15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Информатика лидері
«Информатика лидері» сыныптан тыс жұмыс
«Қадыр Кәрімов»орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Молдагулова М.А
Сабақтың тақырыбы: «Информатика лидері».
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпанның 18-23 аралығында мектебімізде «Физика, информатика,математика» пәндер апталығы өтіп жатыр. Соған байланысты 8 сыныптар арасынан «информатика лидері» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.
Сайысымыздың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін сайысқа түсіріп,білімді, жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Міндеті: Оқушылардың ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.
«Оқу-инемен құдық қазғандай»демекші сайысымызды бастаймыз
Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
4.
5
6.
Әділқазы алқасымен де танысайық:
Мектебіміздің басшысы: Ибраева Салтанат Кенжетайқызы
Жумашева Салкен Қүлтайқызы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі:
Бауыржан ағай Физика пәні мұғалімі
Ажар апай-биология пәні мұғалімі
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Бәйге
Полиглот
Ғажайып жетілік
Егер мен болсам…
Оратор
Жорға
Оқушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.
І. Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-дей отырып,
Бәйге кезеңін бастаймыз.
Оқушылар берілген сұраққа жауап ,әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады.
Жол сілтеуіш (Проводник) терезесі қалай ашылады?
(Пуск-Программы-Проводник)
Компьютер суретін салуды қандай құралдарды пайдалану тиімді? ( тіктөртбұрыш, тік сызық, шеңбер)
Жаңа буманы қалай құрамыз?
( Жұмыс столында тышқанның оң жағын шертіп, Создать-папку командасын орындаймыз. Файл менюінен Создать-папку командасын орындаймыз)
4.Құжатқа дайын суретті енгізу үшін қандай амалдарды орындаймыз?
( Вставка-рисунок –картинки командасы, всавка-Обьект-Microsoft Clip Gallery (командасы)
5.Сурет қалай баспаға шығарылады?
6.Word редакторында мәтінді қалай форматтаймыз?
( Формат-Шрифт командасы немесе форматтау қатарының батырмалары арқылы)
7.Палитрадағы түстер құрамына басқа түстерді қалай қосуға болады? (Ралитра-Изменить палитру командасы)
8.Сурет бөлігін бейнелеу немесе бұру командасы қалай орындалады?
(Рисунок- Отразить/ повернуть командасы арқылы)
9.Word терезесі қандай элементтерден тұрады?
( Тақырыбы, мәзір, стандарттар қатары, форматтау қатары, жұмыс алаңы, қалып-күй қатары)
10.Сурет үзіндісін бөліп алуда қандай құралды пайдалануға болады?
(Ерекшелеу, белгілі аймақты ерекшелеу)
11.Информация дегеніміз не?
(Таңбалар мен сигналдар түрінде берілген мәліметтер тобы)
12. МГбайтта қанша КБайт бар?
13. Өшіру кезінде пайдаланылатын пернелерді ата?
( BACKSPACE, DEL)
Барлығы 13 сұрақ қойылды құрметті әділ қазылары ұпайларын жаза отырыныздар!
ІІ. Полиглот
Келде кезек полиглотты шешуге
Жауаптарын үш тілдерде беруге
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
30 ұпай шәкірт саған несібе.
Келесі кезеңіміз «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді және клавиатуралық комбинациясын айтуы керек.
Терезені жабу
( Файл-шығу, файл выход, Alt+F4)
Көшіру командасы
( Түзету –көшіру, Правка-копировать, ctrl+c немесе ctrl+ins)
Компьютерді қайта жүктеу
(Іске қосу-жұмысты аяқтау-қайта жүктеу, пуск-завершение работы перезагрузить)
Қиып алу командасы
(Түзету- қиып алу, правка-вырезать, ctrl+х немесе shift+del)
Сақтау командасы
( файл-сақтау, файл-сохранить, shift+F12)
Қайта қою командасы
( Түзету-болдырмау, Правка-отменить, ALT+BACKSPACE)
Болдырмау командасы
(Түзету-қайта қою, Правка-отменить, ALT+BACKSPACE)
Құжатты ашу
(Файл-ашу, файл-открыть, CTRL+O)
ІІІ. Ғажайып жетілік
Жетіліктің сұрағы көп сабақтан
Әр шәкірттердің білгірі алға шығады
Асықпаңдар, ойланыңдар балалар
Үш жауап бар, біреуі оның шырағы
Сайысымыздың келесі кезеңі- «Ғажайып жетілік». Өздеріңіз білесіздер Информатика сабағы басқа сабақтармен тығыз байланыста. Сондықтан сіздерге 7 түрлі пәннен сұрақ бергелі отырмыз. Яғни әділ қазылар мүшелері сұрақ қояды.
Қазақ әдебиеті пәнінен- «Сыр сандық» өлеңінің авторы. (С.Сейфуллин)
Тарих пәнінен -Әль-Фараби дегеніміз кім, қай жерде дүниеге келді?
Физика пәнінен- Инерция дегеніміз не?
(дене басқа дене әсерін тигізгендегі жылдамдығын сақтау құбылысы)
Математика пәнінен- Гипотенуза деп нені айтамыз?
Биология пәнінен-Астық тұқымдастарды ата?
Орыс әдебиетінен – Жил старик со своею старухой. У самого синего моря;
Өлең жолдарының авторы кім?
(А.С.Пушкин. «Сказка о рыбаке и рыбке»)
География пәнінен-Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық мұхиты)
Енді ұпайы аз оқушыларымызбен қоштасатын сәт те жетті. Оқушыларымызға табыс тілеп, шығарып салайық.
ІV. Егер мен болсам…
Егер болсақ мамандықтың иесі
Не істер едің бұл өмірге жүйелі
Ауыр тастан, өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан, баба сөзі киелі
Сайысымыздың келесі кезеңі- “Егер мен болсам…”
Тышқан шаригі кірленіп, жүрмей қалған жағдайда не жасар едің? Ол үшін алдарыңызға мынадай 8 түрлі затты беріп отырмыз. Осы заттарды қалай пайдаланасыңдар. Ойлауға 1 минут уақыт берейік.
1.Табақтағы су
2.Сабын
3.Орамал
4.Ақ бет қағаз
5.Спирт
6.Мақта
7.Отвертка
8.Қайшы
Жауабы: Алдымен тышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға жуып, орамалға сүртіп, ақ беттің бетіне әбден кепкенше қоямыз. Ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Тек содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолдануға болады.
V. Оратор
Білімдіден шығады алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең
Компьютердің зияны мен пайдасы туралы айтады.
VІ. Жорға.
Ең қиыны жарыстың жорға келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың келесі кезеңі- «Жорға»
A
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
Өшірілген файл қай папкада сақталады?( корзина)
Windows обьектілері (терезе және белгілер)
Кестені қалай құрамыз? (Таблица –добавить таблицу)
Енгізу құрылғысы (Пернетақта)
Ең ерте заманғы есептеу құрылғысы ( Абак)
Енгізуді аяқтау немесе ОК батырмасының қызметін атқаратын перне (ENTER)
Графиктік редактор бұл- ( PAINT)
Локальді дискінің белгісі (С:)
Бас әріптерді теру пернесі (CAPSLOCK)
Б.
Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
Компьютердің негізгі бөліктері (Монитор, пернетақта, жүйелік блок)
Word-қа суретті қалай кірістіреміз ( Всавка-рисунок-картинки)
Баспаға шығару құрылғысы (принтер)
ЭВМ-нің даму буыны нешеу? (5)
Екінші буынды ЭВМ-нің элементтер базасы (транзисторлар)
Дискжетек белгісі (А:)
Функционалдық пернелер (F1-F12)
Ұзақ уақытқа үлкен-кіші әріптерді ауыстыруға арналған перне (CAPSLOCK)
Енді сайысымызды қорытындылап, жүлдегерімізді анықтайық.Әділ қазылар сіздерге сөз береміз.
Жүлдегерге мақтау қағазы тапсырылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген