400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
№1 Ақпаратты өңдеу тәсілдері №2 Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері №3 Компьютер – әмбебап есептеуші машина №4 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 Ақпаратты өңдеу тәсілдері

А деңгейі

  1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск => Все программы => Стандартные => WordPad батырмаларын басыңдар (9-сурет).

  2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жогарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

  3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

В деңгейі

  1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск => Все программы => Стандартные => WordPad).

  2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

  3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

С деңгейі

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.































№2 Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

  1. Пуск => Компьютер батырмаларын таңдаңдар (12-сурет).

  2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар (13-сурет).

  3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар (14-сурет).

  4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.



В деңгейі

  1. А деңгейіндегі тапсырманы орындаңдар.

  2. Документы бумасын ашыңдар (15-сурет).

  3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.



С деңгейі

Сыныптарыңдардағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт молшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.



























№3 Компьютер – әмбебап есептеуші машина

А деңгейі

Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер.



В деңгейі

Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар ( «Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері» ).





С деңгейі

Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.



































№4 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы

А деңгейі

Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет екенін көрсетіңдер (тиісті бағанға «+» белгісін қойыңдар) (3-кесте).

Жағдай

Жүйелік ПЖ

Қосымша-

лар

Программалау жүйелері

1-нұсқа


Сәулетші жаңа тұрған үй кешенінің пішінін жобалайды















2-нұсқа

















3-нұсқа



















В деңгейі

Windows операциялық жүйесіндегі жұмыс.

  1. Жұмыс үстелінде орналасқан белгішелердің ретін өзгертіңдер.

Ол үшін экранның бос жерінде тышқанның оң батырмасымен қалқыма мәзірді шақырып, Вид бұйрығы үлгілерінің бірін таңдаңдар (39-сурет).

  1. Жұмыс үстеліндегі белгішелерді жасырыңдар.

  2. Белгішелерді қайта шығарыңдар.

  3. Жұмыс үстеліндегі белгішелерді тышқанның көмегімен жылжытыңдар.

  4. Белгішелерді бастапқы қалпына келтіріңдер.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
5346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі