Материалдар / Информатика кемесі білім теңізінде саяхатта

Информатика кемесі білім теңізінде саяхатта

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика мұғалімдеріне арналған сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
489
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қармақшы ауданы
Қызылтам стансасы
№79 негізгі мектебі
Математика және информатика пәнінің мұғалімі:
Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы




Тақырыбы: Информатика кемесі — білім теңізінде (сахналық қойылым)
Мақсаты:
ЕЭМ-нің даму тарихы мен компьютердің құрылу және жұмыс істеу принциптері
және интернет желісі туралы алған білімдерін қайталап жүйелеу; Оқушылардың
шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту;
Дайындық кезеңі және рольдегілер мен орындаушылар:
Сахнада: Информатика кемесі – білім теңізінде тақырыбында безендірілген.
Рольдегілер:
Капитан: Нұрымбет Айдос 9 сынып
Боцман: — Серік Сағынбек 9 сынып
1-Мотрос – Мыханжаров Данияр 8 сынып
2-Мотрос – Далабай Бақытжан 9 сынып
3-Мотрос – Жанбөбек Нұржан 8 сынып
Ноотбук – Далабай Анель 7 сынып
Кәрі мотрос: Серіков Өмірбек 9 сынып
Диктор: Бақтаева Айфара 9 сынып
Жарнама оқыған: Қоржынбаева Гүлдана 8 сынып

Көріністің жалпы мазмұны:
Сахнада капитан және кеме командасы нарды ойнап отырады.
1-Мотрос:— Капитан, бұл өмір не болып кетті? Бірсарынды.
2-Мотрос:— Иә, жігіттер, теңізге шығып, саяхат жасайық.
Капитан:— Теңізге шықсақ, шығайық. Әлемде не жаңалық, қызық болып
жатқанын көрейік.
- Боцман, команданы жинап, кемені теңізге
шығуға дайында!
Боцман:- Біздің кеме әр қашан да дайын ғой, капитан. Команда да осында.
Капитан:— Дайын болса, команданы палубаға жина.
Боцман:— Команда, түзел, тік тұр!
- Капитан мырза, Информатика кемесі Білім теңізіне шығуға
дайын!
Капитан:— Менің қызық та, ауыр жолда сенім артар мотростарым. Біз бүгін Білім теңізіне ғажайып қызық, жаңалықтар іздеу саяхатына шығамыз. Сәт-сапар тілеймін.
Боцман: — Якорьді көтер, парусты түсір.Курсты тік ұста!
Кеме теңізге шығады. (Теңіздің дауысы бар музыка қосылады). Штурвалда 1-мотрос, қалғандары орындықтарда отырады.
Капитан:— Қосшы ана телевизорды, көрейік, не жаңалық, қандай қызықтар болып жатқанын.
Мотрос қолындағы пультпен телевизорды іске қосады.
Сахнаға екі оқушы экранды алып шығады.Экранның ар жағынан жүргізуші жаңалықтар оқи бастайды.
Жүргізуші:— Құрметті Қызылорда телеарнасының көрермендері сіздердің назарларыңызға Қызылтам ауылы №79 негізгі мектебінде Ақпараттық технология – қазіргі заман талабы атты аудандық семинардың өтетінін жариялаймыз.Биылғы жылы ауданымызда Информатика жылы деп жарияланды. Осы бағытта мектепте жоспар бойынша іс шаралар жүргізілуде. 27 қыркүйекте Компютерді озат меңгерген топ атты 6-7сыныптар аралығында сайыс өтті.15 Қыркүйекте 8-9 сыныптар арасында ХХІ ғасыр компютер ғасыры атты интелектуалдысайысы болып өтті.26 желтоқсанда Ауданымызда өткен Графика әлемі атты байқауда 9 сынып оқушысы Бақтаева Айфара жүлделі ІІІ орын иеленді. Сіздермен болған Қызылорда телеарнасы Бізбен бірге болыңыздар ЖАРНАМА
Қалам, қағаз, қалам, қағаз шаршадыңыз ба? Бізге келіңіз! Біздің дүкенде жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары, үйде де, далада да, әуеде де қолайлы ең арзан Ноотбуктар сатылады. Қатқыл дискі —қатқыл дискі . Гигобайт, жедел жады Мегобайт, CD-DVD . Гб.Ноотбук ол деген – Интернет байланысына жердің кез-келген нүктесінен қосылуға мүмкіндігін беретін ыңғайлы құрал.
(осы уақытта экран астында титралар жүреді: қатқыл дискі . Гигобайт, жедел жады . Мегобайт, CD-DVD .. Гб.)
Капитан:— Осы жарнамалардан шаршадық. Ноотбук дегені не тағы да?
Боцман:— Капитан, сіз білмейсіз бе? Ол кез-келген уақытта, кез-келген
жерде алып жүре беруге болатын, компьютер ғой.
Капитан:— Мегабайт, Гигобайт дегені немене сонда?
Боцман:— Ту-у-у капитан, ол компьютер жадының көлемі емес пе, яғни
ақпарат сиымдылығы.
Капитан:— Е-ей, басты қатырмашы, бәрі-бір түсінбеймін. Басқа каналға қой!
(Осы кезде басқа каналды КВН көрінісі)
Мотрос:— Тасташы, КВН-ніңді, басқа каналға қой. Концерт көреміз.
Мотрос:— КВН, КВН, жалықтырды, қойшы Хабарға жөнді нәрсе көрейік -
- деп шулап таласа кетеді.
(осы кезде штурвалда тұрған мотрос)
Мотрос:— Жер, Жер, курс бойынша арал көріп тұрмын.
Капитан:— Кемені тоқтат, якорьді таста.
(Аралда 11 оқушы омырауларында кодтары бар. 1 кәрі мотрос қолында трубкасы бар орындықта отырады)
Капитан:— Боцман, бұл не арал, қай жерге келдік?- дейді.
Боцман:— Менің түсінуімше, Жұмбақ аралына ұқсайды.
Капитан:— Мына тұрған сандар нені білдіреді?
Боцман:— Жұмбақ аралы болғандықтан бұл кодқа ұқсайды. Ана тұрған
кесте арқылы кодты шешу керек.
(Команда кодтардың қасына жақындайды. Осы кезде кәрі мотрос)
Кәрі мотрос:Тоқта, тоқта, тұра тұр. Кодты шешу үшін менің сұрағыма
жауап бер, алдымен.
- ЕЭМ-нің даму тарихы туралы не білесіңдер?
Капитан:— Боцман, қайда әлгі білгірлерің? Шақыр, жауап берсін.
Боцман:— Машина бөліміндегілерді шақыр.
(Сахнаға қолдрынды құралдардың суреттері бар оқушылар шығып, әркім өзінің құралы туралы түсініктеме беріп шығады)
Кәрі мотрос:— Дұрыс, дұрыс. ЕЭМ-нен хабарларың бар екен. Ал, енді кодты
шешіп көріңдер.
(Бір мотрос шығып код туралы қысқа мағлұмат беріп кодты шешіп шығады).
Мотрос:Аралыңыздың атын есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатынASCII – американдық ақпарат алмасудың стандартты коды кестесінің көмегімен шешіп көрейік.
(Аралдың аты Компьютер болып табылады)
Капитан:— Аралдарыңның аты ғажап екен. Қандай қызықтарың бар?
Кәрі мотрос: — О-о-о, бұл аралда қызықтар өте көп. Қайсыбірін айтайын?
А-а, біздің аралда ғажайып бір құрал бар. Сол жайында айтайын. Ол компьютер.
( Абдибекова Ұлбосын Компьютер әлнін Жан гүлім
әнінің әуенімен орындайды)
Информатика
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Қайда компьютер, жайнаған нұрым
Өмір серігім, сенсің тағдырым
Қайда интернет жайнаған нұрым
Өмір серігім, сенсің тағдырым.
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Кәрі мотрос:Иә, иә, тура осы өлеңдегідей адамзаттың жағдайын ойлап ыңғайлы етіп жасалған. Стол үстінде тұратыны, қалтаға салып жүретіні, шағын сумкаға салып алатын, түр-түрі көп. Оның көмегімен:
-Мәтін, хат, хабар жазуға;
- Кесте құруға, әр түрлі есептеулер жүргізуге;
- Диаграмма, графиктер сызуға,
- Кино, концерттер көруге болады.
Бұл құралдың тағы бір мүмкіндігі – бүкіл әлеммен байланысу мүкіндігін беретін ИНТЕРНЕТ торабына қосылу.
Осы интернетте отырып кез-келген конференцияларға қатысуға, қалаған елің туралы толық мағлұмат алуға, электрондық пошта арқылы әлемнің кез-келген нүктесінен хабар алып, жіберуге болады. Және де соңғы шыққан мүмкіндік ол Интерактивті байланыс. Ол интерактивті тақтаның көмегімен тікелей байланыс, жүйелі, белседі түрде өзара әрекеттесу мүмкіндігі.
Капитан:Иә, керемет құрал екен, Боцманның айтқан құралы осы екен ғой. Маған осы құралдың ең жақсы біреуін бер. Пайдаланып көрейік.
Боцман, командаңды жина, жолға шығайық. Алдымызда талай қызықтар күтіп тұр. Дүниенің сыры өте көп. Біз сол сырлар мен ғажайыптарды үйренуден жалықпайық!
Дауыс:Осылай Инфоратика кемесі талай-талай қызықтармен танысып, үйреніп, білім теңізінде саяхаттап жүре берді.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ