Материалдар / «Информатика» пәнінен оқу құралын дайындау

«Информатика» пәнінен оқу құралын дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика сабағында оқушылар электронды оқулықпен жұмыс істейді. Бұл нұсқаулық бөліміне келесі тақырыптар қосылған: Техника қауіпсіздігі Компьютер құрылымы WordPad мәтіндік редакторы Тест тапсырмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2020
272
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын








Педагогикалық қызметтегі жеке тәжірибені жалпылау

Тақырыбы: «Информатика» пәнінен оқу құралын дайындау




Дайындаған арнайы пәндер
оқытушы:Г.Қ.Қайырбекова












2018-2019 оқу жылы


Page 2

«Информатика» пәнінен оқу құралын дайындау тақырыбында
информатика зерттеуіне пікір

Информатика сабағында оқушылар электронды оқулықпен жұмыс
істейді.

Бұл нұсқаулық бөліміне келесі тақырыптар қосылған:
Техника қауіпсіздігі
Компьютер құрылымы
WordPad мәтіндік редакторы
Тест тапсырмасы

Оқушылары информатика сабағында тақырыптарды меңгеру барысында
электронды оқулықтарды қолданады, бұл материалдық игеру сапасын
жақсартады. Оқу процесіне электрондық оқулықтарды пайдалану қазіргі
уақытта үшін маңызды болып табылады. Пән бойынша электронды оқулықта
қажет ақпараттар бар, қысқаша және түсінікті түрінде ұсынылған,
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Сондықтан, бұл жұмыс
оқытушылар мен оқушыларға арналған практикалық маңызы бар құрал
болады.















Page 3


МАЗМҰНЫ


Кіріспе

1
Электронды оқулық туралы түсінік

1.1
Электрондық оқулық құрылымы. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар

1.2
Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі

1.3
Электронды оқулықтың жұмыс режимі

2
«Информатика пәні бойынша электрондық оқулық» оқыту бағдарламасын
пайдалану туралы нұсқаулар және сипаттамасы

2.1
Электронды оқулық интерфейсі

2.2
Әдістемелік нұсқаулықтың жалпы құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі















Page 4

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер
көмегімен ақпараттық ресурстар көп орын алады. ХХІ ғасырда барлық дүние
жүзі ақпарат алмасу қоғамына көшірілді деуге болады. Оған қазіргі қоғамдағы
барлық білімнің, ғылымның, экономиканың және басқару салалары арқылы
ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы куә болып отыр.
Сондықтан, бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен
педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық оқу
орындарында қолданылады. Электронды оқулық, көмекші құралдар,
компьютерлік тапсырмалар, практикалық жұмыстар, автоматтандырылған
тестілеу- бұларды бүгінгі оқушылардың пайдалана білгені жөн.
Ал оқу орындарының жаңа жүйеге өтуге байланысты оқушылардың өздігінен
жұмыс істеп үйренуіне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, өздігінен жұмыс істеп
үйренбеген оқушылар материалдарды игеру үлкен қиындықтар туғызады.
Сондықтан мен оқушыларға көмекші құрал ретінде электронды оқулық
жасауды мақсат еттім.
Мұғалімге және оқушыларға өзіндік жұмыстарын атқаруға көмектесетін
электронды оқу құралын жасау, практикалық жұмыстарды құру және шығару
кезінде әр қайсысын түсіндірмемен жабдықтау арқылы және ұқсас
тапсырмалар беріп, тестік сұрақтар арқылы олардың осы пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Жасалатын көмекші құрал қолданушысына көмегін
тигізуі үшін, электронды оқыту басылымдарына қойылатын талаптарды
мүмкіндігінше толығырақ ескеруді міндет етіп қоямыз.
Менің жұмысымның тақырыбы: « Информатика пәнінен электронды
оқулық».
Жұмыстың мақсаты: Информатика пәнінен электрондық оқулық жасау,
электрондық оқулық туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, электрондық
оқулықты құру технологиясы туралы түсініктерді және AutoPlay Media
Studio бағдарламасын пайдаланып және өзге программаларды қосу арқылы
электрондық оқулық құру.
Жұмыстың өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте
электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген
пайдаланушыларға білімін жетілдіруге көмектеседі.
Жұмыстың нысаны. Информатика пәні бойынша электрондық оқулық жасау
және пайдалану.
Жұмыстың міндеттері:
Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға
негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу
бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатика пәнін оқыту
қызметін анықтау.
Электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын анықтау.
Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде, электрондық оқулықтар туралы түсінікті қалыптастыру,
электрондық оқулықтарды пайдалану саласы, электрондық оқулықтың


Page 5

құрылымдық жолдары, электрондық оқулық жа сау құралдардың
топтастырылуы, электрондық оқулыққа қойылатын талаптар қарастырылған.
Екінші бөлімге AutoPlay Media Studio ортасымен танысу, оның принциптері
мен мүмкіншіліктері туралы, сонымен қоса құру сипаттамасы қаралған.
Үшінші бөлім, Қолданбалы бөлімде информатика пәнінен электрондық
оқулық жасалуы көрсетілген.

1. Электрондық оқулық туралы түсінік
Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді
безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі
мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға және
оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады. Электрондық оқулықтар
барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға
назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті
жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды
қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік
қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың
(білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу
материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың
ұсынысын жасауға дейін көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық
материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни
кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде
интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның
жабдықталуымен ( гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы
материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында
іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге,
анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:
 бақылаусыз оқыту;
 бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы
бақылау сұрақтарымен қортылады;
 қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл
осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді.
Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже
сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі
әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер
қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды
шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту
жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады. Біз
электрондық оқулық түрін құрдық, сайып келгенде жаңа ақпараттық


Page 6

технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай
жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес
дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.
Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :
 лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни
аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық
жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
 арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды
ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы
нәтижелеуге рұқсат етеді; білімалушылармен жұмыс жасағанда, әсіресе үй
тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке
мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл
енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз
электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланамыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас
ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан
электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс.
Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын
іздеп отырмай, өтілген және білім алушының ұмытып қалған материалдарын
еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, білім алушының өзіне көрнекілік
қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Мазмұны
қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және
клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын
өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы.
Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік
туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі -аудиохабарлар.
Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін ажырата білу, жүрек
қағысын байқау.
Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында білім алушылардың сабаққа
деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай -ақ
мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші
құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім
беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану -оқытудың жаңа
технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған,
шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы
ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып,


Page 7

кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп
ойлаймын.

1.1.Электрондық оқулықтың құрылымы
Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады.
Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын
болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:
1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде
баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының
графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын
айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк
түрде бейнелеу.
3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу
материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен
тапсырмалар берiледi.
Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң
дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.
Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан -жақты
тоқталайық:
- сыртқы бетi;
- титульдық экран;
- мазмұны;
- оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер,
бейнелер);
- оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);
- қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу
қажет);
- өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
- өзiндiк бақылау жүйесi;
- мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
- авторлар тiзiмi;
- терминдiк сөздер;
- оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
- оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.
Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:
Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi
безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады.
Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi
қажет.


Page 8

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi
(мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық
құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi,
оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.
Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi.
Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн ша ғын түрде
үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.
Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына
мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың
типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың
бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады?
оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын
қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн
қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға
болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

1. Жан-жақтылығы.
2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала
алады.
3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар
үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi
мүмкiн.
4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар
негiзiнде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет
және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.
Электрондық оқулықтың құрамы:
- пән туралы қысқаша ақпарат;
- жұмыс бағдарламалары;
- электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау
туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
- ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
- теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
- теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
- практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
- практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының
тiзiмi;
- бақылау тапсырмалары;
- лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
- бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестiлерiнiң жинағы;


Page 9

- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация
түрлерi мен графигi;
- глоссарий;
- әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына
сiлтемелер;
- озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
- үйренушiнiң жұмыс папкасы;
Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.
1.2.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп
көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім –
оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог,
мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп
отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім
беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс
жасау заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой
жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай
ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай
жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе
оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан
қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы ж аңа
деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған
материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша
тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс
жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін
өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады.
Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй


Page 10

түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды
көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі
аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін
ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және
музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды
компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген
баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы Электрондық оқулықтарды
қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт
артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік,
дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық –
бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға
негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің
оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр
оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге
кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп
соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол
тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп
анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның
грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге
мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау
өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен
оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс
орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың
тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп
отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса,
екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге,
оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға
мүмкiндiк жасайды.Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи
отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы
оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын
арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi
ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн
тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр
қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар
көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ
тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi.
Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi
микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн -өзi
тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.
Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ,
алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.


Page 11

1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық
сөздiктерге көңiл аударады.
2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа
жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа
аударып айтып бередi.
6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн
аңғартады.
9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере
алатындығын көрсетедi.
10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын
байқатады.
11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн
бiлгiзедi.
12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз
өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.

Электронды оқулықтар оқушылардың
— бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
— ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
— өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
— ойларын дамытуға;
— оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
— тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
— сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
— өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың
маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз
байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман
талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды
сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде
қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен
қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде
жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып
отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.


3. Электронды оқулықтың жұмыс режимі

Электрондық оқулықтың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды
оқулықтың негізгі үш жұмыс істеу режимі бар:


Page 12

 бақылаусыз оқыту;
 бақылаумен оқыту
 тестік бақылау.
Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау
мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақтар берілсе, тестік
бақылауда баға қою арқылы білімдерін тексереді. Қазіргі кезде тестілеудің
әртүрлі әдістері қолданылады. Нақты пән аумағын игеру үшін теорияны
игерумен қатар есептерді шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыру
қажет. Ол үшін зерттелінетін процестер мен кұбылыстардың математикалық
моделін тұрғызуды үйрену керек. Оның алгоритмдік шешімін жобалау және
программа түрінде жазу. Студенттердің интуициясы мен бейнелеп ойлануын
дамытуға мүмкіндік берумен кодтар олардың түсіну деңгейін жоғарылатуға
көмек беретін алгоритмдердің кұрылымы мен жұмысын графикалық
иллюстрациясын қамтамасыз ететін модельді программалар сериясы
электрондық оқулық кұрамына жоғарыдағы мақсатқа жету үшін кіруі тиіс.






























Page 13

2. «Информатика пәні бойынша электрондық оқулық»
оқыту бағдарламасын пайдалану туралы нұсқаулар және сипаттамасы
2.1. Электронды оқулық интерфейсі
AutoPlay туралы түсінік
AutoPlay Media Studio – бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын
бағдарлама. Бұл AutoPlay Media Studio бағдарламасының жалпы
мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы электронды
оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым
ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар,
қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады.
AutoPlay Media Studio бағдарламасының құрал – саймандар тақтасында
объектілермен қарапайым және жеңіл бейнелермен, бейнефильмдермен және
дыбыстармен жұмыс жасауға араналған батырмалар орналасқан. Жоба жасау
үшін AutoPlay бағдарламасын ашып, CREATE A NEW
PROJECTбатырмасын басамыз:

Сол кезде бірнеше жоба беттері бар терезе ашылады:

Осы терезедегі жоба беттерінен қалаған біреуін таңдап соның үстіне жылдам 2
рет басамыз. Сонда мынандай терезе ашылады:


Page 14


Енді оған батырмалар салу үшін, жоғарыдағы NEW BUTTON
OBJECTбатырмасын басамыз:

Сол ашылған терезеден қалаған батырманы таңдап, ok батырмасын басамыз:

Осы батырмаға сөз жазу үшін қойылған батырмаға 2 рет басамыз да textдеген
жеріне жазғымыз келген тексті жазамыз да, FONT батырмасы арқылы шрифт
ауыстыра аламыз:

Нәтижесінде мынандай батырма пайда болады:


Page 15


Оған сілтеме беру үшін 2 рет шертіп, QUICK ACTION – SHOW
PAGEбатырмасын басамыз:

Тақырып жазу үшін NEW LABEL OBJECT батырмасын басып, 2 рет басу
арқылы жоғардағы командаларды орындаймыз.

Ал, үлкен тексттер жазу үшін NEW PARGRAPH OBJECT батырмасын
басамыз:

Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі үлкен тексттерді кішкене жерге сиғызуға
және жылжыту батырмасы арқылы қарауға болады:


Page 16


Сонымен қатар бұл бетке сурет қоюға болады, ол үшін NEW IMAGE
OBJECTбатырмасын басамыз:

Сол кезде мынандай терезе шығады, яғни өз компьютеріңізден немесе
флешкаңыздан сурет қоя аласыз:


Екінші бетке көшу үшін Add page батырмасын басып, ол бетке де
батырмалар, видео қоя аламыз:


Page 17










Жасалған іс-әрекетті көру үшін PREVIEW батырмасын басамыз:

Ал сақтау үшін, келесі командаларды орындаймыз, BUILD батырмасы:

CONTINUE батырмасы


Page 18


Егер компьютерге болса Hard drive folder, CD немесе DVD дисктеріне
болсаBurn data CD/DVD батырмасын басымыз, да сақтауды жалғастыру
үшінNEXT басамыз:




Негізінен жасалған жобаңыз автоматты түрде AutoPlay Media
Studioпапакасындағы Projects – та сақталады оны анық көру
үшін Browseбатырмасын басамыз:


Page 19


Ары қарай командалар арқылы жобаның атын өзгертіп, сақтаймыз:


Сақталған жоба көрінісі:

Міне осы бағдарламаны қолдану арқылы жобаны әсерлі де, әдемі етіп жасауға
болады. Біз осы бағдарламаны өз тәжрибемізде пайдаланып, колледжден тыс
облыстық мультимедиялық жобалар сайысында алғыс хатпен марапатталдық.
Қазіргі кезде кез келген саланың жұмысын дұрыс ұйымдастырудың ең басты
шарты болып жетілген ақпараттық жобаларды құру жұмысы болып табылады.
Ақпараттардың ағымы күннен-күнге ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай
анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отыра алмайды.
Осы мәселелерді шешу үшін компьютерлік технологияларды қолданып,
компьютерде есептеуді жүргізетін, графиклық бейнелерді, мәтіндерді құруға


Page 20

мүмкіңдік беретін бағдарламаларды қолдана отырып, ақпараттарды сақтау,
өңдеу және іздеу әрекеттерін қолдануға болады.
2.2. Әдістемелік нұсқаулықтың жалпы құрылымы
«Информатика пәнінен электронды оқулық» электронды оқулық бастауыш
сынып информатика пәнінің бағдарлама ақпаратын құрайды.
Электронды оқулық интерфейсі
Электронды оқулық интерфейсі ашылған кезде басты бет пайда болады
(1 сурет),
белгісімен келесі бетке
көшуге болады.








1 сурет Басты бет
Келесі бетке көшкен кезде интерфейсті қолдану инструкциясы ашылады (2
сурет).





2 сурет Қолдану
инструкциясы















Page 21


батырмасын басу
арқылы келесі
мазмұны бетіне
ауысады. Бұл
бетте (3 сурет)
электронды
оқулықтың
мазмұны
көрсетілген.
3 сурет Мазмұны









Мазмұны 4 бөлімнен тақырыптар бойынша тұрады.
1. Техника қауіпсіздігі
2. Компьютер құрылымы
3. WORDPAD мәтіндік редакторы
4. Тест

Бірінші бөлімде
«Техника
қауіпсіздігі»
тақырыбын
шолады (4 сурет).

4 сурет Техника
қауіпсіздігі









Page 22





Бұл бөлімде оқушыларға көрнекілік түрінде ережелері көрсетілген.
батырмасында оқушылар видеофрагменттер арқылы көз, мойын бұлшық ет
және қолға арналған жаттығуларды көре алады. батырмасын басып,
мазмұн бетіне қайтады.

Екінші бөлімде «Компьютер құрылымы» тақырыбы ашылады(5 сурет). Бұл
терезеде әр компьютер құрылымының анықтамасын белгісі пайда болған
жерді басу арқылы шығаруға болады (6 сурет). батырмасын басу
арқылы алғашқы
компьютер
құрылымы бетіне
қайтуға болады.

5 сурет
Компьютер
құрылымы













6 сурет Принтер






Page 23


Төртінші бөлімде «WORDPAD мәтіндік редакторы» тақырыбы ашылады (9
сурет).


9
сурет WORDPAD
мәтіндік
редакторы












Бұл тақырыпта оқушыларға деңгейлік тапсырмаларп беріледі.
Бірініші тапсырманы орнадып болған оқушы келесі тапсырмаға өте береді
(10 сурет).
10
суретWORDPAD мәтіндік редакторы















Бесінші бөлімде «Тест» тапсырмасы арқылы алған білімді тексеруге болады
(11 сурет).


Page 24


















11 сурет Тест

Тест тапсырмасы Microsoft Officce Excel бағдарламасында құрылған.
Сұрақтарға қажетті жауаптарды таңдау арқылы дұрыс жауаптың санын көре
алады. Тест тапсырмасын белгісі арқылы жауып, мазхмұны бетіне қайта
алады.





















Page 25


Қорытынды

Күрделі ақпаратты өңдеу міндеттері компьютер шешім тағайындауға
мүмкіндік беретін заманауй компьютерлік ақпараттар мен бағдарламалық
қамтамасыз етулер. Көрсетілген алгоритмдер бойынша дәстүрлі жүктелген
компьютерлер процесі ақпарат және алгоритмдік тілде еңдеу бағдарламасын
әзірлеу, кіріс және шығыс деректерді түсіндіру процесінде адамның міндетті
қатысуын білдіреді.
Біз белгілі бір машина функцияларды өте құптарлық жасау арқылы үлкен
деректер ағындарын талдау қажеттілігі біздің заманымыздың мүмкіндігін
әдетте адам жүзеге асырады.Барлық осы факторлар әр түрлі кәсіби салаларда
қосымша бағдарламаларды жасауға ықпал етеді. сондықтан, жоғары білім,
түрлі пәндік салаларда тиімді электрондық ақпаратты беруге қажеттілігі
туындады. Сол себепте зерттеу міндеті информатика пәні бойынша
электрондық оқулықты «Информатика пәнінен электронды оқулық»
тақырыбында құру болып табылады.



Оқытушы Қайырбекова Г.Қ.
қолы аты-жөні




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ