«Kundelik.kz», «Online mektep» жүйелерін оқу- тәрбие
үрдісінде қолдану жұмысы туралы жас мамандарға кеңес беру.
Бейнетүсіндіру .
kundelik.kz – электрондық журналын толтыру туралы жас
мамандарға, басқа да барлық ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде
бейнетүсіндірулер үнемі жіберіліп отырылады.
Мереке
күндері, сабақтарды кіріктіру кезінде арнайы мектепішілік бұйрық
шығарылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Сынып
жетекшілерге ата-ана мен оқушының kundelik.kz ке кіріп өз баласының
логин-парольдарын алуы, баллдарын көріп отыруы, активация жасауы
туралы бейнетүсіндірулер жасалып, қосымша жұмыстар
жүргізіледі.
Сынып
жетекшісі ретінде оқушының табелін алу, ЭЦП арқылы қол қою туралы
да үнемі түсіндірме бейнесабақтар жіберіледі.
kundelik.kz бойынша барлық пәндерден оқу бағдарламасының
орындалуы да тоқсан сайын тексеріліп, МО жетекшілеріне және барлық
пән мұғалімдеріне үнемі бейнесабақтар жіберіліп, ютуб каналдан да
сілтемесі беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
https://www.youtube.com/channel/UCWBAC_EGdzLgoMT9vsg3nRQ/videos
Youtube
каналымның сілтемесі. Осы сілтеме арқылы да кез-келген мұғалімдер
өздері кіріп бейнетүсіндірулерді алып көре алады.
kundelik.kz күнделікті тексеріліп отырылады. Барлық
параметрлер бойынша күнделікті 100 пайыз шығып тұруы
керек.
01.09-
28.10.2022 ж аралығында 1- тоқсан бойынша kundelik.kz электрондық
журналының толтырылуы тексерілді. Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау
және үй тапсырмасы, сабақ өтілді деген белгі 100 пайыз болып тұру
керек. Ал күнделікті сабақ өткен соң келесі күні қалыптастырушы
бағаның уақытылы қойылуы мен үй тапсырмасының уақытылы берілуі
тексеріледі.
Мектеп
бойынша 146 мұғалім бар. Мұғалімдердің барлығы күнтізбелік
тақырыптық жоспарлауды, үй тапсырмасын, сабақ өтілді деген белгіні
уақытылы қойған үшін 100 пайыз 1 тоқсан бойынша шығып тұр.
Күнделікті уақытылы ФО мен көзді басу бойынша толық толтырмаған
үшін пайыз төмен көрсетіліп тұр.
Kundelik.kz электрондық журналының
мониторингісі
Жас мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
интербелсенді платформалардың түрлері үнемі бейнесабақтары
жіберіліп, және де арнайы шығармашылық топ құрылып, шебер сыныптар,
вебинарлар жүргізіліп отырылады.
Шығармашылық топ мүшелері: С.Туткабаева,
М.Тленчиева, Г.Сулейменова үнемі
жас мұғалімдерге қолдау көрсетіп, тиімді
платформаларды сабақта қалай қолдану жолдарын көрсетіп, практика
түрінде өздеріне жасатқызып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп
отырады.
Wooclap.com платформасы арқылы “Бұлтты сөз” әдісін қолданып, берілген суретке
қарап, құрылғылардың атауларын жазып, сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айқындап алу тапсырмасын орындатқызды.
Neorpod.com платформасын қолдануды көрсетті. Сәйкестендіру тапсырмасы,
тест тапсырмасы, сөзді орнына қою, сурет салу тапсырмасының
тиімділіктерін көрсетті.
Learnis.ru платформасы арқылы интерактивті видео көрсетілді. Алдымен
оқушылар
аттарын
жазып тіркеледі. Видеоның басында және аяғында тапсырма бар, соны
орындаймыз, нәтижесі бірден шығып отырады деп қатысушыларға видео
көрсетті.
Liveworksheets платформасының тиімділігі бұл ЖМЦ пәндерінің бәрінде
қолдануға өте тиімді. Дайын тапсырма үлгілері бар, өзіміз де
тапсырма жасау мүмкіндігі бар.
QUIZIZZ платформасын қолдануды көрсетті. Бұл тест құрастыру платформасы. Тест
нәтижесі бірден шығып, қалыптастырушы бағалаулары бірден
көрінеді. Padlet.com сайты арқылы кері
байланыс жүргізіп, платформаның тиімділігін айта кетті.
Online mektep платформасы бойынша барлық сынып
оқушыларын тіркеп, логин-пароль беріп, барлық пән мұғалімдеріне
логин-парольдар берілді. Әр пән бойынша тиімді тапсырмалар мен
бейнесабақтарды пән мұғалімдері сабақтарында қолдануда.
Ұсыныс:
-
kundelik.kz электрондық журналын уақытылы толтырылуын
барлық пән мұғалімдері өз бақылауларына алу, күнделікті өзін-өзі
тексеріп отыру керек.
Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева, инженерлік қызмет
көрсетуші М.Сартбаевқа жүктелсін.
-
kundelik.kz электрондық
журналындағы өзгерістер болса бірден бейнетүсіндірулер жасап,
әдістемелік көмек көрсету. Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева, инженерлік
қызмет көрсетуші М.Сартбаевқа жүктелсін.
-
Тиімді платформаларды жа мұғалімдерге, көмек қажет ететін
пән мұғалімдеріне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек. Жауапты:
Шығармашылық топ мүшелері