Қойылған мақсатты шешу үшін ақпараттық моделін құрастыру.



6

2

2 бөлім Операциялық жүйелер.

Операциялық жүйелердің түрлері.MS DOS операциялық жүйесі. NORTON COMMANDER бағдарлама сырты. MS WINDOWS операциялық жүйесінің негізгі құралдары. Терезе, жұмыс үстел. Есеп панелі. Стандартты қосымшалар. Блокнот. Қалькулятор. Word Pad мәтіндік редактор.



8

3

3 бөлім MS Office Professional қолданбалы бағдарламалар пакеті.

Мәтінді және кестелі процессор.

MS ACCESS мәліметтер базасын басқару жүйесі.




16

4

4 бөлім CorelDRAW графикалық редакторы.

CorelDRAW графикалық редактордың интерфейсы туралы жалпы мағлұмат. CorelDRAW құралдарымен бейнелеу.


12


5

5 бөлім Қызметтік бағдарламалар. Утилит.

Қызметтік бағдарламалардың жіктемесі.

Ақпаратты сақтау бағдарламалар. Компьютерлік вирустерден қорғаныс бағдарламалар.



7

6

6 бөлім Компьютерлік техникада қолданылатын қолданылатын бағдарламалау тілдері.

Бағдарламалау жүйелері . Бағдарлама жасау құралдары. Турбо Паскаль тіліндегі бағдарлама, оның құрылымы, командалары және операторлары.



10

7

7 бөлім Өндіріс автоматтандыру негіздері.

Басқару жүйесінің кибернетикалық моделі. Автоматтандырылған жүйелер жіктемесі. Автоматтандырылған реттеу жүйелері. Автоматтық реттеу жүйесінің математикалық модельдері. Автоматтық реттеу жүйесін реттеу сапасын және тұрақтылығын бағалау. Датчик. Ауыстырып қосу құрылғылар. Күшейткіш және түрлендіру құрылғылар. Атқарушы элементтер. Бағдарламалық басқарулы автоматтық жабдығы. Иілгіш өндірістік жүйелер.




29


Бақылау

Барлығы

2

90











3.2 Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны.

1 бөлім Кіріспе. Ақпараттық модельдер және жүйелер.

Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы.

Кіріспе. «Информатика негіздері және өндірісті автоматтандыру» пәнінің мәні және мақсаттары, оның тәжірибелік кәсіби қызмет үшін мәні. Басқа пәндерімен байланысы.Қазақстан Республикасы өндіріс саласындағы технологиялық процесстерін басқару үшін компьютерлік технологияларды және автоматтандырылған жүйелерді қолдану ролі. Қауіпсіздік техникасы.

Ақпараттық модельдердің тағайындалуы және түрлері. Қойылған мақсатты шешу үшін ақпараттық моделін құрастыру. Модельдің модельдеу нысаны және мақсатына сайма-сайлық бағасы.

2 бөлім Операциялық жүйелер.

Операциялық жүйелердің түрлері.MS DOS операциялық жүйесі. NORTON COMMANDER бағдарлама сырты.Операциялық жүйелердің функциялары. Сырттық бағдарламалардың функциялары.

MS WINDOWS операциялық жүйесінің негізгі құралдары. Файл, каталог, папка, бағдарлама,құжат. Жазба белгі, белгілер. Терезе, жұмыс үстел. Есеп панелі. Іске қосу батырмасы. Басты меню. MS WINDOWS операциялық жүйесінің түрлері.Стандартты қосымшалар. Блокнот. Қалькулятор. Word Pad мәтіндік редактор.

3 бөлім MS Office Professional қолданбалы бағдарламалар пакеті.

Word мәтінді редакторы, құжатты ашу және жасау. Құжаттын мәтінің өзгерту және редакциялау. Құжатты сақтау.

МS Excel кестелі прцессор. Excel жүктеу, кесте ашу және жасау. Кестені өзгерту, формулалар мен функциялармен жұмыс атқару. Кестені сақтау.

MS ACCESS мәліметтер базасын басқару жүйесі. MS ACCESS ті жүктеу. Мәліметтер базасының кесте құрастыру, нысандар және есептермен жұмыс атқару. Сауал құрастыру.

4 бөлім CorelDRAW графикалық редакторы.

CorelDRAW графикалық редактордың интерфейсы туралы жалпы мағлұмат. CorelDRAW ерекшеліктері. Басқару элементтері. CorelDRAW арнайы құралдар.

CorelDRAW құралдарымен бейнелеу. Нысандарды құру және түрлендіру. Графикамен операциялар. Нысандарды толтыру. Мәтінді өзгерту. Нысандар тобымен операциялар.

5 бөлім Қызметтік бағдарламалар. Утилит.

Қызметтік бағдарламалардың жіктемесі.

Ақпаратты сақтау бағдарламалар. Мәліметтерді ықшамдау бағдарламалық құралдар. Мұрағат диспетчері. Ақпарат таратушыларды көбейту бағдарламалық құралдар.

Компьютерлік вирустерден қорғаныс бағдарламалар. Вирусқа қарсы бағдарламалардың артықшылықтары және кемшіліктері. Қатты дискінің қорғанысы, сыртқы ақпарат таратушылардың қорғанысы.

6 бөлім Компьютерлік техникада қолданылатын қолданылатын бағдарламалау тілдері.

Бағдарламалау жүйелері . Бағдарлама жасау құралдары. Интегралдық бағдарламалау жүйелері. Нысандық бағытталған бағдарламалау.

Турбо Паскаль тіліндегі бағдарлама, оның құрылымы, командалары және операторлары. Айнымалы және тұрақты шамалар, тіл операторлары. Күрделі деректер. Бағдарлама жасау алгоритмі.

7 бөлім Өндіріс автоматтандыру негіздері.

Басқару жүйесінің кибернетикалық моделі. Автоматтандырылған жүйелер жіктемесі. Кибернетика туралы ұғым. Басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы, оларды қолдану үлгілері. Басқару функциялары. Тағайындалуы бойынша автоматтық жүйелердің жіктемесі.

Автоматтандырылған реттеу жүйелері. Автоматтық реттеу жүйесінің типтік функционалды құрылымдық сұлбасы. Статикалық және динамикалық сипаттамалар және параметрлер. Тұрақтандырғыш, бағдарламалық және қадағалау автоматтық реттеу жүйелері, іс-әрекет принципі, үлгілер, тағайындалуы.

Автоматтық реттеу жүйесінің математикалық модельдері туралы ұғым. Автоматтық реттеу жүйесін реттеу сапасын және тұрақтылығын бағалау. Реттеу сапасы. Дифференциалды теңдеулер арқылы автоматтық реттеу жүйесінің жұмысын бейнелеу. Лаплас түрлендіруі. Автоматтық реттеу жүйесінің ауыстыратын функциясы, динамикалық үзбелердің ауыстыратын функциялары бойынша оның есебі және автоматтық реттеу жүйесінің жұмысын бейнелеу үшін қолдану.

Автоматтық реттеу жүйесінің жиілік сипаттамалары. Амплитудалық жиілік фазалық сипаттамаларын эксперименттік анықталуы. Кешенді жиілік сипаттамасы, автоматтық реттеу жүйесінің ауыстыру функциясы бойынша табу. Амплитудалық және жиілік фазалық сипаттамалардың есебі . Логарифмдік жиілік сипаттамалары. Логарифмдік күшейту және жиілік бірліктері. Тұрақтылығын логарифмдік жиілік сипаттамалар арқылы бағалау.

Датчик. Датчиктердің жұмыс принципі және тағайындалуы бойнша жіктемесі. Электрлік датчик модулятор. Іс-әрекет принципі, құрылымы және тағайындалуы. Датчик генератор, іс-әрекет принципі және қолдануы.

Ауыстырып қосу құрылғылар. Реле жіктемесі. Реленің статикалық және динамикалық сипаттамалары және параметрлері. Тұрақты тоқтағы электромагнитті реле. Олардың құрылым және іс-әрекет принципі. Айнымалы тоқтағы реле ерекшеліктері. Транзистор және тиристордағы түйіспесіз ауыстырып қосу құрылғылар, олардың артықшылықтары.

Күшейткіш және түрлендіру құрылғылар. Салыстыру құрылғылар. Түрлендіргіштер Күшейткіштердің жіктемесі жіктемесі. Электрондық, пневматикалық және гидравликалық күшейткіштер. Поршенді пневмокүшейткіш, жұмыс принципі.

Атқарушы элементтер. Атқарушы қозғалтқыштарына қойылатын талаптар. Тұрақты тоқтағы және ассинхронды электр қозғалтқыштар. Электромеханикалық атқарушы элементтер. Тұрақты тоқтағы электр қозғалтқыштарын басқару тәсілдері. Реттеуіш сипаттамалар. Қозғалтқыштарды салыстыру. Пневматикалық және гидравликалық атқарушы элементтер.

Бағдарламалық басқарулы автоматтық жабдығы. Иілгіш өндірістік жүйелер. Циклді және сандық бағдарламалық басқару. Өндірістік робот. Роботтармен жабдықталған технологиялық кешендер. Иілгіш өндірістік жүйелер туралы ұғым.



Ұсынылған тәжірибелік жұмыстар тізімі

  1. WINDOWS элементерімен жұмыс жұмыс атқару. Жұмыс үстелімен және есеп панелін дәлдеу. Басты менюмен жұмыс атқару. Операциялық жүйесін ұлттық стандартқа келтіру.

  2. Файл, каталог, қосымша, құжаттармен жұмыс атқару.

  3. Мәтінді құжатты өзгерту және редакциялау, кестелі ақпаратпен жұмыс атқару.

  4. Кешенді мәтінді құжаттарды құру.

  5. Электронды кестені құру, формула және функциямен жұмыс атқару

  6. MS ACCESS құралдары арқылы мәліметтік базасын құрастыру. Нысандар, есеп және сұраныстармен жұмыс атқару.

  7. Графикалық редактор арқылы бейнелеу. Тәуелдік графиктерін құрастыру

  8. Қызмет ету бағдарламалармен, драйвер және утилитпен жұмыс атқару

  9. Құжаттардың мұрағат көшірмесін құру. Вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыс атқару.

  10. Турбо Паскаль ортасында бағдарламалар құру

  11. Автоматтық реттегіштерін жұмысын зерделеу

  12. Автоматтық басқару жүйесінің қосымша құралдарының іс-әрекет принципін зерделеу

  13. Автоматтық басқару процесін қолмен басқаруға ауыстыру тәртібі.



4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау



«Информатика және өндіріс автоматтандыру негіздері» пәні бойынша бақылау аралық аттестация: бақылау жұмысы, тестілеу, емтихан өткізуді қарастырады.

Осы үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде қарастырылды :

Бақылау жұмысы – 2

Емтихан – 2 жартыжылдық

Бақылау жұмыстары, сынақтар пәнді оқуға бөлінген жалпы бюджеттік уақыт есебінен өткізіледі; емтихандар аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

Жұмыс оқу бағдарламаларын жасағанда оқу орындары практикалық жұмыстар мен тапсырмаларды тест нысанында әзірлеу қажет.

Тест тапсырмалары бөлімдер, тақырыптар бойынша және күрделілігі негізгі үш деңгейде (ең төмен, орта және күрделі) болуы керек.















5. Әдебиет және оқу құралдары



Негізгі



  1. Максимов Н.В., Партыка Т.Л., Попов И.И. Архитектура ЭВМ и вычислительных систем: Учебник. М.ФОРУМ: ИНФРА-М,2005

  2. Анреева Е., Фалина И.Система счисления и компьютерная арифметика. М.Лаборатория базвых знаний, 2000;

  3. Танебаум Э. Архитектура компьютера. 4изд-е.СПб: Питер, 2002;

  4. Инчин А.С. Работа на персональном компьютере.Алматы.2003;

  5. Информационные технологии, Н.Т.Ермеков-Астана, издательство фолиант 2006;

  6. Информатика П.П.Беленького-Ростов н/Д: Феникс 2003;

  7. Информатика В.Н.Кирнос – Көкшетау: Келешек-2030,2008;

  8. Информатика издательство Михайлова В.А. 2000;

  9. Практикум по информационным технологиям в проффесиональной деятельности: Е.В.Михеева,издательство:Аккад, 2004;

  10. Назаренко Е.Ф., Информациооные технологии: Учебник, Астана:Фолиант, 2007;

  11. Информатика. Базовый курс/под ред. С.В.Симоновича,СПБ:Питер, 2009;

  12. Клюев А.С.,Автоматическое регулирование. М.:Высшая школа, 2006.





Қосымша



  1. WORD 2000 краткие инструкции для новичков – М: Аквариум ЛТД 2001 г:

  2. Словарь - справочник по информатике-Мн.: Амалфея, 2004г.;

Ұсынылған оқу құралдары

  1. Дидактикалық материал: тест, тапсырма карточкалар

  2. Техникалық оқу құралдары: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиа проектор, электрондық оқулықтар, оқу бейнефильм.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
38 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
2255
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі