Материалдар / Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты қолдана алуын қамтамасыз ету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты қолдана алуын қамтамасыз ету

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2024
321
2 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батырханқызы Аисұлу


















Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты қолдана алуын қамтамасыз ету




Оқубағдарламасы

/34сағат/



Пәні:информатика






Бағдарламанықұрастырған: Батырханқызы Айсұлу

Информатика пәнімұғалімі
















Shape1

ӘОЖ 457, 08

ББК 28

Б 011


«Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығының ҒӘ Кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (Хаттама №3, 26.03.24 ж.)


Құрастырған: Түркістан облысыАрыс қаласыМ.Әуезов атындағы мектеп – гимназиясының информатика пәні мұғалімі Батырханқызы Аисұлу





Пікір білдіргендер:

1. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к, А.Турысбекова

2. Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты, «Innovation - Koldau» ҚҚ жетекшісі А.Молдабаева





ISBN 982-943- 0485 -90-09





«Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты қолдана алуын қамтамасыз ету» аттыавторлық бағдарлама информатика пәні бойынша заманауи тапсырмалар мен қызықты мәліметтерге негізделіп құрастырылған. Курста пәнді меңгертуде қажет болып табылатын интербелсенді әдістердің элементтері негізінде жаңашыл сабақ үлгілері қамтылған.

Жалпы, осы бағдарлама жаңашыл ұстаздарға, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған.





Батырханқызы Аисұлу

«Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты қолдана алуын қамтамасыз ету»: авторлық бағдарлама / Түркістан облысыАрыс қаласыМ.Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы

- Талдықорған қаласы, «Көшбасшы» баспасы, 2023 жыл









©Shape2 А.Батырханқызы, 2024

Мазмұны


1

Түсінік хат


5

2

Нормативті бөлім

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау


7

3

Әдістемелік нұсқаулық бөлімі – пәннің оқу-әдістемелік кешені


9

4

Әдебиеттер


98






































































Түсінік хат


Өзектілігі:Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқужүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.

Информатика – жаңа технология жиындарын оқытады, яғни ақпаратты сақтайды және өңдейді. Оның дамуы ақпаратты сақтауға және өңдеуге арналған құрылғылар ЭЕМ-машиналардың шығуымен байланысты. Ал ЭЕМ– тенологияның негізгі құралы. Бұл ғылым- ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған.

Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика — өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. 

Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.

Ғылыми негізі:авторлық бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген.


Бағдарлама мақсаты:

Информатиканы оқыту арқылы ақпараттық әлемде не болып жатқанын анықтай аламыз. Оқушыларды бір мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарын анықтауға, ой қорытулар жасауға тағы басқа натижерерді көрсетеді. Бұл бағдарлама арқылы информатика әлеміне жақындай түсіп, ерекшеліктеріне қаныға түседі. Сол себепті әр тапсырмалар оқушылардың информатикаға деген қызығушылықтарын оятады.



Міндеттері:

  • сабақтың негізгі бөлігі жеке тапсырмаларды орындауға бағытталған компьютердегі жұмыс қызметін түсіндіру;

  • оқушылардың физиологиялық және жас ерекшеліктері, компьютермен жұмыс істеудің гигиеналық нормаларының маңыздылығын таныту;

  • компьютерді  оқу  құралы   ретінде  оқушылардың  оқу–танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын арттыру;

  • оқушылардың оқу  танымдық   қызметінде  компьютерлік техниканы  еркін  пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамту және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы  оқуға  даярлау.


Күтілетін нәтиже: Жеке тұлғаның шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, интеллектуалдық деңгейі жоғары, мектебінің дәрежесін көтеретін дарынды тұлға қалыптастыру.


Таңдау курсын меңгерту жолдары: Интерактивті тақтамен жұмыс, ақпарат құралдарымен, графикалық жұмыс, ауызша, жазбаша жұмыстар, пәнаралық жұмыс, шығармашылық жұмыс, суреттермен жұмыс, арифметикалық ойындар, зерттеу, бақылау, дидактикалық ойындар, үлестірмелі карточкалар, кестелер, сызбалар.






















































«Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты қолдана алуын қамтамасыз ету»

факультативтік курс бағдарламасы бойынша жоспары

(БАРЛЫҒЫ 34 САҒАТ, АПТАСЫНА 1САҒАТ)


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Өткізілуформасы

1

Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

1


Жекелей жұмыс, үлестірмелі парақшалармен жұмыс жасау.

2

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

1


Жалпылай тапсырмалар беру, пікірталас, жұппен жұмыс.

3

Информатика және ақпарат

1


Жекелей жұмыс, үлестірмелі парақшалармен жұмыс жасау.

4

Пікірталас сабағы– «Жастар және ғаламтор»

1


Жекелей, жалпылай жұмыстар жүргізу.

5

Информатика және ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялар 

1


Топпен сөзжұмбақтар шешу, жекелей пікір білдіру.

6

Көшбасшылық ойыны – «Ғаламтор, бос уақыт және қызығушылық»

1


Жекелей, жұптық жұмыстар жүргізу.

7

Адам – ақпарат – компьютер

1


Топтық, жұптық жұмыстар.

8

Пресс-конференция сабағы – «Ғылым және инновация»

1


Жекелей үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

9

Жарнама құрастыру сабағы – «Тауар және бренд»

1


Топтық, жалпылай жұмыстар.

10

Теле сабақ – «Ғылым, ақпарат және әлеуметтік медиа»

1


Жекелей, жұппенжұмыс.

11

Пікіралмасу сабағы – «Мен таңдаған мамандық»

1


Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізу.

12

«Көлемді мегабайт» танымдық ойыны

1


Топпен, жекеленгенжұмыстар.

13

Интеллектуалдысабақ – «Миллион кімге бұйырады?»

1


Жұптық, жекеленген жұмыстар жүргізіледі.

14

Әлеуметтік желілердің пайдасы

1


Жекеленген үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

15

Фейктер

1


Жекеленген, жұптық жұмыстар.

16

Гаджеттер

1



Жекелейжұмыс, үлестірмеліпарақшаларменжұмысжасау.

17

Дебат сабағы – «Ғаламтор, оның пайдасы мен зияны»

1


Жекеленген, топтықжұмыстар.

18

Әлеуметтік медиа: мүмкіндіктер мен қатерлер

1


Топтық жұмыстар жүргізіледі.

19

Microsoft PowerPoint бағдарламасы

1


Берілген типтік тапсырмаларды орындауға машықтану

20

Windows Movie Maker бағдарламасы

1


Бағдарламаны меңгереді

21

Pinnacle VideoSpinбағдарламасы

1


Тапсырмалар орындайды

22

Avidemuxбағдарламасы

1


Тапсырма орындау дағыларын қалыптастыру

23

VideoPad Video Editor бағдарламасы

1


Тест тапсырмаларын орындау дағыларын қалыптастыру

24

CyberLinkPowerDirector бағдарламасы

1



Бағдарлама бойынша тапсырма орындайды

25

Corel VideoStudio Pro бағдарламасы

1


Бағдарламамен жұмыс жасау дағдысы қалыптастыру

26

MacromediaFlashбағдарламасы

негізгіұғымдары

1


Бағдарламаны меңгереді

27

AVS Video Editor бағдарламасы

1


Тест тапсырмаларды шығару дағдысын дамыту

28

Movavi Video Editorбағдарламасы

1


Ақпаратпен танысады

29

Анимацияжайлы ақпараттар

1


Арифметикалық амалдар туралы білімдерін кеңейту

30

Macromedia Director Shockwave Studio бағдарламасы

1


Аниматор туралы білімдерін кеңейту

31

Жеңіл GIF аниматоры

1


Тест тапсырмаларды шығару дағдысын дамыту

32

Anime Studio Pro бағдарламасы

1


Аниматорлар туралы түсінігін кеңейтеді

33

Pivot аниматоры

1


Ойлау қабілеттерін арттыру

34

Synfigстудиясы

1


Бағдарламаны меңгереді







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!