Материалдар / Информатика. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Информатика. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
6939
30 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түсінік хат

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған  білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:
  • мәтінді оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;
  • кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.
Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.  



Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағдарлық жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер
1 Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару
Тәсілдің жақсы жақтарыТәсіл кемшіліктері
Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге боладыҰйымдастырушылық:жеке жұмыс кезінде кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.Психологиялық: толымсыздық комплексін қалыптасады.
2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар)
Жеке дайындығының деңгейін ескере отыра оқушыны жұмысқа жұмылдыру керек, оқушы өз күшіне сенуі керек.Мұғалімнің сабаққа дайындалуына көп уақыт кетеді.
3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы
Әр оқушыны жұмысқа тарту арқылы сыныпта жұмыс жағдай туындайдыБелсенді оқушы белсенділігі төмен оқушыны басып тастайды, өз пікірін міңдеттейді
4. Жұптық жұмыс
Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге жағдай туадыОқушылардың белсенділіктерінің төменділігі – оқу мотивациясының төменділігі
5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану
Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушы тындалады, оны түсінуге жағдай туадыТанымдық әрекеттерге кедергі болып оқушы сабақты «ойынға» айналдыру қаупі бар
6. Бұрынғы алынған тапсрымалармен байланысы жоқ шығармашылық жұмыстарды қолдану
Психологиялық кедергілерді жеңу, танымдық әрекеттердің белсенділігі байқаладыАлған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы
7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс
Оқушының жеке дайындық деңгейін ескеруге жағдай туады, оқушы өз күшіне сенуі керек.Уақытты талап етеді: көп жұмыс жүктеледі, мазасыздық туындап, өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.
8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту
Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайдыМектептің қаржылық базасының шектеулі болуы үлгерімі төмен оқушыларды тартуға қиындық туғызады
9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту
Кедергілерді жеңе білуҚоғамдық жұмыспен және оқушы арасындағы тікелей байланыстың болмауы оқушыны танымдық және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық туғызады
10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары
Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеуАта – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата – аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы
 





Мақсаты:
  • информатика пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
  • оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
  • сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
  • пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
  • үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, информатика пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
 Міндеттері:
  • әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау
  • мемлекетін білім стандартын менгере отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;
  • үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
 Күтілетін нәтиже:
  • оқу бағдарламасына сай білімді өз дәресенде меңгереді;
  • пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады;
  • ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
 Негізгі принцип:
  • нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату;
  • нашар үлгермеуші оқушылардың пән бойынша әр сыныптан анықтау, жүргізілетін жоспарды құру;
  • жазуға биылдықты жүргізілетін жұмыстар (көшіру, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);
  • жазбаша жұмыстар, тесттер (ескерту, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);
  • сөздік жұмыстарын жүргізу;
  • оқушылардың оқыған ғылыми мақалаларға байланысты реферат жазу.
  





































Информатика  пәнінен үлгерімі   төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары 2018-2019 оқу жылы 
 Атқарылатын жұмыстарМерзімі
1Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, білім деңгейінің төменділігінің себептері, мінезі, жанұя жағдайы.Қыркүйек
2Әр сыныпқа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын бекітуҚыркүйек
3Қосымша сабақтар өткізу. Аптасына бір рет
4Жеңілдетілген түрде тапсырмалар беру. Үнемі
5Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға көмектесуге жүктеу.Үнемі
6Тапсырмасы жылдам және жеңіл түрде алынған кім жылдам атты интеллектуалды ойын өткізу.Үнемі
7Тоқсан сайын байқау тестілеудің қорытындысы бойынша мониторингін жүргізу.Тоқсан сайын
8Ата-аналармен, сынып жетекшілермен үнемі байланыста болу.Үнемі
9Оқушыларға  психологиялық, ақпараттық қолдау көрсету.Үнемі
10Басқа пән мұғалімінің сабақтарына қатысу.Үнемі
  Үлгерімі  төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың  мақсаты.
  • Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.2.     Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.3.     Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Үлгерімі  төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгерімі төмен оқушыларменжүргізілетін жұмыстар Берілетін тапсырмаларОрындауға берілетін жұмыс
1Жаңа тақырыпты игертуЖаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалауҮйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.
2Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу1.Тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу2. Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалауҮйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.
3Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыруСөзжұмбақ жасауТест құрау
4Шығармашылық жұмыстарға баулуӘр тарауды ең маңызды тақырыптары бойынша реферат жаздыру2.Пайдалы  құралдарға сипаттама жасатуРеферат жазу 
5Сөйлеу қабілетін дамыту1.Үй тапсырмасын сұрау2. Ауызша сұрақтар қоюАуызша жауаптарынталдау


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс кестесі 
ПәніСыныбыКүніУақыты
1Информатика 3СабақтаКесте
2Информатика 5СабақтаКесте
3Информатика 6СабақтаКесте
4Информатика 7СабақтаКесте
5Информатика 8СабақтаКесте
6Информатика9СабақтаКесте
7Информатика 10СабақтаКесте


Информатика 11СабақтаКесте


Информатика пәнінен 2018-2019 оқу жылындағы үлгерімі төмен оқушылардың тізімі 
Оқушының аты-жөніСыныбы
1



2



3



4



5



6



7



8



9



     Пән мұғалімі: Бектасов Ертуған Болатұлы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!