400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика жұлдыздары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеге арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Информатика жұлдыздары» сайысы

Мақсаты:

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.

2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта
Қатысушылар: 6 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Инфобілгірлер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.


Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушыларды екі тоқа бөлу. 1-топ «Интернет», 2-топ «Ақпарат».
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырамыз (Слайд шоу)
Сайыс кезеңдері.

1-кезең. “Таныстыру”

2-кезең. “Бәйге!”

3-кезең. “Полиглот”

4-кезең. “Адасқан әріптер”

5-кезең. “Ойлан, тап!”

6-кезең. “Ғажайып сурет”

7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”


Көрермен жиналған бұл тамашаға ,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.

 I-кезең. Таныстыру (5 ұпай)

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

2 - кезең. ”Бәйге” . Бұл кезеңде әр топқа 12 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз сұрақтарына жауап береді. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.

«Интернет» тобының сұрақтары

  1. 1 байт неше биттен тұрады? 8

  2. Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу

  3. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор

  4. Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock

  5. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер

  6. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды 1946 жылы

  7. Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина

  8. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау

  9.  Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер

  10. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал

  11. Windows - тің негізгі экраны жұмыс үстелі

  12. Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады

«Ақпарат» тобының сұрақтары:

  1. Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ қалып күй жолы

  2. Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе

  3. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе

  4. Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар

  5. Жою пернесі Delete

  6. Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады корзина

  7. Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы модем

  8. Принтер құрылғысының түрлері лазерлік, матрицалық, бүріккіш

  9. Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус

  10. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі операциялық жүйе

  11. Алғашқы есептеу құрылғысы /саусақ/

  12. Бүкіл әлемдік желі /интернет/

3-кезең. Полиглот . Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша, орысша, ағылшынша). (5,10,15 ұпай)

1-топ. Интернет

1) ...кеме  білім теңіз?/мектеп, школа, school/

2) Өнер алды қызыл .../тіл, язык, landuade/

3) Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/

4) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/

2-топ. Ақпарат

1) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка,  mouse/

2) Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/

3) Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/

4) Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/
4-кезең «Адасқан әріптер». Бұл кезеңде әріптерді  өз орнына қою керек.(5 ұпай)

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

5-кезең «Ойлан, тап!» Төменде тапсырмалар берілген. Әр топқа 9 сұрақтан беріледі. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады. (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан).

Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

6-кезең. “Ғажайып сурет”. Бұл кезеңде компьютер құрылғыларының суреттері көрсетіледі, құрылғылардың атауын және атқаратын қызметін айту қажет. (5,10 ұпай).

7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”.Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.

Жетпесіне жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға-мың алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

Қорытындылау!

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!

Ақсай қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі










ТShape1 ақырыбы:



Picture 4









Өткізген: Ерзақова С.Е















2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі