Информатика сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру

АPicture 2 кжигитова Жадыра Ануаровна

Информатика пәні мұғалімі

Достық жалпы білім беретін мектеп





Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялар саласындағы білім мен дағды тек кәсіби салада ғана емес, күнделікті өмірде де маңызды рөл атқарады. Сол себепті ниформатика пәні тек компьютерлік бағдарламаларды қолдануды үйретумен шектелмей, щқушылардың функционалдық сауаттылығын, оның ішінде оқу сауаттылығына бағытталуы қажет. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі міндеті тұлғаның құзыреттілігін, қоғамға икемділігін қалыптастыру болса, соның нәтижесінде оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру басты мақсатқа айналып отыр. Еліміздегі мектептердің оқу бағдарламасы да оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға негізделген. Мақалада функционалды сауаттылық, оқушылардың функционалды сауатты болуының маңызы, функционалды сауаттылықты арттыруда оқу сауаттылығының рөлі туралы сөз болады.

Функционалдық сауаттылық – адамның əлеуметтік-қоғамдық ортада ммүмкіндіктері, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-әрекетке белсене араласа алу сауаттылығы, кез келген жағдайларға икемділігі. Бұл ұғым жыл өткен сайын үлкен маңызға ие болып отыр. Себебі уақыттың жылжу кеңістігіне қарай, түрлі қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде қоғамның да адамдарға қоятын талабы күшеюде. Адам қоғаммен үнемі қарым-қатынаста белгілі бір білім, білік, дағдыларына ие болу керек және ұлт дамуы мен тұлғалық өсуінде әрқашан сауатты, сапалы деңгейде білім мен дағдылардың жоғары құзыретіне ие болса, бұл тұлғаның функционалды сауаттылығының көрінісіне саналады.

Информатика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

  1. Практикалық жобалар. Оқушылардан алгоритм жазу, веб-сайт жасау немесе деректерді визуализациялау сияқты тапсырмаларды орындау кезінде ақпаратты оқу, түсіну және қолдану талап етіледі.

  2. Кейстік тапсырмалар. Мысалы, интернеттегі жалған ақпаратты анықтау немесе қауіпсіздік саясатын талдау арқылы оқу сауаттылығы мен ақпататтық мәдениет қатар дамиды.

  3. Техникалық нұсқаулықтарды оқу: бағдарламалар мен жұмыс істеу кезінде оқушылардан нұсқаулықтарды түсініп, оларды тәжірибеде қолдану күтіледі.

  4. Толық талқылау: Әр түрлі алгоритмдер мен технологияларды талдау арқылы оқушылар мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіреді.

  5. Проблемалық оқыту: оқушыларға күрделі жағдайларды шешу үшін мәтіндер мен ақпараттарды оқып, талдауға мүмкіндік береді.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және олардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді[1, 28 бет]. Сондықтан, қоғамдағы теориялық пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары дұрыс қалыптасуы үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Оқушыларда функционалды сауаттылықты дамытуда оқу сауаттылығының орны ерекше. Себебі, бұл пән тек технологиялық білім берумен шектелмей, оқушылардың аналитикалық және сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамытады. Оқу сауаттылығын жетілдіру арқылы оқушылар тек компьютерді игеріп қана қоймай, ақпаратты тек қабылдап, оны бағалайды және шығармашылық тұрғыда алынған білімді өмірде қолдана алады. Оқушы ақпаратты дұрыс меңгеру, қабылдау, түсіну, саралау, талдау, ақпаратты бөліп алу, дұрыс бұрыстығын таңдай білу, сауатты оқу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларына ие бола алады. Сол арқылы ой жүйелілігі мен нақтылығына бейімделеді. Бұндай құзыретке ие тұлғаның ұлттың дамуы мен болашағы үшін, қоғамның ілгеруі жолында таптырмас кепілі екені анық.

Ғаламдық контексте оқу сауаттылығы бүгінгі қоғамдық өмірге дайындықтың ең маңызды параметрлерінің бірегейі ретінде қарастырылады. Әртүрлі мақсатпен кәсіби бағыттағы мәтіндерді оқу және талдау дағдылары мектепте білім алу кезінде жоғары басымдыққа ие. Өйткені оқушылар жазбаша мәтіндермен көбірек жұмыс жасайтындықтан оқу сауаттылығы артып, оқылым дағдылары едәуір қалыптасады.

Оқу сауаттылығы – көп ақпараттың ішінен қажетті ақпаратты алу, оны түсіндіру және пайдалану, сыни талдау және өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын меңгерудегі проблемалық сәттерді анықтауға ықпал етеді. Оқу сауаттылығының деңгейлері бойынша тапсырмаларды орынды құрастырып, оларды орындау критерийлерін жеңіл түсіндіру арқылы оқушылардың түрлі оқылым дағдыларының дамуына жол ашу – мұғалімнің құзырындағы міндет. Яғни, мұғалім оқушының оқу сауаттылығын мектепте қалыптастырады. Өйткені, мектеп бағдарламасының оқу мақсаттарының барлығы оқу сауаттылығының тапсырмаларды орындау деңгейлеріне сәйкес келеді.

Оқушылардың оқу әрекетіне берілетін талап, функционалдылыққа үйрету тек оқу әдістерін, оқылым стратегияларын меңгерумен шектелмеу керек. Оқыған мәтінді түсініп қана қоймай, ондағы автордың айтпақ ойын ұғыну, одан өзіндік ой түйіп, ішкі жан дүниемен не қоршаған әлеммен байланыстыра білу, құндылықтарымен салыстыра білу де – функционалды сауаттылықтың бірден-бір көрсеткіші.

Оқушылар оқу сауаттылығы тапсырмаларының негізінде мынадай деңгейлік әрекеттерді орындай олады:

- Көлемді мәтіндерді түсініп, қажетті ақпарат айқын болмаса да, мәтіндегі қандай ақпарат маңызды екенін тұжырымдай алады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде оқушы кез келген жағдайда өзіне маңызды істі дұрыс таңдай алады, оның нәтижесіне жету үшін қандай ақпараттар, міндеттемелер маңызды екенін түсінеді, көп ақпараттың ішінен өзіне нақты не керек екенін білуге икемді болады.

- Оқушылар әртүрлі және әдейі қарама-қарсы көзқарастарды білдіретін ақпаратты салыстыра, жалғастыра отырып, есептің әртүрлі бөліктерінде орналасқан ақпаратқа негізделген тұжырым жасайды, осы ақпаратты қалай пайдалануға болатындығын анықтайды. Мұндай іс-әрекет баланың сыни тұрғыдан ойлану рефлексін қалыптастырады;

- Оқушылар түрлі тапсырмалар нәтижесінде мәтіндегі мазмұн және мақсат, күрделі немесе дерексіз ойларға қатысты факт пен пікірді дұрыс ажырата алады. Ақпараттың сенімділігіне қатысты басқа да тұжырымдар жасай алады.

Осылайша оқу іс-әрекеті кезінде оқушылар түрлі функционалды дағдыларды қалыптастырады. Оқу сауаттылығы жоғары қалыптасқан, функционалды оқу дағдыларын меңгерген оқушылар келешекте, қоғамдық-әлеуметтік өмірде түрлі келеңсіздіктерден аулақ болады және түрлі ситуациялық жағдайларда оңтайлы шешім шығаруға икемді болады. Мысалы, күнделікті ақпараттар ағылған заманда біз түрлі сервистерден хабарламалар аламыз. Сондай хабарламалардағы алаяқтық мәтіндерге алданып қалушылар жиі кездеседі. Бұл адамдардың ақпаратқа сыни көзбен қарамай, ақпараттың рас, өтірігіне көз жеткізбеуі – оқу сауаттылығы төмен қалыптасқандығының нәтижесі.

Қорыта айтқанда, функционалды оқу дағдыларын қалыптастыру оқушылардың тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды міндеттердің бірі болмақ. Себебі, оқу сауаттылығы – тұлғаның өнімді іс-әрекетінің, функционалдық дағдыларға толыққанды ие болуының негізгі алғышарты. Информатика сабақғында түрлі тақырыптағы және күрделілігі әртүрлі есептерді дұрыс әрі толықтай түсінікті оқып үйренген оқушы, кез келген пәнге, ғылымға қатысты мәтіндердің мазмұнын ұғынып қабылдауға бейімделеді. Нәтижесінде оқу сауаттылығы жоғары тұлға қалыптасады, Ал тұлғаның әлеуметтік, экономикалық ортада, қызмет барысында да түрлі мәтіндермен, ақпараттармен байланысқанда тез түсіну, қабылдау, интеграциялау, дұрыс шешім шығару алу, сыни ойлау қабілетіне ие болуы - бүгінгі қоғамның жоғары сұраныстағы тұлғалық құзыреттілігі екені анық. Сондықтанда оқу сауаттылығы функционалды сауатты тұлғаның дамуында ең маңызды рөлді атқарады деп толыққанды айта аламыз.


Әдебиеттер тізімі:

1. К.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары.-Алматы, 2006ж.

2.Оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары. Саулебаева, А.Е. . Материалы международной научно-практической конференции к 180-летию Ы.Алтынсарина "Просветительские идеи Ы.Алтынсарина: истоки, развитие, современность", 2021.

3.Оқу сауаттылығы: тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық /құрастырушылар: Ш.С. Асылбекова, К.Е. Кунева , Ж.Ж. Рустемова, Д.К. Файзуллина Д.К.; Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, 2021.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі