жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Информатика пәнінен жиынтық бағалау спецификациясы
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН
7-СЫНЫПТАР ҮШІН
ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған оқушылар үшін)
МАЗМҰНЫ
1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 4
6. Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу 5
Кіріспе
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес үш немесе одан да көп пәндерден жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.
Бір немесе екі пәннен жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар үшін оқу жылы аяқталған соң өткізілетін мектеп құрастырған кестеге сәйкес оқу жылына арналған жиынтық бағалау ұйымдастырылады.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қосымша жиынтық бағалауды қайта тапсырады. Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылы басталғанға дейін өткізіледі.
Білім беру ұйымдарында оқу жылына арналған жиынтық бағалау мен қосымша жиынтық бағалау осы спецификацияға сәйкес өткізіледі.
Оқушы қосымша жиынтық бағалаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, қайта оқу жылына қалдырылады.
1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау пән бойынша білім алушылардың күтілетін нәтижеге жеткенін көрсете алуына қосымша мүмкіндік беру және оқуды жалғастыру үшін қанағаттанарлық баға алу мақсатында өткізіледі.
2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
-ақпаратты өлшеу бірліктерін;
- компьютерлік желілердің жіктелуін;
- берілгендер типінің жіктелуін;
- моделдеу ортасының негізгі модификаторлары мен элементтерін.
Түсіну:
- компьютерлік жады түрлерінің қызметін (ЖЕСҚ, ТЕСҚ, СЕСҚ, кеш-жады);
- нақты әлем нысандарын моделдеу.
Қолдану:
- ақпаратты бір өлшем бірлік түрінен басқа түріне аудару дағдысын;
- бағдарламалау тілінде алгоритм жазу дағдысын;
- кіріктірілген бағдарламалау ортасында сызықтық және тармақталған алгоритмдерді жазу дағдысын;
- моделдеу ортасында нысандарды құруға арналған құралдарды;
- 3D моделді құру үшін примитивтер мен модификаторларды.
Талдайды:
- бірдей ақпаратты сақтаған түрлі форматтағы файлдар өлшемін;
- 3D-редакторларда нысан моделдерін;
- модель құру кезіндегі примитивтерді.
Синтездеу:
- тармақталған, сызықтық алгоритм түрінде көрсетілетін ақпаратты;
- есепті шешу реттілігін;
- алгоритмді жазу түрін таңдау.
Бағалау:
- енгізу және шығару берілгендерін анықтау және тестілеу арқылы есепті шешу нәтижелерін;
- компьютерлік моделдің нақты нысанға сәйкестігін.
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Жиынтық бағалау барлық еске түсіруге мүмкіндік беретін көрнекі құралдары: диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталары жабылған оқу кабинетінде өткізіледі.
Жиынтық бағалау басталар алдында білім алушыларға жиынтық бағалауды өткізу ережесі мен жұмысты орындау уақыты хабарланады. Білім алушылардың жұмысты орындау кезінде бір-бірімен сөйлесуіне болмайды. Білім алушылар жұмысты орындауға кіріспес бұрын ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтарды қоюға құқылы.
Білім алушылар өз бетінше жұмыс жасауы қажет және бір-біріне көмектесуге құқығы жоқ. Жиынтық бағалауды өткізу кезінде білім алушыларда көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздік немесе анықтамалық әдебиеттер (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) болмауы тиіс.
Жауаптар ұқыпты жазылғаны дұрыс. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң білім алушылардан жұмысты тоқтатып, өздерінің қаламдарын/қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну қажет.
5. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың балдары балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
ЖБ балдары |
Балдардың % пайыздық мазмұны |
Баға |
0-7 |
0-39 |
қанағаттанарлықсыз - "2" |
8-12 |
40-64 |
қанағаттанарлық - "3" |
13-16 |
65-84 |
жақсы - "4" |
17-20 |
85-100 |
өте жақсы - "5" |
Қорытынды баға оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағалары мен жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
Жылдық баға |
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы* |
Қорытынды баға |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
2 |
4 |
3 |
2 |
5 |
4 |
Ескерту: * Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы қағаз журналдың «Емтихан бағасы» бағанына қойылады.
6. Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 20 балл
Тапсырма түрлері:
КТТ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖТ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖТ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Аталған нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда оқушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар санмен, сөзбен немесе қысқа сөйлеммен жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар максималды балл алу үшін тапсырманы орындау кезінде әрекеттердің барлық реттілігін көрсетуі қажет. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұрады.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім |
Тексерілетін мақсаттар |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Тапсыр малар саны* |
Тапсыр ма № * |
Тапсыр ма түрі* |
Оындау уақыты, мин* |
Балл* |
Бөлім бойынша балл |
Ақпаратты өлшеу және компьютер жадысы
|
7.2.1.1 Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту
|
Білу және түсіну |
1 |
1 |
ҚЖ |
8 |
4 |
4 |
7.1.1.1 Компьютердің жады түрлерінің қызметін (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш - жады) сипаттау |
Білу және түсіну |
1 |
2 |
ТЖ |
6 |
3 |
3 |
|
Желілер және қауіпсіздік |
7.1.3.1 Компьютерлік желілерді топтастыру |
Білу және түсіну |
1 |
3 |
ҚЖ |
4 |
2 |
2 |
Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу |
7.2.2.2 Электронды кесте элементтерін пішімдеу |
Қолдану |
1 |
4 |
ҚЖ |
8 |
4 |
4 |
Шешімдерді программалау |
7.3.2.1 Алгоритмді программалау тілінде жазу |
Қолдану |
1 |
5 |
ТЖ |
6 |
3 |
3 |
Нысандар мен оқиғаларды модельдеу |
7.3.1.1 Нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру |
Қолдану |
2 |
6,7 |
ҚЖ |
8 |
4 |
4 |
Барлығы: |
|
|
7 |
|
|
40 |
20 |
20 |
Ескерту: * Өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер |
||||||||
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері
Жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Төмендегі өлшем бірліктерді <,>, = белгілері арқылы салыстырыңыз.
А саны |
Жауабы |
Б саны |
40 Бит |
|
5 Байт |
2072 КБ |
|
3 МБ |
4 ГБ |
|
4000 МБ |
1 ТБ |
|
7000 Гб |
[4]
2. Кестені толтырыңыз.
№ |
Құрылғы |
Қызметі |
1 |
Қатты диск |
|
2 |
Процессор |
|
3 |
Флеш-карта |
|
[3]
3. Суретті қарастырыңыз.
(i) Сөйлемді толықтырыңыз.
Суретте_______________________________________________________________________
___________________________________________________________ топологиясы көрсетілген.
[1]
(ii) Төменде берілген топология түрінен деректерді беру арнасын анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________
[1]
4. Берілген кестедегі мәтінді пішімдеу әдістерін көрсетіңіз.
2
1
Ж |
Ж |
||
1 |
2 разряд |
3 разряд |
|
3 |
20% |
70% |
10% |
Гимнастика |
10% |
40% |
5% |
Секіру |
5% |
4 |
15% |
____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
[4]
5. Екі сан берілген. Сандардың қосындысын және көбейтіндісін анықтайтын бағдарламалық код жазыңыз.
[3]
6. Келесі фигураларды қарастырыңыз.
|
|
|
1 |
2 |
3 |
Фигураларды салуға қолданылған құралдарды анықтаңыз.
1. ____________________________________________________________________
2. ____________________________________________________________________
3. ____________________________________________________________________
[3]
7. Фигураны салудың дұрыс ретін анықтаңыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
Балл қою кестесі
Сұрақ |
Жауабы |
Балл |
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||
1 |
|
4 |
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
|
|||||||||||||||
2 |
|
3 |
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
|
|||||||||||||||
3 |
а) Суретте барлық жұмыс станцияларын бір кабель арқылы байланыстыратын «Шина» тәрізді топологиясы көрсетілген. б) свитч немесе желілік коммутатор |
2 |
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
|
|||||||||||||||
4 |
Жартылай қою Курсив, сол жақ шеті бойынша Орта бойынша Астын сызу |
4 |
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
|
|||||||||||||||
5 |
Program z1; Var a,b,P:integer; S: real; Writeln (‘введите а:’); Readln (a); Writeln (‘введите b:’); Readln (b); P:=a+b; S:=a*b; Writeln (‘s=’,s); Writeln (‘p=’,p); Readln (s,p); |
3 |
Деректерді енгізуді көрсетсе 1 балл Формуланы дұрыс көрсетсе 1 балл Нәтижені шығаруды көрсетсе 1 балл |
|||||||||||||||
6 |
Фигуры Вдавить/Вытянуть Линия |
3 |
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
|
|||||||||||||||
7 |
|
1 |
|
арыс
түрі
арыс
нәтижесі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген