Информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ



XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

  • мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

  • компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта;

  • интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1. Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2. Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3. Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы.

Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның информатика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.

Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі - ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс - тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Көңілді тапқыштар», «Тапқыр достар» сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: «Word мәтіндік редакторында кесте құру» тақырыбындағы ашық сабақта ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың информатикалық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай информатикалық ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой- өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Қорытындылау кезінде тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

  • оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

  • шығармашылық қабілеттері артады.

  • жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

  • оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

  • компьютерлік сауатты болуға үйренеді.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі - оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, XXI ғасыр - информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі тандағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

Жаңашылдық - білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, білім алушыны заман талабына сай етіп дайындап шығару. Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой- өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы- қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану маңызды болмақ. Ақпараттық-коммуникациялық технологияға тоқталатын болсақ, комму-никация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс- әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу- тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан- жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. АКТ арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқытушы оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқада адами қасиетін қалыптастыруына игі әсерін тигізеді. Ақпараттық технология еңбексүйгіштікке үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ғылымның кез - келген саласын қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады. Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді. Сабақтарымызда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданудың негізгі мақсаты:

  1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу- тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:

  • сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

  • оқыту процесінің сапасын арттыру;

  • пәнаралық байланысты терендету;

  • қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

  1. Білім алушыны заман талабына сай жан - жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау:

  • коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

  • өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;

  • компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тындату арқылы эстетикалық тәрбие беру; пәнаралық байланыс орнату;

  • ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі:

  • жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;

  • оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;

  • аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;

  • білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;

  • шығармашылық жұмыстар жасайды;

  • қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;

  • интернетте жұмыс жасау арқылы оқытушы өз білімін жан-жақты жетілдіреді;

  • оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;

  • оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;

  • оқушылардың шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді; оқулықтантардан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Өз сабағымда күнделікті жаңа тақырыптарды АКТ- ның желілік түрін пайдалана отырып түсіндіремін.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты оқушының функционалдық суаттылығын арттыру - қазіргі кездегі білім беру саласының ең өзектілерінің бірі болып отыр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы — оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері. Ақпараттық технологияның мұғалімдерге берер мүмкіндіктерін атап өтер болсақ:

  • Мұғалім үздіксіз ізденісте болады;

  • Жеке тұлғаны қалыптастыруға деген жауапкершілік міндеті артады;

  • Сабақ барысын қызықты етіп өткізуге үлесін тигізетін инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады;

  • Интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін өткізуге машықтанады;

  • Өз сабағын жүйелі түрде түрлендіруге машықтанады.

  • Осы орайда оқушыға да берер мүмкіндігін ашып көрсетер болсақ:

  • Түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстык анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді және дамытады;

  • Өз бетінше онлайн тест тапсырмаларын орындай алады;

  • Тақырыптан қалып кеткен немесе түсінбеген жерлерін қосымша қайталап алуға мүмкіндігі бар;

  • Пәнге деген қызығушылығы мен үздіксіз ізденісі артады;

  • Ойлау, есте сақтау, пікір, сайыстық қабілеті дамиды;

  • Өз ойын сызба, сурет, кесіндеме, кесте, графиктік моделдер күйінде жеткізеді;

  • Түрлі бейнелік, сілтмелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

  • Тест тапсырмаларын түрлі деңгейде орындау арқылы өз білімін көрсете алады.

Ақпараттық технологияның информатика сабағында қолданудың әдіс- тәсілдері - информатика сабақтарында компьютерлік презентацияларды қолдану. Компьютерлік презентациялар - бұл ақпаратты ұсынудың заманауи технологиялары. Сабақта қолдану формасы мен орны сабақтың мазмұнына, сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты. Жаңа материалды зерделеу кезінде презентацияны қолдану оқу материалын суреттеуге мүмкіндік береді.

Оқу прсзентациясы сабақтың қысқаша мазмұны болуы мүмкін.

Мультимедиялық презентациялар-бұл компьютерлік бағдарламалар арқылы ақпаратты ұсынудың ыңғайлы және тиімді әдісі. Ол динамиканы, дыбысты және кескінді, баланың назарын ұзақ уақыт сақтайтын факторларды біріктіреді. Сондай-ақ, компьютерлік презентация мұғалімге максималды нәтижеге жету үшін сабақты өз бетінше құруға мүмкіндік береді. Оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану адам физиологиясының деректеріне негізделеді: жадыда 25% жарияланған материал, 33% көрген, 50% көрген және естіген, 75% материал, егер оқушы процеске белсенді қатысса. Ойлаудың визуалды-бейнелі компоненттері адам өмірінде өте маңызды рөл атқаратындықтан, оларды оқытуда қолдану өте тиімді. Менің ойымша, АКТ сабақта әртүрлі форматта қолданылуы мүмкін:

  • сабақта АКТ қолдану білімді бақылау үшін;

  • жаңа материалды зерделеу кезінде;

  • зерделенген материалды бекіту кезінде;

  • материалды қайталау кезінде.

Ақпараттық технологияларды қолдану білім беру процесінің барлық компоненттерінің ажырамас бірлігінде қарастырылуы керек:

  • АКТ-ны пайдалана отырып сабақтар құру;

  • оқушылардың шығармашылық жобалау жұмысы;

  • қашықтықтан оқыту, конкурстар;

  • кітапхана, интернет ресурстары;

  • элективті курстар;

  • оқушы тұлғасының қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық мониторингі;

  • педагогтармен шығармашылық өзара іс-қимыл жасау.

Информатика сабақтарын өткізу кезінде мен мультимедиялық презентацияларды қолданамын. Мұндай сабақтарда қол жетімділік, көрнекілік принциптері жүзеге асырылады. Сабақтар эстетикалық тартымдылығымен тиімді. Презентация сабағы қысқа мерзімде көбірек ақпарат пен тапсырмалар алуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік тестілеу оқушылардың білімін бақылау құралы ретінде. Мұғалімдер қолданатын бақылау нысандары өте алуан түрлі, информатика мұғалімі көбінесе жазбаша немесе ауызша сауалнамаларды қолданады. Заманауи мектепте тестілеу емтихандарды тапсырудың негізгі формасы болғандықтан, тестілеудің әртүрлі формаларының маңызы артып келеді. Оқу үрдісінде электронды басылымдарды пайдалану сабақты жеңілдетеді, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты жүзеге асыруда жеке, сараланған тәсілді қолдануға мүмкіндік береді және мұғалімге сабаққа дайындалуда айтарлықтай көмек көрсетеді. Интерактивті оқыту тапсырмалары оқушылардың ынтасын арттыруға және олардың оқытылатын материалға деген қызығушылығына оң әсер етеді. Компьютерлік тестілеу компьютерде тапсырмаларды орындауды ұнататын оқушыларды қызықтыруға мүмкіндік береді. Интерактивті оқыту тапсырмаларында компьютерлік модельдер пайдаланылады, нақты объектілердің фотосуреттері мен кескіндері көрсетіледі. Сондай-ақ, компьютерлік тесттерді қолдану бізге ең аз уақыт жұмсай отырып, барлық оқушыларды тексеруге мүмкіндік береді! Бұл артықшылықтардың бірі. Қазіргі уақытта компьютерлік тесттерді құруға арналған көптеген әртүрлі бағдарламалар бар:

Жоғарыда аталған барлық тест құраушы бағдарламалар бір-бірінен тек атымен ғана емес, сонымен қатар атқаратын қызметімен де ерекшеленеді. Кейбіреулерінде тестті қолдануға болады, басқаларында графиканы, бейнені және дыбысты орнатуға болады, сонымен қатар кейбір тест құраушы бағдарламаларда тапсырмалар тек жабық типті, ал басқаларында жабық және ашық типті болуы мүмкін. Сондай-ақ, электронды тестілеудің тағы бір артықшылығы - тест соңында қателеріңіз бен дұрыс жауаптарыңызды, дұрыс және бұрыс жауаптар санын, ең бастысы - тестке баға қоюға мүмкіндік бар.



Информатика сабағында компьютерлік бағдарламаларды қолдану

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында білім саласындада инновациялық технологияның алар орны ерекше. Бүгінгі күні бұл технология үлкен өзектілікке ие десекте болады. Инновациялық іс-әрекет дегеніміз-мұғалімнің жаңашыл әдіс- тәсілдерді оқу - тәрбие үрдісіне өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз.

Инновациялық технологияның мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Инновациялық технологияның түрі өте көп. Оларды сабақ үрдісінде тиімді және ұтымды қолдану ұстаздың шеберлігіне, білімділігінне тікелей байланысты. Аталған технология түрін сабақ процесінде қоддану оқушының шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына, теория жүзінде алған білімін практикада немесе күнделікті өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Қазіргі инновациялық технологиялар деп келесілерді атасақ болады: ойын технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, деңгейлік саралау технологияс, интерактивті оқыту, оза оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы. Сабақ барысын ұйымдастыруда аталған технология түрлерін қамтып құрастыруға тырысамын. Қазіргі заман ақпараттық технологияның қарыштап даму заманы болғандықтан, оқытудың ақпараттық технологиясын сабақ үрдісінде қолдану өте тиімді және жаңашыл. Технологияны сабақ барысында қолдану кезіндегі мақсат: оқушыны ақпараттық қоғамға даярлау. Аталған технология негізінде сабағымызға көрнекілік ретінде интерактивті құралдардың бірнеше түрін кірістіруімізге болады. Информатика сабағына ең қажеттісі ол тақта, https://jamboard.google.com/ Сондықтан Jamboard интерактивті тақтасын кез-келген уақытта қолдануымызға болады. Тақтаның мүмкіншілігі орасан зор. Нұсқауыштардың көмегі арқылы жаңа сабағымызды түсіндіруге және есепті шығаруға мүмкіндігіміз бар. Одан да басқа интерактивті тапсырмаларды құрауға арналған бірнеше платформаларды қолдануға болады, заман ағымына қарай видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүнетанымы кеңейтеді. Ақпараттық - технологияларды сабақ үстінде пайдалану арқылы сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру; сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау жұмыстары жүзеге асады. Білім беру саласын жетілдіру мақсатында инновациялық технологияларды оқу үрдісінде жиі қолдану қажеттігі, информатиканы оқыту үдерісінде қазіргі заманауи инновациялық техникаларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, оқу - ақпараттық, зерттеу-тәжірибелік әрекеттерін дамытуға болатындығы, олардың оқытушыға және оқушы үшін берер пайдасы бар екендігін айтамыз.

https://learningapps.org/ интерактивті оқыту; интерактивті модульдердің көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдау; модульдерді жылдам құру және өзгертуге ие; тапсырмалар базасын құру, қолжетімді ету; онлайн сабақ кезінде де қолдануға мүмкіндік бар, жаппай қолдану тегін.

https://wordwall.net/ сайтта арқылы ұсынған шаблондар негізінде тапсырмалар құра аласыз. Сайтта орналасқан шаблондармен тапсырма құру ғана емес, сонымен қатар топқа бөлуді, түрлі ойын, анаграмма, жұбын табу, фикториналық сұрақтар т.б. құрастыруға болады.

https://www.liveworksheets.com/. https://worksheets.ru/ аталған екі сайтта бұрынғыдай тапсырмаларды ақ параққа немесе дәптерге орындатып оны тексеріп жүрмей, кез-келген тапсырмаңызды сайтқа салып электронды түрде орындалатын тапсырмаға айналдыра аласыз және нәтижесән сол уақытта көріп, қай оқушының тапсырманы дұрыс немесе бұрыс жасағандығын, қанша қате жібергенін барлық ақпаратпен таныс бола аласыз.

https://www.learnis.ru/ бұл сайт арқылы сабақ барысының түгелдей жүрісін осы ойын ақылы өткізуге болады. Ойын балалар үшін өте қызыты. Оқушылар тапсырманы белсенділікпен орындайды. Ойын барысында сайтқа кіру арқылы әр түрлі бөлмелер суреті болады және ішіне салынатын тапсырмалар саны көрсетіліп тұрады. Бөлмелер үш түспен беріледі: жасыл, сары, қызыл, яғни бұл түстер тапсырмаларды табу деңгейін көрсетед, оңай, орташа, қиын деген сияқты.

https://okulyk.kz/ бұл сайтты айтпасада түсінікті деп ойлаймын. Кез-келген уақытта кітап болмаған жағдайда аталған сайтқа кіріп барлық сыныптың барлық оқулықтарын таба аламыз.

https://kahoot.com/, https://www.plickers.com/ екі сайтта оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында қолдануға болады, яғни тест тапсырмаларын беру арқылы оқушының жаңа тақырыпты қаншалықты дәрежеде игергендігімен таныс бола аламыз. Тест даындау барысында, біріншісіне ұялы телефон немесе сыныпта компьютер болған жағдайда соны пайдалана аламыз, екінші тест түрін ұйымдастыруда окушы қолына жан - жағында төрт әріппен көрсетілген карточка ұсынылады. Яғни көрсетілген сұрақтың А жауабы дұрыс болған уақытта, оқушы карточканың А жағын жоғары көтереді. Мұғалім qr-code скрин жасау оқушының берген жауабымен таныс болады. Бағалау парағы. Оқушылар үшін бағалау парағын жай ғана ақ парақпен ұсынғаннан, оқушылардың пәнге және пәнді оқуға деген ынтасын ояту мақсатында информатика пәнінен бағдарламаларды пайдалана отырып бағалау парағын дайындау әлдеқайда қызықты жол деп есептеймін. Оқушыларға тақырып түсіндірілген кезде немесе сабақ түсіндіру барысында күнделікті өмірмен байланыс сақталуы керек. Python программасына қатысты тақырып өтілген уақытта оқушыларға әлеуметтік желідегі өз фотосуреттерімен, өзі туралы мәліметтер жазылды және әр дұрыс жауапқа суретіне бір лүпіл жинап отырды. Бұл бағалау парағы оқушылардың қызығушылығын тудырды. Мектепте мұғалімдер әдетте өз сабақтарында туындайтын проблемаларға көңіл бөліп, белсенді түрде оларды шешуге тырысады. Мұғалім өз тәжірибесін өз-герту үшін қызу жұмысқа кірісіп, сонымен қатар жүйелі түрде бұл өзгерістер ықпалының дәлелдемелерін жинаса, ол мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу үдерісіне тереңдей бастағаны. Бұлтәсіл білім беру және басқа да ал-уан түрлі салаларда қолданылатындықтан, іс-әрекеттегі зерттеудің көптеген түсініктемелері бар. Бірақ барлық жағдайларда көңіл түбінде бір ықылас-ниет тұрады, ол - мұғалімнің ойына алған проблемаға жауап ретінде тәжіри-бені өзгертуі. Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойла-нудың күшін көрсете алады. Мұғалім кәсібінің табыстылығының құпиясы - үздіксіз өсу және білім алуда. Мұғалімдер үшін іс- әрекеттегі зерттеудің прак-тикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің арқасында балалар оқу материалын жақсы меңгере бастады, пәнге деген қызығушылықтары артты. Уақытты үнемдеу арқылы үй тапсырмасының көлемі азайды. АКТ-ны оқу үдерісіне енгізу оқушылардың оқуға деген танымдық қызығушылығын дамытады, осы пәнді оқуға ынталы болуына жағдай жасайды, оқу мен өздігінен білім алудың тиімділігін арттыруға, сонымен қатар білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Менің жинақтаған тәжірибем, ішінара осы жұмыста көрініс тапты, ақпараттық технологияларды сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда қолдану мұғалімнің де, оқушылардың да шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтетінін, пәнге деген қызығушылығын арттыратынын, білім алушылардың айтарлықтай маңызды тақырыптарды игеруіне ынталандыратынын көрсетеді. Оқушылардың пәнді жақсы игеуінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра алуынан басталады. Информатика пәнін дәстүрлі сабақ өткізу мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арасындағы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы қандай болғанын көре аласыздар. Қандай жағдай болмасын ол нәрсені қабылдауы үшін сол дүниеге деген қандай да бір қызығушылығы болуы керек, егер болмаған жағдайда оқушының ақпаратты қабылдай білуі де төмен болады деп ойлаймын. Нәтижеден көрініп түрғандай, мектеп пәндерін оқыту кезінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы арасындасы қарым-қатынас жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялық және эмоционалдық тұрғысынан сезімінің өсуіне әсер етеміз. Бұл нәтиже кепілі екені сөзсіз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі