400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс сабақтардың атқаратын ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс сабақтардың атқаратын ролі


Холшураева А.Ж,Шонгалова К.С

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Аркалық қаласы

Asem-96xk@mail.ru


Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығы кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

Сыныптан тыс жұмыс  - оқытушы  ұйымдастырған,  білім алушы тұлғасының әлеуметтенуіне қажетті шарттарды қамтамасыз ететін оқудан тыс уақыттағы білім алушы іс-әрекеттерінің әртүрлілігі.[1]

Сыныптан тыс жұмыс –  оқудан тыс уақытында өткізілетін, міндетті оқу бағдарламаларының шекарасынан асып кететін түрлі тәрбиелік-білімдік іс шаралар.Сыныптан тыс жұмыс түсінігі кең, әрі бірмәнді емес. Сыныптан тыс жұмыс  ұғымы өте кең.  Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, пәндік үйірме отырысы, сыныптан тыс оқу мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін  тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері:

  • информатика кеші;

  • ғылыми жұмыстар;

  • информатикадан викториналар;

  • іскерлік ойындар;

  • информатикадан диспуттар;

  • клубтық қызметтер;

  • байқау;

  • көрмелер;

  • үйірме;

  • сөзжұмбақтар құру;

  • олимпиадалар;

  • пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар;

  • танымжорықтар (саяхаттар, экскурсия);

Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету, кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технология ұсынатын мүмкіндіктер мен құралдардың әртүрлілігіне байланысты пәнаралық сипат алуы мүмкін. Компьютерлік әдістер информатикадан, физикадан, шет тілінен, географиядан  және тағы басқа арнайы пәндерден сыныптан тыс жұмыс кезінде сәтті қолданылады. Мұндай сыныптан тыс жұмыс түрлерінің  арналары  білім алушыларды түрлі қызығушылықтарды біріктіріп, басқа пән оқытушыларының ақпараттық технологияны толық деңгейінде қолданыла алмауына байланысты сыныптан тыс жұмысты информатика пән мұғалімдері жүргізеді.[2]

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың бағдарлама бойынша білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік біліктіліктерін  арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информатика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына арналған.

Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Cыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы білім алушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар білім алушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.  Сыныптан тыс жұмыстарда білім алушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.  Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда  білім алушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.  



Әдебиеттер:

  1. Халықова К.З. «Информатиканы оқыту әдістемесі»-Алматы, Білім, 2000ж.

  2. www.yandex.ru


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі