Информатикадан сыныптан тыс іс шара ExcelBatle

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатикадан сыныптан тыс іс шара ExcelBatle

Материал туралы қысқаша түсінік
8 cынып оқушылары арасында информатика пәнінен сайыс сабақ. Тақырыбы Excel batle. Эксель бойынша негізгі түсініктерді еске түсіру, қайталау сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

35 ЖОББМ













Сыныптан тыс іс – шара :

«Excel battle»










Дайындаған: Аргынгазина Ж.Н.










Тақырыбы: Excel battle

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, логикалық  қабілетін дамыту, алған білімдерін пысықтау. Оқушыларды ұйымшылдыққа, қызығушылыққа, жауапкершілікке, тыңдай, сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топтық, көрсету, көрнекілік, сұрақ –жауап

Көрнекілік: Интерактивтік тақта, слайд, плакат, үлестірмелі кеспе, сергіту сәті видеосы

Сабақтың құрылымы:

  1. Рэп-батл. Рэп стилінде топтарды таныстыру. (үй тапсырмасы)

  2. Кейс-батл. Сұрақ жауап сайысы

  3. «Графити-батл» берілген кесте бойынша әдемі диаграмма салу

  4. Сергіту сәті. Данс батл

  5. Марапаттау


Жүргізуші:

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Excel Batle » атты кешімізге қош келдіңіздер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа, 
Табылғандай танымда, жат дауыста. 
Біреу озып келеді қатарынан, 
Біреу қалып жатады асығыста. 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып, 
Біреу мығым, біреулер шалыс басып. 
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, 
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. Деп сайысымызды бастайық

Әділ-қазылар алқасын сайлап алайық: 
1)

2)

3)


Жүргізуші:


  1. Бөлім Рэп-батл. Рэп стилінде топтарды таныстыру. (үй тапсырмасы)әр топқа берілетін регламент 1-2 минут


Мінекей 4 топтың таныстыруын тыңдадық, бұл бөлімде таныстыруларын жақсы айтқан топқа 5 ұпайдан беріледі.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп
2-бөлімді Кейс-батл. Сұрақ жауап сайысы бастайық


Топтарға кейстарды тандап, сұрақтарға жауап беру ұсынылады

Кейс сұрақтары:


5 ұпайлық кейс сұрақтары:

  1. MS Excel дегеніміз не? (сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған  Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа)

  2. MS Excel де бағандарды қалай белгілейміз? (бағандар латын әріптерімен белгіленеді)

  3. MS Excel де жолдарды қалай белгілейміз? (жолдар сандармен белгіленеді)

  4. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)


10 ұпайлық кейс сұрақтары:

  1. Ұяшық дегеніміз не? (Баған мен жолды қиылысынан тұратын ең кіші кесте элементі)

  2. MS Excel кестесінің элементтерін ата (баған, жол, ұяшық)

  3. MS Excel кесте ұяшығына енгізілетін деректердің қандай типтері бар? (сандық, мәтіндік, уақыт)

  4. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)


15 ұпайлық кейс сұрақтары:

  1. Электрондық кестедегі формула деп нені айтады? (теңдік таңбасынан кейінген ақпаратты айтады)

  2. Электронды кесте дегеніміз не?(Кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесін электрондық кесте деп атаймыз)

  3. MS Excel Бағандар саны қанша?( 256)

  4. Excel-дің жұмыс парағы қанша бағаннан және қанша жолдан тұрады? (256 баған, 65536 жол)


Жүргізуші:

Осымен 2- бөлім аяқталды.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп


3-бөлімді бастайық. Графити-батл деп аталатын бұл сайыста берілген кестені excel ортасына толтырып, шешімін табу керек. Дұрыс орындаған топқа 10ұпай беріледі.


Ұсынылатын кесте:


Әділ қазылар өз қортындысын жасағанша, Данс батл, яғни сергіту сәтін ұйымдастырайық!


Марапаттау

Жеңімпаз команданы анықтап марапаттау

Сау болыңыздар!!!














Таратпа материалдар








Бағалау парағы




Топтар



Рэп батл







Кейс-батл







Графити-батл







Қорытынды







Орын













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2021
839
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі