400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика пәнінен коучинг сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг ретінде мұғалімдер өздерінің жұмыстарының жауапкершілігінің үлкен екенін сезінуге бағытталған. Оқушылардың қажеттілігін толық түсінсе, әр оқушымен жеке қарым қатынас жасаса сыныптағы барлық оқушылардың сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз етуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:

Қатысқандар:

Коучинг-сабақ тақырыбы:

Сыныпта белсенді оқытуды ұйымдастыруда АКТ – ны пайдалану

Мақсаты:

Сабақ барысында АКТ - ны тиімді пайдалану тәсілдерін үйрену

Белсенді оқытуды ұйымдастыруда АКТ-ны пайдалану тәсілдерін түсіндіру

Күтілетін нәтижелер:

  • АКТ – ны сабақта тиімді пайдаланады

  • АКТ- сабақтың қай кезеңінде қолданылуын алдын – ала жоспарлайды

  • АКТ – ның қандай мақсатта қолданатынын біледі

Оқыту кезеңі

60 - мин

Коучинг-сабақта орындалатын тапсырмалар, әдістер, жұмыс түрлері

Коучқа арналған ескертпелер

Ресурстар

Кіріспе

6 мин

«Ең жақсы мұғалім» видеоролик көрсету



Видеоролик

Мағынаны тану

Миға шабул

5 мин

Коучинг - сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын

Коучинг қатысушыларына тақырыпты ашу үшін сұрақтар қою:

  • АКТ – ны сабағыңызда қаншалықты жиі пайдаланасыз?

  • АКТ-ны сабақта қандай мақсатта пайдаланасыз?

Тапсырманың мақсаты: Мұғалімдердің сабақта АКТ-ны қаншалықты жиі пайдаланатындығын, қандай мақсатта пайдаланатындығын анықтау

Әріптестердің ойлануына уақыт беру, жауаптарын тыңдау


Негізгі кезең

Жеке жұмыс

10 мин

АКТ – ны сабақтың қай кезеңдерінде пайдаланасыз? –деген сұраққа әр мұғалімге толық негіздемесі мен тиімді жақтарын сыйпаттап жазғызамын.


Мұғалімдердің қолдарына парақ таратып беремін. Мұғалімдер қандай кезеңдерде пайдаланатынын жазып шығады.


Берген жауаптарына кері байланыс беру

А4 парағы

10 мин

АКТ – ны білу, түсіну кезеңінде қолдану

Тапсырма: 1-топқа. Тыңдалым тапсырмаларында АКТ-ны қолдануға тапсырмалар әзірлетемін.

2-топқа. Формуланы түсіндіру үшін АКТ-ны қолдануға тапсырмалар дайындатамын.

Дайындап болған соң өзара бағалау жүргіземін.


Электронды түрде орындайды


Мұғалімдер тыңдалым мен формуланы түсіндіруде АКТ-ны қолдануға тапсырмалар дайындай алады.

ноутбук

10 мин

АКТ – ны қолдану, талдау кезеңінде қолдану:

Видео ролик беремін, талдатамын


Мәтінді талдау үшін АКТ-ны қолданады

Видео ролик

10 мин

АКТ – ны бағалау кезеңінде қолдану

АКТ-ны қолданып бағалау тапсырмаларын құрғызамын.



Бағалаудың түрлерін АКТ-ның көмегімен ұйымдастыра алады

Ноутбук

Рефлексия

Кері байланыс





Коучинг сабақ есебі

Мектептегі коучинг мәдениеті мектептегі педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби дарындарын, жеке қабілеттері мен таланттарын дамытуға және мектептегі білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін мағызды әдіс ретінде қарастырылады. (МАН 103б). Өз мектебімдегі жаратылыстану бағытындағы әдістемелік бірлестіктегі әріптестеріме қажетті дағдылармен болашаққа деген көзқарасын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коучинг көмектеседі деген ойдамын, «Сыныпта белсенді оқытуды ұйымдастыруда АКТ – ны пайдалану» тақырыбына жоспарлап отырмын. Бұл тақырыпты алу себебім мектепте мұғалімдер АКТ-ны қаншалықты тиімді пайдаланып жүр? АКТ-ны қандай мақсаттарда пайдаланады?-деген сұрақтар туындауынан. АКТ сабақты тиімді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Мақсатым сабақ барысында АКТ - ны тиімді пайдалану тәсілдерін үйрену. Белсенді оқытуды ұйымдастыруда АКТ-ны пайдалану жолдарына тапсырма әзірлеу. Бұдан күтетін нәтижем АКТ – ны сабақта тиімді пайдаланады, АКТ- сабақтың қай кезеңінде қолданылуын алдын–ала жоспарлайды, АКТ – ның қандай мақсатта қолданатынын біледі.

Коучинг сабағын «Ең жақсы мұғалім» тақырыбында видеоролик көрсетуден бастаймын. Бұл тренинг ретінде мұғалімдер өздерінің жұмыстарының жауапкершілігінің үлкен екенін сезінуге бағытталған. Оқушылардың қажеттілігін толық түсінсе, әр оқушымен жеке қарым қатынас жасаса сыныптағы барлық оқушылардың сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз етуге болады.

Негізгі бөлімді бастау үшін коучингтің тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын. Күтілетін нәтижелерді түсіндіремін. Коучинг қатысушыларына тақырыпты ашу үшін проблемалық сұрақтар қоямын:

  • АКТ – ны сабағыңызда қаншалықты жиі пайдаланасыз?

  • АКТ-ны сабақта қандай мақсатта пайдаланасыз?

Тапсырманың мақсаты: Мұғалімдердің сабақта АКТ-ны қаншалықты жиі пайдаланатындығын, қандай мақсатта пайдаланатындығын анықтау. Әріптестердің ойлануына уақыт беріп, жауаптарын тыңдаймын да мұғалімдердің АКТ ресурстарын сабақтың қай кезеңдерінде жиі қоланатынын анықтау мақсатында «АКТ – ны сабақтың қай кезеңдерінде пайдаланасыз?» –деген сұраққа әр мұғалімге толық негіздемесі мен тиімді жақтарын сыйпаттап жазғызамын. Мұғалімдердің қолдарына парақ таратып беремін. Мұғалімдер қандай кезеңдерде пайдаланатынын жазып шығады. Берген жауаптарына кері байланысты ауызша беремін.

Келесі кезеңде АКТ ресурстарын оқушыларға сабақты түсіндіру үшін пайдалану тапсырмаларын мұғалімдерге әзірлетемін. Мәселен Тапсырма: 1-топқа. Тыңдалым тапсырмаларында АКТ-ны қолдануға тапсырмалар әзірлетемін. 2-топқа. Формуланы түсіндіру үшін АКТ-ны қолдануға тапсырмалар дайындатамын. Дайындап болған соң өзара бағалау жүргіземін. Бұдан күтілетін нәтиже мұғалімдер тыңдалым мен формуланы түсіндіруде АКТ-ны қолдануға тапсырмалар дайындай алады және оқушыларға ұсынады. Мәтінді талдау үшін АКТ-ны қолдану тапсырмаларын ұйымдастыру үшін мұғалімдерге модельдеу ұсынамын. Бейнероликтен проблемалық ролик көрсетіп, мұғалімдерге талдатамын. Бұл тапсырмадан күтілетін нәтиже мұғалімдер АКТ-ны өз сабақтары барысында тапсырманы білу, түсіну мақсатында ғана емес тапсырманы талдата отырып оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуды, өз ойларын ашық жеткізуді үйренеді.

АКТ – ны бағалау кезеңінде қолдану, АКТ-ны қолданып бағалау тапсырмаларын құрғызамын. Оқушыларды бағалау үшін АКТ ны қолдану жолдарын қарастырамыз. Бұл тапсырмадан күтілетін нәтиже мұғалімдер сабақтарында АКТ-ны бағалау кезеңінде тиімді қолдануды үйренеді.

Рефлексияға нақты «АКТ ресурстарын белсенді оқыту үшін қолдану жолдарын жазып, тұжырымдаңыз»-деген сауал ұсынып отырмын, себебі осы коучиг сабақтың оған қандай көмек бергенін білу мақсатында және үйренгенін білу мақсатында сабақты жоспарлауда осы тапсырмаларды құрастыруда көмек көрсетемін.

Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқу тәжірибесін жақсартуға, дамытуға көмектеседі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қазан
1728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі