400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика лекция

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен теориялық сабаққа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 Лекция

Информатика туралы түсінік

Информатика – адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жылдам жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тиімді тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән. «Ақпарат» термині латынның «түсіндіру, баяндау, білу» деген ұғымдарын білдіретін «informatio» сөзінен шыққан. Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен обьектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.Таңба түрінде қатысуды байланыс тілі дейді. Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпаратты жазуды кодтау деп атайды. Кодталатын символдар тобын кодтау кестесі деп атайды. Сигнал – адамға немесе белгілі бір құрылғыға – ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс. Сигнал – ақпарат тасушы. Ақпарат беру деген – сигналдар беру. Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге болады. Бейнелі ақпарат деп – табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады. Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түріне алатын ақпараттарды жатады. Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде беріледі. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тілдері жатады. Олардың ауызекі және жазу түрлері болады. Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютерде барлық ақпараттар сандар, әріптер, арнайы белгілер т. б. сияқты таңбалардан тұрады да, әрбір таңба компьютер жадында екілік жазылады.

1 Бит – бұл физикалық екі мүмкін жағдайдан (тоқ бар немесе жоқ) бір нұсқаны ғана таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттар саны.

1 – тоқ бар болған жағдайда , ал 0 – тоқ жоқ болған жағдайда деп алынған.

1 Байт – бұл бір символды кодтауға қажетті ақпараттар саны . Хабарлама бір немесе бірнеше ақпараттан тұруы ықтимал. Бір хабарламаны мағынасына қарай әр – түрлі ақпараттар санымен беруге болады.

ЭЕМ деген – арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.03.2019
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі