400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Информатика тапқырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
қалыпты сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Информатика тапқырлары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Cабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі..

  2. Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика тапқырлары» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Сәлеметсіздер ме Оқушылар және ұстаздар! Біздің «информатика тапқырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өткізіледі. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Сайыста информатикаға байланысты сұрақтар қойылады.

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Олай болса, бүгінгі сайыс сабығымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

1 - бөлім «Таныстыру»

2 - бөлім «Құпия алаң»

3 - бөлім «Шешімін тап»

4 - бөлім «Сөз астында сөз»

5 - бөлім «Шын жүйрікте шаршау жоқ»

6 – бөлім «Сыр жәшігі»

7 – бөлім «Пікірталас»

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

1- бөлім – «Таныстыру».

  • Топтарына ат қояды.

  • Топ басшыларын сайлайды.

  • Топқа ұран шығарады

  • І-ші топ. «Білімділер» тобы 
    Ұраны: Жарыс десе жанамыз 
    Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. 

    Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос, 
    Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
    Жеңіспен мәреге барайық, 
    Жеңістің ұранын салайық. 

    ІІ-ші топ «Тапқырлар» тобы 
    Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе, 
    Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 

    Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым 
    Көрсетеміз бізде қандай күш барын 
    Алға қойған мақсатымыз бір екен, 
    Сәтті болсын сапарымыз әрдайым! 

Мінекей2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2- бөлімді бастайық «Құпия алаң» әр топ оқылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі..

1-топ «Білімділер»

1. Бұл құрылғының атқаратын қызметі ақпаратты өңдеу? (жүйелік блок)

2. Бұл құрылғы алысты жақындатады? (телефон)

3. Бұл құрылғыға 103 саны қатысты? (пернетақта)

4. Ең алғашқы адамдар есептеуге не қолданды? (саусақ)

5. Графикалық редакторға қатысты программа? (paint)

2-топ «Тапқырлар»

1. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

2. Ежелгі орыстардың есептеу құрылғысы? (есепшот)

3. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфеис)

5. Ада Лавлэйс кім? (Программа анасы)

Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3 -бөлімді «Шешімін тап!!!» бастайық. Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, дайындаған жұмбақтарын жасырады. Әр топ 5 жұмбақтан жасырады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.

Осымен 3-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста қажет екен, – деп

4 – бөлімді бастайық «Сөз астында сөз» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына.

Сары конверт сұрағы: КЗ 1048-қазақ әріптерін кодтау кестесін пайдаланып берілген сөзді табамыз. 41F, 415, 420, 41D, 415, 422, 410, 49A, 422, 410

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 
1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….) 
Қызыл конверт сұрақтары:
КЗ 1048-қазақ әріптерін кодтау кестесін пайдаланып берілген сөзді табамыз. 411, 410, 492, 414, 410, 420, 41B, 410, 41C,410

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 

2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…) 

Осымен 4-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп

5-бөлімді бастайық. «Шын жүйрікте шаршау жоқ» кезеңі

Ойынның шарты: Әр команданың топ басшыларына 10 сұрақтан қойылады.  Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.

І командаға

1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

ІІ командаға

1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия) 4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия)

8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)


6-бөлімді бастайық «Сыр жәшігі». Бұл сайыста екі топқа жәшіктің ішіне жасырынған құрылғының атын табу жүктеледі.

Сұрақ. Бұл құрылғыны АPPLE ІІ дербес компьютері үшін 1979 жылы шығарылды. Бұл құрылғы ең алғаш рет 380 доллардан сатылды. Ол әр түрлі әуе базаларында, радарларда және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған САGE орталықтарымен байланыстырды.Оның екі түрі болады, сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Бұл құрылғының қызметі сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыру. Ал қазіргі таңда бұл құрылғының адам өміріндегі алатын орны зор. Ендеше бұл қандай құрылғы. Ойласуға 2 минут уақыт беріледі. (Модем)

7-бөлім. «Пікірталас».

Бұл бөлімде интернеттің оқушы оміріне әкелетін зияны мен пайдасын анықтап постер қорғайсыздар. Сайыстың бағасы он балдық жүйеде беріледі.


Осымен 6-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).



Сары конверт сұрағы: КЗ 1048-қазақ әріптерін кодтау кестесін пайдаланып берілген сөзді табамыз. 41F, 415, 420, 41D, 415, 422, 410, 49A, 422, 410

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 






















































Қызыл конверт сұрақтары: КЗ 1048-қазақ әріптерін кодтау кестесін пайдаланып берілген сөзді табамыз. 411, 410, 492, 414, 410, 420, 41B, 410, 41C,410

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.06.2019
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі