400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика пәнінен параметрлі цикл тақырыбына жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Параметрлі цикл туралы толық қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

Программаларды әзірлеудің

кіріктірілген орталары.

Пәні: Информатика

Күні:

Сыныбы: 8

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова Фариза

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Параметрлі цикл.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1. Таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Таңдау және қайталау операторларын

программаны өңдеудің кіріктірілген

ортасында есептерді қолдана алады;

Оқушылардың басым бөлігі: Программаны өңдеудің

кіріктірілген ортасында блок- схема түрінде

жазып, есептерді шеше алады (С ++);

Кейбір оқушылар: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген

ортасында есептің программасын

құрады және нәтиже шығарады;

Ойлау дағдыларының деңгейі

қолдану

Бағалау критерийлері


Білім алушы

  • Таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді қолдана алады;

  • Программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында блок- схема түрінде жазып, есептерді шеше алады (С ++);

  • Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептің программасын құрады және нәтиже шығарады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:командаларды дұрыс айтып, білуге дағдылану; while do, for to do, begin, end, program, read, write.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

While операторының қызметі?

Таңдау операторы қандай қызмет атқарады?

Қайталану операторы дегеніміз не?

For цикл операторы неден тұрады?

While do операторының шарты қандай болады?

Құндылықтарға баулу

Топ арасында ынтымақтастық пен қарым- қатынас жасау, жауапкершілікке және өмір бойы оқуға дайын болу. Бұл құндылық сабақта бір-біріне құрметпен қарауға баулиды.

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, ағылшын тілі, алгебра, геометрия

Алдыңғы меңгерілген білім

Циклдік оператор туралы біледі.

Ресурстар

Оқулық, интернет көздері, таратпа материалдар

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту


Топқа бөлу 2 мин.














Үй тапсырмасына шолу жасау.

4 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. «Қоңырау» әдісі арқылы сабаққа қызығушылығын ояту;

  1. Балалар қоңырау сөзін естігенде қандай ой келеді?

  2. Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді пайдаланып сөз тіркесін шеңбер бойымен айту.

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

DrawObject5 DrawObject4

DrawObject6

DrawObject8 DrawObject7

DrawObject9 DrawObject10 DrawObject11


Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, «Таныс сөздіктер» атауы арқылы 2 топқа біріктіремін.

  1. Топ. while do, for, begin, end, program.

  2. Топ. Lazarus, delpi, basic, paskal, C++

Оқушылар командалар мен программалау тілдерін ажыратып, сол арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасына шолу жасау.

«Таза тақта» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Тақта бетінде суреттер арқылы сұрақтар жасырылған, әр сұраққа жауап берген сайын тақта беті тазарып ашылады. Ашылғанда тақырып шығады.

  1. С++ тілінде жазылған программаның құрылымы қандай?

  2. С++ тіллінің енгізу- шығару операторларын атаңдар.

  3. Таңдау операторында блок- схема құрастыру дегенді қалай түсінесің?

  4. Case кілттік сөзінің қызметі қандай?

  5. Switch операторы қандай жағдайда қолданылады?

  6. Программада бір әрекеттің бірнеше рет қайталап орындалуын қалай жүзеге асыруға болады?



Бағдар. Сұрақ жазылған слайд.



«Қоңырау»

әдісі



«Таныс сөздіктер» атауылары бойынша 2 топқа бөлу. Сөздер жазылған парақшалар.






Сұрақтар жазылған суреттер.

Сабақтың ортасы



Жаңа сабақ

10 мин


























































Бағалау

«SWOT» әдісі

1 мин












Жеке жұмыс

15 мин

Деңгейлік

тапсырма


























































Бағалау:

«Нысана» әдісі

1 мин


Сауалы бар қорап

Саралау

2 мин


Жаңа сабақ.

Жаңа сабақта «Деректердің графикалық органайзері» әдісін қолдану. Оқушылар «Параметрлі цикл» деген тақырыпты оқулықтан оқи отырып, алғашқы бағанаға -бастапқы жазбада өзінің түсінгенін, екінші бағанаға-жұппен әңгімелескеннен кейінгі түсінгенін және соңғы бағанаға топпен талқылағандағы түсінгенін жазып алып отырады.

ДЕРЕКТЕРДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ ОРГАНАЙЗЕР

Бастапқы жазбалар

(оқығаннан түсінгендерін және сақтағыңыз келетін сөйлемдер, т.б)

Қосымша жазбалар

(оқудағы серіктесіңіз Сізге жақсы түсінуге көмектесетін маңызды ақпарат деп шешкен ақпарат)

Қосымша жазбалар

(«Үш қадамнан тұратын сұхбат»

топтық жұмыс)





Т Ү Й І Н

Циклдік операторды ауызша, блок-сызба немесе жазу барысында командаларды бейнелеуде белгілі бір еркіндікке жол беріледі. Цикл – бірнеше рет орындалатын тізбек. Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін С++ тілінде үш түрлі цикл операторы бар – while, do while, for. Бұл тақырыпта біз параметрлі циклді, for циклін қарастырамыз. Көп жағдайда біз белгілі операцияның қанша рет орындау қажет екенін білеміз. С++ программалау тілінде бұл үшін for цикл операторы пайдаланылады. Сондықтан компьютерде орындалатын программа, оған түсінікті жазылуы тиіс. For цикл операторы тақырыптан және цикл денесінен тұрады.

- Бастапқы мән: цикл орындалмас бұрын бір рет орындалатын меншіктеу операторлары;

- Циклдің келесі қадамының орындалуының шарты; егер шарт жалған болса, циклдің жұмысы аяқталады, егер шарт басынан дұрыс болмаса, цикл бірде – бір рет орындалмайды;

- Циклдің қадамы; (көп жағдайда меншіктеу операторы арқылы жазылады).

Цикл денесі фигуралық жақшаға алынады. Егер цикл денесінде бір ғана оператор болса, онда жақша қойылмайды.

Цикл денесінде бірнеше оператор болуы мүмкін, сонымен қатар басқа циклдер жазылуы мүмкін (мұндай әдіс «кіріктірілген циклдер» деп аталады).

Программаны қарастыруда жеңілдету үшін цикл денесі және фигуралық жақшалар оңға 2 – 3 символға жылжытылады.

Жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында «Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі арқылы үшінші бағанды толтыру. Әр топтан 1 оқушыдан шығып тақырыптар бойынша бір-біріне сұрақ-жауап береді.

А- «Сұхбат алушы» - сұрақ қояды.

В- «Жауап беруші» - жауап береді.

N- «Үн таспаны жазушы» - сұрақ, жауаптарды жазып, анализ береді.

Әрбір интервьюден соң рольдер ауысып отырады.

Бағалау. SWOT әдісі арқылы жасаймын.

Мықты жақтары


Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктері

Қауіптері (кедергілері)


Жеке жұмыста саралау: Оқушылар өз мүмкіндігін біледі және оны қалай жасағаны туралы немесе қалай үйренгені туралы айта алады.

Жұптық жұмыста: Оқушылар жұмыла, бірлесіп жоспарлаған тапсырмалары туралы өз ойларын жұпта талқылай алады.

Топтық жұмыста: Оқушылар жұмыла, бірлесіп талқыланған тапсырмалары туралы өз ойларын топта талқылай алады.

«Ғылыми зерттеулерге жол ашық» әдісі арқылы компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Программа құру.

І деңгей

Қолданушыдан апта күндерінің нөмірін сұрап, жұмыс күні, сенбі және жексенбі демалыс күндері жауаптарының бірін шығаратын программа құру.

Program e1;

A: integer;

Var

Writeln (‘апта күнін енгіз’ );

Readln (A);

Begin

1..5: writeln (‘жұмыс күні’);

6..7: : writeln (‘демалыс’);

Else writeln (‘мәлімет қате’);

Case of

End;

End.

Дескриптор:

- Программа бойынша есептің реттілігін анықтай алады.

- есептің нәтижесін экранға шығарады.

ІІ деңгей. Тақтада сызылған блок-схема бөліктерге

бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті орынға қойылады.

Дескриптор:

  • блок-схема кескінін дұрыс құрастыра алады.

  • Қай оператор түрінде екенін ажыратып жаза алады.

ІІІ деңгей. Жоғарыда берілген блок-схемаға программа құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.

program faktorial;

var n, i, f: integer;

begin

readln (n);

f:=1; і:=1;

while і<=n do

begin

f:=f*і; і:=і+1;

end;

write ('f=’,f);

end.

Дескриптор:

  • Программа бойынша есептің реттілігін анықтай алады.

  • Блок -схеманы программа түрінде жаза алады.


«Нысана» әдісі. Компьютерде орындаған өз жұмыстарын деңгей бойынша, берілген дескритор арқылы тексеріп, қателерін жөндеп, өзін -өзі бағалау жүргізеді.


«Сауалы бар қорапқа» әдісі арқылы сұрақтар жазып бүгінгі сабақты қорытындылаймын.

Ортадағы қорапқа бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарын, қиын туғызған тапсырмаларын жазып салады. Қорапқа салынған ашық сұрақтарды оқушылар өздері алып, жауап береді. Қиыналған жауаптарына мұғалім тарапынан көмек беріледі. Қораптан алынған сұрақтарға жауап берген оқушыларды смайлик арқылы бағалап отырамын.



Оқулықпен жұмыс







ДЕРЕКТЕРДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ ОРГАНАЙЗЕР

Кестемен берілген ресурстар












Оқулықтағы 119-124 беттер аралығындағы тақырыпты оқу.



































SWOT әдісі














Программа құру.

Деңгейлік тапсырмалар.






















































«НЫСАНА» әдісі




«Сауалы бар қорапқа» әдісі








Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасы




Рефлексия:

«Өткенге шолу»

3 мин


Оқулықтағы 119-124 беттер аралығындағы тақырыпты оқу.

Оқулықтағы №13 тапсырманы орындау.

«Екі жақты түсіндірме күнделік» әдісі арқылы дәптерге орындап келу.

Кітаби сөз анықтама ереже

Оқушының түсінігі




Рефлексия: «Өткенге шолу»

А лысқа қарау - алынған білімді болашақта қалай қолданамын?

Д етальдарға мән беру, материалдың ішіне терең үңілу,

әдіс-тәсілдер, жүргізілген жұмыстардың

мақсаты, тиімділігі қандай?



Жүргізген жұмыстардың тиімді болуы үшін мен қандай үлес

қостым немесе білім алу үшін бүгін өз тарапынан қандай іс-әрекет

жасадым?


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданылады. «Деректердің графикалық органайзері» әдісін қолдану арқылы, жұптық жұмыста серіктесімен талқылап көмектесу арқылы өзіне ой түйіп нәтижесін айтады. Нәтиже бойынша саралауда «Ғылыми зерттеулерге жол ашу» әдісі арқылы оқушылар бір тапсырманы орындасада олардың нәтижелері әртүрлі болады. Оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай отырып, олардың өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу үшін дескрипторларды қолдандым. «Сауалы бар қорапқа» әдісінде түсінбеген сұрақтарын жазып қорапқа салады. Диалогтық қарым қатынас орнату мақсатында сұрақтарына жауап беріп, қиналған сұрақтарына мұғалім жауап береді.

Бағалауда оқушылар сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін бағалау үшін мынадай әдіс- тәсілдерді қолдандым. «Деректерді графикалық органайзері» әдісінде оқушылар өздердерінің серіктерін . SWOT әдісі арқылы бағалайды. «Ғылыми зерттеулерге жол ашық» әдісінде оқу мақсаттарын ашып, қай деңгейге жеткенін білу үшін «Нысана» әдісін өзін – өзі бағалауға қолдандым. «Сауалы бар қорапқа» әдісінде оқушылардың сауалға дұрыс жауап бергендерін смайлик арқылы бағаладым.

Оқушылардың компьютердің алдында отыру ережелерін қадағалау, жаттығулар жасату.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егер жетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

.


Жалпы бағалау



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі