400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Іңкәр көңіл, нәзік сезім.

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға арнылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 09.03.17

Сабақтың тақырыбы: Іңкәр көңіл, нәзік сезім.

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру

Мұғалімі: Сынып – 10

Сабақтың мақсаты: - махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : - адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;

- ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;

- сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Баяу әуен тыңдау»

2. Үй тапсырмасын тексереру: Дәптердегі тапсырманы тексеру және дәйексөзді жатқа сұрау.


Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Махаббатсыз дүние - бос » деген қанатты сөзге оқушылардың назарын аударту.Сұрақтар қою.

- Сезім әркез екіжақты бола ма?

- Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?


4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген «Күн ұрланған күн» атты мәтінін оқу ұсынылады.

Қорыту:

- Егер Күнайдың орнында болсаңыз не істер едіңіз, оның шешімін құптайсыз ба?

- Сырыңды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсың?

- Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?

Г.Сайынқызы

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар «Достық қарым-қатынасқа тез түсінесіз бе?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырады.

Баяу әуен қойылады.



6. Топпен ән айту. «Гүлдәурен»

әні-сөзі: М. Шаханов

Асау өмір арнасында

Шалқып сәби сезімменен

Он жыл мектеп партасында

Бірге отырдым өзіңменен

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды.


7. Үй тапсырмасы. № 1 Мақал-мәтелдер жаттау.

Келесі сабақ. № 2 «Сүйеді, сүймейді» атты әңгімені оқып келу.



8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Ақиқат, ақиқат бар жерде, ақиқат, ақиқат» бүкіл әлемде.










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі