жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Информатикада білім беруді бағалау критерийлері»
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Физика – математика факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Информатикада білім беруді бағалау критерийлері»
Орындаған: Ж.Мендешұлы
Информатика мамандығының 3 – курс студенті.
Жетекшісі: А.Б. Медешова
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, п.ғ.к., доцент
Орал, 2019 ж
ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
Кіріспе................................................................................................................3
І Оқу жетістігін бағалау жүйесі ...................................................................4
1.1 Оқушының жетістіктерін бағалау мақсаты..............................................4
1.2 Оқушының жетестігін бағалау түрлері жәнепринциптері......................5
1.3 12 - жылдық білім беру кезінде қолданылатын бағалау жүйесі.............6
ІІ Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау...7
2.1 Кембридж тәсілімен оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы..13
2.2 Информатика пәнінде Блум бойынша сабақ жоспары............................17
ІІІ Қорытынды ................................................................................................20
ІV Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................21
Кіріспе
«Баға беру және есепке алу – керемет мақсаттар.Білім алу үрдісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе...»
Теодор Сайзер
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу және білім деңгейін тиімді бағалау қажеттілігі тұр.
Бaғалaу — oқытy нәтижесiн aнықтay үшiн қoлдaнылaтын тәсiл, oқyшының берiлгeн тaқыpыпты мeңгeрудeгі кeмшілiктерін жoюда, oның үлгeрімiнің нәтижeлі бoлуына ықпaл ететін фaктoр.Бaғалау, көбiнесе, бағa қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінінайта кеткен жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты: Информатикада блум таксономиясын тиімді қолдану.Сабақ нәтижелі, сапалы өтіп, әділ бағалауға ықпал ету. Осы жұмыстың негізі сабақ жоспарында критериалды бағалау жүйесін, блум таксономиясын тиімді қолдану.
І Оқу жетістігін бағалау жүйесі
Жеке бағдарлы оқытуда бағалаудың әр түрі мен әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын көтеруге және алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керек екендігін анықтауға мүмкіндік туса, мұғалім оқушының оқу мазмұнын терең түсінуіне және оқып-үйренуде тәуелсіз болуына қажетті ақпараттарды алады.
Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін, әдістері мен техникасын оқушылардың өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын қалыптастыру дәрежесін анықтау мақсатында мәліметтер жинау үшін ұтымды қолдану мұғалімге оқытуды жүйелеуге мүмкіндік береді, яғни әр оқушының талабы мен мүмкіндігі ескеріледі, ал оқушы білім алуына және алдағы өміріне қажетті өзінің білімін, жоғары құзіреттілігін қалыптастыруын бақылайды.
Бағалау – оқыту мәселерінің диагностикасы мен жетістіктерін, кері байланысты, оқу процесіне қатысушыларды (сыныптағы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекет) білім берудің жағдайымен, мәселелерімен, және жетістіктерімен таныстыруды өлшеудің негізгі құралы. Оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі – білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үрдісінің негізгі элементі.
Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.
Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Оқушылар білім алуда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі бағалау мынандай болуы керек:
- оқу процесіне қатысушылардың барлығына түсінікті;
- икемді;
- көп жабдықты;
- психологиялық жағынан жағымды;
- көп құрылымды.
Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушылық), жиынтық.
1.1 Оқушының жетістіктерін бағалау мақсаты.
Оқушының білім алудағы жетістектерін бағалаудың мақсаты алынған білім нәтижелерінің алдын ала жоспарланған деңгейге сәйкес келу дәрежесін анықтау болып табылады.
Бағалау
- оқушының оқудағы мақсаты мен жетістіктерге жету критериіне көңіл аудару:
-мұғалімнің әрекетін әр оқушыны жеке дамыту технологиясын жетілдіруге бағыттау, атап айтқанда:
-оқушыға ары қарай білім алуда дұрыс шешім қабылдауға қажетті ақпараттар беру (өз күшін қайда бағыттау, неге көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзету, қай жағынан жетілдіру керек);
оқушыға өзін өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
- оқушылармен үнемі кері байланыста болу;
- оқушыға ары қараймақсаттытүрдебілімалукерекекендігіндәлелдеу;
- ақпараттарды беру:
- оқушығаоныңжұмысыныңсапасытуралы;
- оқушыдағыпроцестертуралымұғалімдерге;
- білім алу нәтижесіндегі жетістіктердіңдеңгейітуралыата –аналарға;
Мектеп және елді мекен (аудан, қала, облыс, т.с.с)бойыншажалпыесеп беру саясатынқалыптастыру.
1.2.Оқушының жетестігін бағалау түрлері және принциптері.
Мұғалімге өз қызметінде мынандай принциптерді басшылыққа алуға тура келеді:
Маңыздылық.Оқушының білім алудағы және іс – әрекетіндегі неғұрлым маңызды жетістіктерді бағалауға көңіл аудару.
Теңбе-теңдік.Оқушының білімінің, іскерлігінің, дағдысының, құндылықтарының, мақсаттағы құзіреттілігінің және оқудағы жетістіктерінің бағаларының сәйкес болуын қадағалау.
Шындық және әділдік.Нақты бағалау критериін жасап жүзеге асыру. Критерий бағалауды және белгі қоюды оқушыға қысым жасау қаупінен арашалайды.
Интеграциаланған.Бағалауды жүзеге асыру жоспарлы және жан-жақты ойластырылған оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Ашықтық.Бағалаудың критериі мен әдістерін тапсырманы орындамас бұрын хабарлау. Оқушылар бағалау критериін жасауға да қатыса алады.
Қолжетімділік.Барлық білім алу процесіне қатысушылар үшін бағалау процесінің қарапайым және оның түрлері мен әдістерінің айқын болуына ұмтылу.
Жүйелілік.Бағалау процедурасын тізбектей және жүйелі орындау.
Мейірімділік.Оқушы мен мұғалімнің арасында жетістіктерді арттыруда серіктестік қатынаста болуға жағдай жасау.
Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жиынтық, қорытынды).
1.3 12 - жылдық білім беру кезінде қолданылатын бағалау жүйесі 12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 балл – қанағаттанарлықсыз
1-2 балл – қанағаттанарлықтан төмен
3 балл – қанағаттанарлық
4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары
5 балл – жеткілікті жақсы
6 балл – жақсы
7 балл - өте жақсы
8 балл - үздікке жақын
9 балл – үздік
10 балл - өте үздік
Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі.Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.
Оқу жетістіктерін бағалау түрлері
Сабақ
сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін
бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне
сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында
бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың
орташа арифметикалық мәнін анықтау
арқылы жүзеге асырылады. Орташа
арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу
іс - әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті,
продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды
орындағанда алған оқушылардың балдары
пайдаланылады.
Жалпылау,
тақырыптық және қорытынды бағалауда
мұғалім олардың іс - әрекеттерінің
барлық деңгейлерін ( репродуктивті,
продуктивті, шығармашылық)
ескереді:
Ағымдық
Кезеңдік
Межелік
Ағымдық
- 2 – 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде
бағалау
(
тақырыптық, сабақ сайын);
Кезеңдік – бөлімді аяқтауда, сондай – ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау);
Межелік – оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2,4,6,8,10,12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.
Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі.
Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.
ІІ Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау
Критерийлік бағалау жүйесі- қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерийлік бағалау
Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады ;
Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес ,
эталонмен салыстырылады, ( үздік орындалған жұмыс үлгісімен),
эталон оқушыларға алдын ала белгілі;
Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты алгоритмі жасалған;
Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады , сондықтан бағалау критерийі - оқу мақсаттарының нақты көрінісі;
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – бағалау критерийлері болып табылады;
Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.
Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Өткен тақырып бойынша барлық жұмыстар, бақылау жұмыстары да сәйкес рубрикамен бағаланады. Рубрикаларды оқушы әр тақырыпты бастар алдында алады. Бұл берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы қалай бағаланатындығын түсінуіне мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, рубрика оқушыға берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде нені үйренетіндігін және осы тақырыпты меңгеру үрдісінде неге көбірек көңіл аудару керек екендігін көрсетеді. Яғни, оқушы өз оқуының белсенді бір жағы – субъект болады.
Рубрика – оқушы не үшін оқып жүргендігін, критерий – ол нені үйренуі керек екендігін, ал дескриптор – оқушы оны қалай орындау қажеттігін көрсетеді. Егер рубриканы қандай да бір төбе деп есептесек, критерий – баспалдақ, ал дескриптор – жоғары көтеріле отырып, сенімді түрде мақсатқа қарай жылжуға болатын жеке басқыштар.
Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады.
Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай-ақ, критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий құнына өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.
Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. Балдық жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу керек. Бағалаудың әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс табады.Барлық көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша өлшенеді және есептеледі және оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау криериийлерімен және дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол дескрипторлар арқылы оқушылар өзінің деңгейін анықтай біледі.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде негізгі 6 критерий қолданылады.
Критерийлер |
Дескрипторлар |
Макс. балл |
А Теориялықбілім |
Материалды білу және арнайы терминдер мен түсініктерді дұрыс және оңтайлы пайдалану. |
6 |
В Коммуникация |
Логикалық ауызша немесе жазбаша түрде берілген терминология мен шартты белгілерді пайдаланып, оқушыларға ғылыми ақпараттарды беру мүмкіндігі. Ақпаратты беру кезінде оқушылар көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбанұсқалар, модельдер) пайдаланады |
6 |
С Есептер шешу |
Оқушылар ғылыми ақпаратты берерде әртүрлі ақпарат көздерін қолданып, таныс және стандартты емес жағдайларды шеше алады, оны қолдана алады, алынған ақпаратты талдай алады. |
6 |
D Жобалау жұмысы |
Оқушы мұғаліммен зерттеу мәселесін, мақсатын анықтап, зерттеу әдістемесін таңдайды, өз қызмектін жоспарлап, қорытынды шығарады, алынған нәтижелерді өз бетімен бағалай алады. |
6 |
Е Ақпаратты өңдеу |
Оқушы барлық мәліметтерді жинақтап, жаза алады; қажет болған жағдайда СИ жүйесіне келтіріп, сәйкестендіреді,мәліметтерді жүйелеп, сызбанұсқа түрінде және кесте түрінде жаза алады; нәтижені талдап, қорытынды жасайды |
6 |
F Тәжірибе жүргізу |
Оқушылар лабораториялық құралдарды дұрыс пайдалана алады; байқаудағы және өлшеулердегі нәтижелерді дұрыс ала алады; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды. |
6 |
Критериалды бағалау шкаласы(рубрикаторлар).
Критерий |
Тап-сыр-ма № |
Дескрипторлары |
Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай |
Жетістік-тер деңгейі |
А |
1 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
6
|
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін салыстыра алады |
2 |
|||
2 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
||
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты көлемде салыстыра алады |
2 |
|||
3 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
||
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты массада салыстыра алады |
2 |
|||
В |
4 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
6 |
Оқушы заттың тығыздығының молекуланың орналасуына тәуелділігі молекулярлық көзқарас бойынша жүйелі түсіндіріледі және дұрыс талдай алады. |
2 |
|||
5 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
||
Оқушы зат массасының оның тығыздығына әсерін анықтай алады. |
2 |
|||
6 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
|
||
Оқушы зат ұзындығының тығыздығына тәуелділігін анықтай алады. |
2 |
|||
С |
7 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
4 |
Есептің шарты дұрыс жазылған |
1 |
|||
Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне келтіре алады |
1 |
|||
Формуланы дұрыс түрлендірген |
1 |
|||
Оқушы мәндерді дұрыс қойып, дұрыс жауабын ала алады |
1 |
|||
8 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
4 |
|
Оқушы есеп шартын жаза алады |
1 |
|||
Бірліктерді СИ жүйесіне келтіре алады |
1 |
|||
Формулаларды дұрыс жазады |
1 |
|||
Дұрыс жауабын шығарады |
1 |
|||
6 |
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. |
0 |
6 |
|
Есеп шарты дұрыс жазылған |
1 |
|||
Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне дұрыс келтіріп, формулаларды жазған |
2 |
|||
Ізделетін шаманы дұрыс таба алады |
2 |
|||
Оқушы дұрыс жауабын ала алады. |
1 |
Жауап парағы:
№
|
Оқушының аты - жөні |
Критерийлер бойынша ұпайлар |
Ұпай жиыны |
Бағасы |
|||||||
А |
В |
С |
|
|
|||||||
1 |
|
6 |
6 |
14 |
28 |
|
|||||
2 |
|
|
|
|
|
|
|||||
немесе
№ |
Оқушының аты жөні |
А Білім және түсінік |
В Коммуникация |
C Жағдаятты шешу |
D Рефлексия |
ұпай |
|||||||||||||||||||||||
Жетістік деңгей(max 24) |
Жетістік деңгей(max 24) |
Жетістік деңгей(max 24) |
Жетістік деңгей(max 24) |
||||||||||||||||||||||||||
|
|
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:
Жиналған ұпай саны |
Бағасы |
24-28 (85-100%) |
«5» |
20-23 (70-84%) |
«4» |
14-19 (50-69%) |
«3» |
13-0 (0-49%) |
«2» |
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий — формуланы пайдалана алатындығын анықтайды. Үшінші критерий осы формула арқылы графикті қалай сызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесінде баланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласы бағаға ауыстырылады.
Еліміз компьютерді толық меңгеру, ғаламторда жұмыс істеу бойынша Сингапурдан 20 жыл кейін қалған. Біз 10 жылда Сингапурға қуып жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал критериалды бағалау жүйесінен Англиядан 40 жылға кейін қалғанбыз. Әлем елдері критериалды жүйеге әлдеқашан көшіп кетті.
Критериалды бағалаудың функциялары:
бақылау;
дамытушылық;
оқытушылық;
мотивациялық;
тәрбиелік;
диагностикалық.
4.Критериалды бағалаудың тиімділігі
- Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
Білім беру сапасын арттыруға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке
оқыту траекториясын құруға;
Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
- Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
- Ата-анаға:
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
2.1 Кембридж тәсілімен оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.
Ұлы қазақ педагогы Ы.Алтынсариннің айтқанындай мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т.б.) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету — аталмыш теорияның негізгі мақсаты.
Біз Кеңес Үкіметі кезінен бастау алған оқытудың дәстүрлі түрін осы күнге дейін басшылыққа алып келдік. Ол өз кезегінде жұмыс нәтижесін де берген. Елімізде қаншама зиялы қауым, білікті мамандар мен басшылар, қызметкерлер, инженер мен экономист, дәрігер мен педагогтар және т.б. тұлғаларды оқытудың дәстүрлі әдістерімен дайындаған болатын. Енді еліміз егемендік алып дамыған, прогресшіл елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Сол себепті білім беруді мектептен бастап, оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек. Мұғалімдер осы күнге дейін қолданып келген оқытудың әдіс-тәсілдерінен арыла алмай келеді. Мектептегі атқарып келген іс-әрекеттері бір сыдырғы. Үйреніп алған бір әдістерін зейнеткерлікке шыққанша қолдана береді. Бірі-бірінен естіген оқушыларда да сабақ барысында ешқандай қызуғышылық болмайды, ілгерушілік байқалмайды.
Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том).
1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет).
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b.).
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз. Курстың соңғы айында толығымен рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады. Оны әр топтың тыңдаушыларын бағалайтын тәуелсіз бағалаушылардың құзырына береміз.
Біз, студенттер, осындай қиындықтарды шешуге жол сілтей отырып, бағыт-бағдар беріп мұғалімдердің кәсіби жұмыстарында оқушыларды нақты, әділ баға беруіне жол ашамыз, дағдыландырамыз. Сондай мұғалімдерден білім алған әр-бір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса Тәуелсіз Еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз.
2.2 Информатика пәнінде Блум бойынша сабақ жоспары
Күні: |
Пәні: информатика
|
Сыныбы: 7 |
Сабақтың тақырыбы: |
Алгоритм және оның атқарушылары Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар
|
|
Жалпы мақсаты: |
Алгоритм және оның атқарушылары түсінігімен, түрлерімен таныстыру. |
|
Сілтеме: |
Microsoft PowerPoint, электронды оқулық |
|
Оқу нәтижесі: |
Оқушылар алгоритм және оның атқарушылары ұғымымен танысады. Алгоритмнің жазу пішімі мен блок-схемалар құрып үйренеді. |
|
Негізгі идеялар: |
Алгоритм, атқарушы, алгоритм жазу пішімдері, блок-схема. |
|
Қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик. |
|
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: |
«ИНСЕРТ» әдісі, «Өзім үшін жащу» стратегиясы, Жеке жұмыс, топтық жұмыс, Блум таксономиясы. |
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Психологиялық дайындық |
Топқа бөлінеді. Түрлі түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлу.
|
Топқа бөлінеді. Алған кәмпиттердің түсі бойынша жинап, топқа бірігеді. Топ ережесін құру. |
І. Білу |
Тақырыпты ашу. Тақырыптың мазмұнын ашу үшін «insert» стратегиясы қолданылады. Интерактивті тақтада алгоритм ұғымы, сөзі бойынша түсініктерін жазғызу
Алгоритм
|
Топтан бір-бір оқушыдан шығып, жауаптарын тақтаға жазады. береді. Қалған оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарын қояды. |
ІІ.Түсіну |
Интерактивті тақтада, электронды оқулықтан жаңа тақырып түсіндіріледі. «Өзім үшін жазу» стратегиясы арқылы тақырыпшалар әр топқа бөлініп беріледі оқушылар өздеріне керекті анықтамалар мен формулаларды дәптеріне жазып алады. Алгоритм – мақсатқа жету үшін әрекеттердің тізбектеліп орындалуы. Алгоритмді орындаушы іске асырушы – адам, компьютер, робот болады. Алгоритмнің берілу тәсілдер: Табиғи тіл Графиктік тіл Арнаулы тіл Робот ойынын ойнату. Орындаушы ұғымын түсіну үшін. |
Түсініп тыңдап, қажеттісін дәптерге жазып алып отырады. |
ІІІ. Қолдану |
Топтық жұмыс. Әр топ алгоритмнің үш берілу тәсілі бойынша үш топ «Табиғи тілдер», «Графиктік тілдер», «Арнаулы тілдер» болып тақырыптың мазмұнын ашады. Постер құрады, қорғайды. |
Оқушылар постер құрады, топ басшысы қорғайды. |
Сергіту сәті. |
Әуен ырғағымен би билеу. «Шоқ қыздар» |
Би билейді.
|
ІҮ. Талдау
|
Б Б Е Есептеу Ш Қайталау блогы |
Дәптерге әр блок-сызбаның қызметін жазып алу. |
|
|
|
Ү.Жинақтау
|
I топ: 1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты? 2. «Сабаққа даярлану» алгоритмін құру, блок-сызбасын. II топ: 1. Алгоритм неше түрге бөлінеді? Алгоритмді ұсыну тәсілдері. 2. «Компьютерде ойнау» алгоритмін құру, блок-сызбасын. III топ: 1. Арнаулы тіл дегеніміз не? 2. «Тамақ пісіру» алгоритмін құру, блок-сызбасын. |
Топ болып жауап береді, алгоритм құрады. |
ҮІ.Бағалау
|
Топбасшысының бағалауы болады. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтық бағалау. |
Жұптарын бағалайды. Топбасшысы бағалайды. |
V. Үйге тапсырмасын беру |
Алгоритм және оның атқарушылар, алгоритмнің жазу пішімдерін оқу. Блок-сызба құрып келу. |
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. |
VII. Рефлексия
|
«Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі. |
Стикерге ойларын жазып тақтаға іледі. |
ҚОРЫТЫНДЫ
Нағыз мұғалім, педагог болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерімен санасу, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет.Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру, жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, қабілетін дамыту міндеттері тұр.Демек мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей шығармашылығын шындап, озық іс-тәжірбиелерді пайдалана білуге оқушы қызығушылығын арттырып сонымен бірге оқушы санасына күш түсірмей білім беруге болады деп ойлаймын.
Жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып сабақ берудегі үлгерімді көтеруге айтарлықтай көмегін тигізетін, оқушының оқуға қызығушылығын арттыратын, шығармашылығын шындайтын, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуге әбден болады.Мұғалім «5» немесе «2» алған оқушының білімінің сол бағаға сәйкестігін нақтылау үшін қосымша сұрақтар қойып оқушыға мүмкіндік туғызу керек. Содан кейін ғана сынып журналына бағаны қойса оқушы және мұғалім арасында келіспеушілік туындамайды. Мұғалім мен оқушы арасында сәйкессіздік орын алса. Онда оқу үрдісіндегі мағыналық және психологиялық кедергі тууы мүмкін.Оқушы еңбегінің жемісін күнделікті бағалап отыру-мұғалімнің басты парызы. Өйткені, еңбегінің күнделікті бағаланатының сезінген бала алға ұмтылып, жақсы оқуға ынталады. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек. Ал журналға қойылған «екілік» оқушының ынтасына, талабына кері әсер етуі мүмкін. Кейде оқушылар тарапынан «әттең, қайта сұраса», «5-тік алсам» деген талпынысты байқауға болады. Осылай талаптанған шәкіртті аңғарып, оларға да кешіріммен, түсіністікпен қарай білу қажет.Оқушы білімінің сапасы-оқытушының білімділігі мен біліктілігінің іскерлігінің айнасы. Нарық заңдылығына сүйенсек кез-келген өнімнің сапасын өндіру емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет.Сондықтан оқытушының берген білімін, оның өзі емес, басқалардың да бағалағаны жөн. Сонымен қатар оқушы білімін бағалауда қазіргі заман талаптарымен, оқушылардың сана-сезімдерімен, психо-педагогикалық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Ал, жаңартылған білім беру жүйесінің әдіс – тәсілдерімен, бағалау түрлерін Информатикада қолдану арқылы оқушылар пән бойынша білім деңгейін біліп, өзін – өзі бағалауды үйренеді, бұл мұғалім мойнындағы жүкті азайтып, білім беру жүйесінде ата – ана оқушының игеруге қиын тақырыптары мен әр – түрлі мәселелік жағдайларын біліп, көмек көрсетуге ыңғайлы жүйе деп ойлаймын.Жаңартылған білім беру жүйесіндегі оқушылардың критериалды «жарайсың! бәрекелді! тамаша!» сын есімдермен бағалануы, оқушыларға ерекше күш жігер, мотивация беретіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/ Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы «Қазақ энцклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 І том
Alashainasy.kz, Assesstment Reform Group, 2002 b.
Бахмутский А.Е. Школьная система оценки качества образования.// Школьные технологии. – 2004. - №1. – С. 136
Бенькович Т.М. Модель образовательного рейтинга в портфолио учебных достижений// Профильная школа. - 2005. - №2. - С. 48 – 50.
Блинов В.М. Эффективность обучения (методологический анализ определения этой категории в дидактике). - М.: Наука, 1976. – 113 с.
Бобков Н.Е., Контроль за усвоением учебного материала//Советская педагогика. – 1984. - №9. - С.53-56.
Вязовова О.В. Организационный рейтинг системы оценки знаний учителя//Информация и образование. – 2001. - №4. – С. 34-38.
Герасимова Н.А Оценка знаний должна воспитывать// Воспитаниешкольников. – 2003. - №6. – С. 40-44.
Громова Т.Г. Не оценивать, а мотивировать// Управление школой. –2005. – 16-30 ноября (№22). – С. 23-25.
Зимняя И.А.Компетентстностный подход: каково его место в системе современных подходов к проблеме образования? (теоретико– методологический аспект)//Высшее образование сегодня.- 2006 .- №8. - С. 20-26.
Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентстностый подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно–методическое пособие. – М.: АПК и ПРО, 2003. – 101с.
Касьяненко М.Д.Комплексныйконтрольучебнойдеятельности //Советская педагогика. – 1986. - №10. – С. 46-49.
Кобардин О.Ф.,Земляков А.Н. Тестированиезнаний и умений учащихся. – М.: Наука, 1991. - С.26-33.
Костылев Ф.В. Учить по-новому: Нужны ли оценки-баллы: 2000О показателях качества образования.// Высшее образование в России.– 2004. – №11. – С. 92 – 96.
Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. - М.: Академия, 1999. – 290 с.
Модернизация образовательных систем: от стратегии до реализации: Сборник научных трудов / Науч.ред. В.Н.Ефимов, под общ. ред. Т.Г.Новиковой. – М.:АПК и ПРО, 2004. – 192с.
Новикова T.Г.Портфолио как форма оценивания индивидуальных достижений учащихся // Профильная школа . – 2004 . - № 2 . – С. 48-56
Новикова T.Г., Прутченков А.С., Пинская М.А. Рекомендации по построению различных моделей и использованию портфолио учащихся основной и полной средней школы // Профильная школа. - М., 2004. —С.4-11.
Никитина С.И. Эксперимент по созданию портфолио по информатике // Применение новых технологий в образовании: Материалы XVI Международной конференции 28-29 июня 2005. — Троицк, 2005. - С. 45-47.
Остапенко А.А. Основы моделирования системы школьной оценки // Педагогическаядигностика. - 2004. - №3. – С. 60-68.
Переверзев В.Ю., Ярочкина Г.В. Оценка ключевых компетенций учащихся// Профессиональное образование. - 2006. - №3. - С. 26 – 27.
Рейтинговая система// Высшее образование в России. – 2001. - №4.– С. 131 – 137.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген