400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инженерлік іс және техникалық даму

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж оқытушылары үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рудный құрылыс және көлік колледжінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Сақтағанова Инеш Әшімқызы

2 курс


Күні:

Топ:

Сабақтың тақырыбы: Инженерлік іс және техникалық даму.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға Қазақ ұлттық техникалық университеті туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: мәтінді оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, қыстырма сөзді қолданған кезде хабарлы сөйлемді дұрыс айтуды машықтандыру, оқушылардың сөздік қорын белсенді түрде байыту;

Тәрбиелік: білім алушылардың бойларында қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін, әдеби мәтіндерге эстетикалық талғаммен қарауды және рухани байлықты қалыптастыру.

Сабақтыңі түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Пәнаралық байланыс: химия, орыс тілі, география

Көрнекіліктер: Қ.Сәтбаевтың суреті, суреттер, презентация

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу

ә) Блиц сұрақтар

II. Үй тапсырмасын тексеру. Қазақстанның экономикасы.

III. Жаңа сабақ. Инженерлік іс және техникалық даму. Грамматикалық: Қыстырма сөздер.

Сабақтың эпигарфы:

    Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана "Білім" деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
                                                   Қ.И.Сәтбаев

Мұғалім сөзі:

Тарихта Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетті тарихы техникалық жоғары білім жүйесінің бастауы ғана емес, қазақ мәдениетінен де өзіндік орын алады.

История Казахского национального технического университета им. К.И.Сатпаева — флагмана инженерного образования республики неразрывно связана с историей нашего государства, его культурой и системой высшего образования

МShape1 әтінмен жұмыс. (90 бет)

Сөздік жұмысы.

Мәтінді оқып, аудару.
   

Кластер құрастыру






1-жаттығу. Әр сөйлемге 1 жай сұрақ қойыңыз.

Бүгінде Қазақ ұлттық техникалық университеті еліміздің өнеркәсібі, халық шаруашылығы үшін 100 мыңнан астам жоғары білікті инженерлер мен ғы­лыми-техникалық кадрлар даяр­ланды. Олар еліміздің өнеркәсіп саласы­ның өркен­деуіне, тәуелсіз Қазақстанның қарышты қа­дам­мен дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Өзге халықаралық техни­калық оқу орында­рымен қарым-қатынас­тар жөнінде айтар болсақ, Американың Гирне университе­тімен, Шве­ция­ның Корольдік технология институтымен, Колорадо Тау-кен мектебі­мен, Мәскеу болат және қорытпа институт­тарымен бакалавр, магистрлер мен PhD доктор­ларын бірлесіп даярлап, қос диплом беру жөнінде келісім-шарттарға қол жеткізілді.



Сөйлемде негізгі айтылған ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздерді қыстырма сөздер деп атайды.  

Қыстырма сөздерге жаттығу орындау. (тақтада)

  1. Шынында, ол аса талантты әрі іскер адам. (Қыстырма сөз-Шынында)
    2. Қап, мұны білгенiмде, келмес едім. (Қыстырма сөз-Қап, бәлем)
    3. Ендеше, Саматты осы әдетінен қалай арылтамыз. (Қыстырма сөз-Ендеше)

Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын! (Абай).
Тыңда, дала, Жамбылды,
Тыңда, Қастек, Қаскелең,
Сөйлесін кәрі бауырың
(Жамбыл).
Ей, Аққу, сэлем деші жолыққанға ..
. Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім.
Қүйленіп бұрынғыдай серме, көңілім.
(С. Сейфуллин).
— Е, қызыл г
үл, таң атарда шешек атып
сыланасың…
(С. Ерубаев).
— Уылжыған ақша бет, қуарсайшы!
Жылап-жылап, мөлдір
көз, суалсайшы…
Мал орнына қор болып кеткеніңше…
Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы!
(С. Сейфуллин).

IV.Сабақты бекіту.

Рефлексия:

Тапсырма: топқа бөлу, әр топ тақырып бойынша сұрақ әзірлейді, оны қағазға жазып, «ағашқа» іледі. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі. Сонымен, алдымызда «Даналық ағашы» енді әр топ басқа топтың карточкасына жауап береді. Қалғандары жауап берушінің жауабын бағалап, қатесі болса түзеп отырады.

V.Қорытынды:

Сонымен, сабақтың тақырыбына оралайық, «Сабақ өтті, бірақ...»

- Сонымен, бұл ойды қалай аяқтаймыз? (Оқушылардың жауаптары)

VI.Үй тапсырмасы: ҚазҰТУ тұсаукесер мен мәтін әзірлеу

VII.Бағалау: Оқушыларды бағалау

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1054
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі