ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

«Инновациялық» деген сөз - латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. XXI ғасыр - ақыл-ойдың дәуірі, ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бұл кезендегі әрбір елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының кілті - білімді де білікті маманның қолында. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін көрсетеді. Ақпараттық технология - экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгерілеуінің» белгісі. Қазіргі заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация тағы басқа салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалім ретінде қабылдау теріс көзқарас. Мұғалім – ол қоғам айнасы. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жана инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және тағы басқа, тіркестермен тығыз байланысты. Оқытудың компьютерлік технологиясы - оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Мен өзімнің тәжірибемде:
-
дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар);
-
компьютерлік (презентация, дисктер, мультимедия құралдар);
-
интернет - технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e-mail - ақпарат алмасу құралы ретінде, тағы басқа) жиі пайдаланамын.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
-
үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;
-
коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;
-
сараптамалық - зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;
-
оқу қызметі мәдениетін дамыту;
-
оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Білім беруді ақпараттандыру - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушының оқу - танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісінде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым — қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс - әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты білім беру жүйесінде мұғалім - оқушы — оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалім - оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде білім беру оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Оқу процесінде қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі ретінде тағайындау облысы болатын жол құрылымдық элементтері болып табылады. Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - жаңа технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:
-
оқып меңгеру;
-
тәжірибеде қолдану;
-
шығармашылық бағытта дамыту;
-
нәтиже.
Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкіндіктерінің оннан бірін де пайдалана алмай отырмыз. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым - оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы.
Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір талап десек те болады, ол - ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікке еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс - әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі.
Дамыта оқытуда білім алушының ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Үшіншіден, қазіргі тандағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі - желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу. Бұл технологияның ерекшелігі - оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін - өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс - әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет - ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау - оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. Инновациялық технология - білім сапасын арттыру кепілі.
Информатиканы оқытудағы инновациялық технологиялар оқушыларға күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды жақсырақ түсінуге және пайдалануға көмектесетін құралдар мен әдістердің кең ауқымы болып табылады. Барлығына мәлім қазіргі таңда ақпараттық технологиялар барша әлемді сонымен қоса біздің өмірімізді де түбегейлі өзгертуде. Сан алуан салалар ақпараттық технологияларға тәуелді десек қателеспейміз. Соның ішінде білім саласы да жаңа технологияларды қажет етеді. Бүгінгі таңда информатиканы оқытуда оқу процесін қызықты және тиімді тәжірибеге айналдыруға көмектесетін инновациялық технологиялар көбірек қолданылуда. Алайда, осы технологияларды пайдалану кезінде ескеретін жайт оның перспективалары және қиындықтары. Информатиканы оқытудағы инновациялық технологиялар оқушыларға күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды жақсырақ түсінуге және пайдалануға көмектесетін құралдар мен әдістердің кең ауқымы болып табылады. Технологияның қарқынды дамуы оқытудың ескі әдістерін қолдануды кері қарай шегереді, бұл жаңа тәсіл мен инновациялық технологияны қажет етеді. Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану перспективалары өте жоғары. Олар оқу процесін тиімді және қызықты өтуге ғана емес, сонымен қатар біздің өміріміз бен экономикамызда маңызды ақпараттық технологиялар саласында оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді. Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың басты артықшылықтарының бірі оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттыру болып табылады. Ойындар, виртуалды зертханалар және басқа да заманауи технологиялар оқу процесін қызықты етуге көмектеседі, бұл материалды жақсы игеруге ықпал етеді. Информатиканы оқытудағы инновациялық технологиялар - білім беруді дамытудың перспективалы саласы оқушыларға сапалы және қызықты білім алуға, ал оқытушыларға оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудағы перспективалары келесідей:
-
Белсенді оқыту: инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын ынталандырады. Ойындарды, геймификацияны және басқа интерактивті форматтарды пайдалану оқушыларға үйренуге ғана емес, сонымен қатар процестен рахат алуға мүмкіндік береді.
-
Үздіксіз оқыту: заманауи технологиялар мен әдістер оқушыларға тәулік бойы және кез келген құрылғыда білім алуға мүмкіндік береді. Бұл білімнің қолжетімділігін арттырады және оқушыларға кез келген уақытта және кез келген жерде оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
-
Құзыреттілікті дамыту: инновациялық технологияларды қолдану қазіргі әлемде табысты жұмыс істеу үшін қажетті білімді ғана емес, құзыреттілікті де дамытуға мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық дағдылар, коммуникативті қабілеттер және т.б. сияқты құзыреттер қазіргі қоғамда сұранысқа ие болып келеді.
-
Ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту: инновациялық технологияларды қолдану оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын нақты жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Бұл инновациялық экономиканы дамыту үшін қажет ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға мүмкіндік береді.
-
Заманауи технологияларды қолдану дағдыларын дамыту: информатиканы оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдану оқушыларға заманауи бағдарламалық жасақгамамен, құрылғылармен және желілермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
-
Ақпарат алмасуды жеңілдету: заманауи технологияларды пайдалану оқушылар мен оқытушылар арасында ақпарат алмасуды жеңілдетеді, бұлттық технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдалану бұл оқу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды қолдану мұғалімдерге оқуды жеке және тиімді етуге мүмкіндік береді. Технологияның көмегімен материалдарды әр оқушының деңгейіне бейімдеуге және жеке тапсырмалар жасауға мүмкіншілік береді.
Қиындықтары: Білім берудегі кез-келген жаңа бағыт сияқты, информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану да жаңа технологияларды енгізу кезінде бірқатар қиындықтарға тап болады. Негізгі қиындықтардың бірі мұғалімдердің жеткіліксіз дайындығы. Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды тиімді пайдалану үшін мұғалімдер заманауи технологиялар саласында жеткілікті білім мен дағдыларға ие болуы керек. Алайда, барлық мұғалімдер мұндай оқу деңгейіне дайын емес. Өз сыныптарында жаңа технологияларды қолдануды жоспарлап отырған мұғалімдерді тиісті даярлау және оқыту қажет.
Екінші қиындығы технологияның қол жетімділігінің төмендігімен байланысты. Барлық оқу орындарында информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды енгізу үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жоқ. Бұл әртүрлі мектептер мен аймақтарда біркелкі емес оқытуға әкелуі мүмкін.
Үшінші сын-қатер инновациялық технологиялардың ерекшелігін ескеретін жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу қажеттілігінен тұрады. Сондай-ақ, жаңа технологияларды қолдану білімді және оқушылардың үлгерімін бағалау тәсілдерін өзгертуді қажет етуі мүмкін екенін ескеру қажет.
Төртінші қиындық оқушылардың оқу стиліндегі айырмашьшықтарды ескеру қажеттілігі. Кейбір оқушыларға материалды визуалды мысалдар арқылы, ал басқаларына аудио немесе мәтіндік материалдар арқылы қабылдау оңайырақ. Оқушылардың оқу стиліндегі айырмашылықтарды ескеру үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану қажет. Бұл қиындықтардың барлығы мұғалімдердің, оқу орындарының әкімшілігінің және бағдарламалық жасақтама жасаушьшардың қосымша күш-жігерін қажет етеді. Алайда, егер бұл қиындықтар ескерілсе, инновациялық технологияларды қолдану информатиканы оқыту процесін едәуір жақсарта алады, бұл оны барлық оқушылар үшін қызықты, тиімді және қол жетімді етеді.
Қорытындылай келе, информатиканы оқытудағы инновациялық технологиялар оқу процесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер береді деп айтуға болады. Алайда, осы технологияларды қолданған кезде барлық оқушылар үшін тиімді және қол жетімді білім беру ортасын құру үшін олардың артықшылықтары мен қателіктерін ескерген жөн.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану

шағым қалдыра аласыз