400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Информатика пәнінен бастауыш сыныпқа арналған «Сиқырлы арал» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен бастауыш сыныпқа арналған «Сиқырлы арал» сайысы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұсынылып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Информатика пәнінен бастауыш сыныпқа арналған

«Сиқырлы арал» сайысы

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, қымбатты балалар!

Заман талабына сай әрбір адам комьтердің қыр- сырын білгенге не жетсін! Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай дыбыс хат жолдапты(алдын-ала «Звукозапись» бағдарламасында жазылған дыбыстық файл іске осылады):

«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,

Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!

Мен жер шарын аралап жүріп «Компландия» деген елге бардым,сол жерде бір зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық!»

Мұғалім: Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.

1.     ПЕРНЕТАҚТА(перне, тақта, пер, ақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер....)

2.     БАҒДАРЛАМА(бағдар, лама, рама,баға, марал, ара, дара, амал....)

Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай,осы аралдың тау- тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп көрелік!

Таулардың тапсырмасы:Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі. Жұмбақтың шешімін тауып, оның суретін «Ресурстар кіттапханасынан» тауып алып, жанына сурет атын пернетақтаның көмегімен жазулары керек.

1.     Түнде ұйықтамай тышқан күзетеді(мысық)

2.     Қанша ақса да бітпейді, арнасынан асып кетпейді(өзен)

3.     Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап инесін(кірпі)

4.     Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды(балық)

5.     Ішіне тамақ салынған, есігі тастай жабылған(жұмыртқа)

6.     Ақ түсті, қар емес, дәмі тәтті, бал емес(қант)

Көлдің тапсырмасы: екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады?

1.     Дискіні оқитын құрылғы

2.     Алғашқы шоттың грекше аты

3.     Ақпараттың өлшем бірлігі

4.     Шығару құрылғысы

5.     Сызбаның орысшасы

6.     Іс- әрекеттің орындалу тәртібі

 Тастардың тапсырмасы: ребусты шешу.

  Құстардың тапсырмасы:

1.Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша: монитор, принтер, сканер, микрофон, дыбыстауыштар, дискеттер.

2. Енгiзу құрылғысын дөңгелектеп қорша: пернетақта, микрофон, дискеттер.

3.Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады, пернетақта, микрофон, қатқыл диск.

4. Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетiне басып шығарады, астын сыз: принтер, монитор, флэш- карта.

 Аңдардың тапсырмасы: Топ басшыларына сұрақтар:

1.     Компьютердің миы(процессор)

2.     Ақпараттың ең кіші өлшемі(бит)

3.     Бас әріптерді жазу пернесі(Caps Lock)

4.     Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы(принтер)

5.     Ақпаратты экранда бейнелейдi(сканер)

6.     Ақпараттық үрдістерді ата(алу, өңдеу, беру, сақтау)

7.     Информатика пәні нені зерттейді(ақпараттық үрдістерді)

Алдар: Ал, балалар, осы сайыста жеңген топ зерттелмеген аралға ат беру құқығын жеңіп алды, саяхат өте қызықты өтті, мен жаңа аралдар ашуға аттанамын, сау саламатта болыңдар!

Мұғалім: Сайысымыз аяқталды, баршаңа рахмет! Хош сау болындар!

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі