Информатика сабағында оқушылардың функционалық сауаттылығын дамытудағы тапсырмалар
Бабатаева Чинар Мухтаровна
Информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Тренер
ШҚО ББ Өскемен қаласы ББ «№46 орта мектебі»КММ
Тел:8-705-815-6869. chinarb.m@mail.ru
Бұл мақалада информатика сабағында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар мен әдістемелер қарастырылады. Заманауи білім беру жүйесі оқушылардың ақпараттық және цифрлық сауаттылығын арттырып, олардың проблемаларды шешу, талдау және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұған сауатты жоспарланған оқу процесі және әртүрлі тапсырмалар арқылы жетуге болады.Автордың әдістемелік құралынан алынған тапсырмалар берілді.
Информатика — ғылым мен технологияларды біріктіретін, ақпарат пен деректерді қолдану негізінде құрылатын пән. Әлем бойынша цифрландырудың қарқынды дамуымен функционалдық сауаттылықты дамыту қажеттілігі артып келеді. Функционалдық сауаттылық — бұл ақпаратты тиімді пайдаланып, өмірлік жағдайларда оны дұрыс қолдана білу дағдылары. Сондықтан, информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту, оқушылардың білім алу процесін жандандырып, олардың өмірде қолдана білетін білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Информатика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін қолданылатын тапсырмалардың іс - әрекетке байланысты бірнеше түрін қарастыруға болады.
1. **Ақпаратты жинау және өңдеу тапсырмалары**: Оқушылардан нақты тақырып бойынша мәлімет жинап, оны жүйелеу, графиктер мен диаграммаларды құру талап етіледі. Мысалы, оқушыларға Қазақстандағы экологиялық жағдай туралы ақпарат іздеу және оны диаграмма арқылы көрсету ұсынылуы мүмкін.
2. **Кодтау және алгоритмдер**: Оқушыларға бағдарламалау тілдерінде код жазуды үйрету арқылы, олар өз идеяларын жүзеге асыра алады. Мысалы, Scratch немесе Python тілдерінде қарапайым ойын немесе интерактивті қосымша жасау тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және проблемаларды шешу дағдыларын дамытады.
3. **Топпен жұмыс істеу**: Оқушыларды топтарға бөліп, оларға бірлесіп проблемаларды шешу және жобалар жасау тапсырмалары беруге болады. Мысалы, командада жұмыс істеп, экологиялық проблема бойынша шешімдер шығару, оларға жарнама немесе презентация жасау ұсынылады.
4. **Ситуациялық тапсырмалар**: Оқушыларға нақты өмірде кездесетін жағдайларды талқылау, мәселені шешу жолдарын табу және ақпаратты қолдану арқылы логикалық сауаттылықты дамыту тапсырмалары беріледі.
Функционалдық сауаттылық – ақпаратты іздеу, талдау, бағалау, тарату және оны өмірлік жағдайларда қолдану қабілеті. Тапсырмалардың Информатика пәні білім мазмұнына байланысты
-
Ақпаратты іздеу және талдау тапсырмалары:
-
Интернеттен белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинау және оны талдау.
-
Әртүрлі форматтағы деректерді (мәтін, кесте, график) салыстыру және қорытынды жасау.
-
Ақпараттың дұрыстығын тексеру және сенімді дереккөздерді анықтау.
-
-
Ақпаратты өңдеу және ұсыну тапсырмалары:
-
Жиналған ақпаратты кесте, график, диаграмма түрінде ұсыну.
-
Мәтіндік құжаттарды дайындау және оларды презентация түрінде қорғау.
-
Инфографика құру арқылы күрделі ақпаратты қарапайым түрде жеткізу.
-
-
Ақпараттық технологияларды қолдану тапсырмалары:
-
Мәтіндік процессорлар, кестелік процессорлар, презентациялық бағдарламалармен жұмыс істеу.
-
Графикалық редакторларды пайдаланып сурет салу, суреттерді өңдеу.
-
Веб-сайттар құру, блог жүргізу.
-
-
Проблемалық тапсырмалар:
-
Берілген мәселені шешу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану.
-
Алгоритм құру және оны компьютерде жүзеге асыру.
-
Симмуляциялық бағдарламалармен жұмыс істеу арқылы құбылыстарды модельдеу.
-
-
Жобалық жұмыстар:
-
Оқушыларға өздері таңдаған тақырыпта жоба жасауға мүмкіндік беру.
-
Жоба барысында оқушылар ақпаратты іздейді, талдайды, ұсынады және қорғайды.
-
Практикада әр сабақта, сабақ мақсаты мен мазмұнына сай бір тапсырма міндетті түрде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма қарастырылуы керек. Сабақта қарастырылатын функционалдық сауаттылықты дамытатын тапсырмалар құру үлгісі:
-
Кесте. Тапсырманы құру үлгі- схема.

Әр сыныпта жас ерекшеліктеріне, тақырыпқа, сабақ мақсатына сай бірнеше тапсырма үлгілерін ұсынамын:
Информатика пәнінен Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту тапсырмалары 5 сынып
Тапсырма №1
-
-
Сабақтың тақырыбы
Тіл алфавиті. Синтаксис
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
6.3.2.1 Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Python тілінің алфавитін біледі.
Көпшілігі оқушылар:
Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады.
Кейбір оқушылар:
Жазған программаның нәтижесін табады.
Бағалау критерлері
Python тілінің әліпбиі мен синтаксисін біледі; Python тілінде айнымалыларды құруды жазады;
Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа құрады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
-
Үй ауласында футбол алаңы тұрғызылады.Алаңның ені, ұзындығы белгілі. Ауданы канша болады. Ауданын есептейтін программа құр
Дескриптор
- Python тілінде айнымалыларды құрады, бағдаарлама жазады
-
Сабақтың тақырыбы:
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін біледі
Көптеген оқушылар:
Өрнектің программалау тілінде жазылуын біледі
Кейбір оқушылар:
Өрнектің мәнін табатын программа құрастырады

Тапсырма №2 (Жинақтау, қолдану)
Сынып бойынша екі тізім құрыңдар. Бірінші тізімге 7ұл баланың, екінші тізімге 7 қыз баланың атын жазыңдар. Екі тізімді қосатын программа құрыңдар.
Дескриптор:
-PYTHON тілінің синтаксисін, list мәлімет типін пайдаланып программа кодын жазады;
-Жазылған программаны тексереді;
Информатика пәнінен Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту тапсырмалары 7 сынып
-
Сабақтың тақырыбы:
Python тілінде күрделі шарттарды программалау

7.3.3.3 Python (пайтон) программалау тіліндегі күрделі шарттарды қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы: Python (пайтон) программалау тілінде логикалық (and, or, not) операторларының жұмысын сипаттайды
Көпшілік оқушы: Python (пайтон) программалау тілінде күрделі шарттарды есеп шығаруда қолданады
Кейбір оқушы: Күнделікті өмірден алынған жағдайларға күрделі шарттарды қолдана отырып мысал келтіреді
Бағалау критерийі
білім алушы:
-
Программаның құрылымымен және операторлардың атқаратын қыметін айтады
-
Логикалық операторларды қарапайым есептерді шешуде қолданады 3.Күнделікті өмірден алынған жағдайларға күрделі шарттарды қолдана отырып мысал келтіреді
Ойлау дағдылары:
Қолдану
-
Тапсырма №3 . Дақ
Ермектің үйіндегі қабырғада келтірілмейтін бір дақ пайда болды. Дақ радиусы R идеалды бір шар пішіндес. Ол осы дақты көлемі W-де H тіктөртбұрыш бір суретпен жабуды жоспарлап отыр. Суреттің осы дақты ештеңе көрінбейтіндей етіп жауып жаппайтынын анықтайтын бағдарламаны жазыңыз.
Енгізу деректері: бірінші жолда дақтың радиусы R саны. Екінші жолда суреттің ұзындығы W саны. Үшінші жолда суреттің биіктігі H саны.
Шығару деректері: егер сурет дақты түгел жабатын болса, онда "Yes" сөзі, егер жаппаса, онда "No".
Енгізу:
2 4 6
Шығыс:
Yes
Енгізу:
3 4 6
Шығыс:
No
Шешімі:
R=int(input())
W=int(i nput())
H=int(input())
D=2*R
if D<=W and D<=H:
print ('Yes') else:
print('No')
Дескриптор:
-Берілген тапсырма бойынша күрделі шартты енгізеді.
-жауаптың біреуін анықтайды
-Күрделі шартты операторды пайдаланып Python программалау тілінде программа кодын жазады
Тапсырманы ұсыну әдіс – тәсілдері:
1. **Интернеттегі зерттеу**: Оқушыларға берілген тақырып бойынша (мысалы, «Жасыл энергия»), интернеттен ақпарат жинау және оны салыстыру тапсырмасы.
2. **Программалау интерфейстері**: Scratch немесе Python платформасында оқушыларға қарапайым ойын құру. Ойын жасау арқылы олар код жазуды үйреніп, логикалық тапсырмаларды шеше алады.
3. **Топтық жоба**: Оқушылар 4-5 адамнан топқа бөлініп, берілген тақырып бойынша (мысалы, экологиялық таза технологиялар) презентация жасау. Бұл тапсырма командалық жұмыс жасау, жоба жоспарлау және презентация әзірлеуге мүмкіндік береді.
4. **Кейс-стадиді талқылау**: Оқушыларға нақты бизнес жағдайын немесе әлеуметтік мәселені шешу үшін топтық талқылау ұйымдастыру. Олардың шешімдері практикалық ретінде қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Қортындылай келе, Информатика пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін әртүрлі тапсырмаларды пайдалану қажет. Бұл тапсырмалар оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай тапсырмалар арқылы оқушылар өмір бойы үздіксіз білім алуға дайын болады. Мұғалім өз оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін бағалау үшін оларға нақты өмірден кейбір мәселелерді қарастыру ұсынылады. Бұл мәселені шешу, бейтаныс жағдайда білімді қолдануды, жаңа шешімдерді немесе әрекет ету әдістерін іздеуді талап етеді, яғни шығармашылық белсенділікті қажет етеді. Заманауи қоғамда ақпараттық сауаттылықтың маңызы артып келе жатқандықтан, мектептерде бұл бағытта білім берудің сапасын арттыру аса өзекті мәселе. Оқушыларға жаңа технологияларды таныстыру, тиімді ақпаратпен жұмыс жасауға үйрету, сондай-ақ, командалық жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру — заманауи білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі.
Сөз соңында, Информатик – Әріптестеріме фукционалдық сауаттылықты өз пәндеріңізде дамыту үшін мынадай кеңестер ұсынамын:
Ұстаздарға сабақ барысында бірнеше кеңестер(лайфхак)
-
Қарапайым пернетақта басу техникасымен сауатты әрі жылдам, талапқа сай теруді қалыптастырып, дамыту үшін әрбір сабақта 5-7 мин 5-11 сыныптар арасында сайыс уақытын өткізіу.
-
Компьютермен жұмыс жасауда үнемі кез-келген жұмыс терезесі элементтерін атап, қызыметін айтқызу
-
Практика теориясыз келмейтінін көз жеткізуде, кітапты дауыстап оқытып отырып, компьютерде жасау
-
Тапсырмалардың деңгейін оқушылардың жасы мен білім деңгейіне қарай іріктеңіз.
-
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріңіз.
-
Тапсырмалардың орындалуын бағалау кезінде тек дұрыс жауапты емес, сонымен қатар оқушының ойлау процесін, шығармашылық қабілетін де бағалаңыз.
-
Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастығын ұйымдастырыңыз
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жылғы 25 маусым.
-
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметі отырысында сөйлеген сөзі. Астана. 2012 жылғы 11 қыркүйек
-
«Информатика» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
-
«Мектептегі информатика сабағы:басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық., 2024ж
-
ICILS-2018 Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық зерттеу: Тест тапсырмалар жинағы: А. Зуева – НұрСұлтан: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Ақпараттық – талдау орталығы» АҚ, 2020ж
-
http://iac.kz/ ICILS (INTERNATIONAL COMPUTER AND INFORMATION LITERACY STUDY) 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын мониторингтік зерттеу. Қазақстандағы ICILS зерттеуінің ұлттық үйлестірушісі «Ақпараттықталдау орталығы»
-
«Информатика сабағында оқушылардың функционалық сауаттылығын дамытудағы тапсырмалар» , Әдістемелік құрал, Бабатаева Ч.М. 2023ж. Өскемен қ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз