400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инклюзив балаға мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылына арналған инклюзив балаға минездеме
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мінездеме



Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылындағы Ақтүбек ЖББ мектебінің мектепалды сыныбындағы тәрбиеленушісі Аманбай Алау 2019 жылдың маусым айының 20-шы жұлдызында дүниеге келген. Толық отбасында тәрбиеленуде. Әкесі Бейсембаев Нұрлан, анасы Бейсембаева Роза. Алаудың мінезі тұйық, сөздік қорының көлемі жас ерекшелігіне сәйкес келмейді. Дәретханаға өз бетімен сұранып бармайды, тәрбиешінің айтуы мен және анасының жетектеуімен арқылы ғана барып отырады. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының дағдыларында қиындықтар туғызады.

Физикалық дамуы жағынан өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгермеген, жеке гигиена (киімі мен аяқ киімін қадағалау, өз бетінше киіну, шешіну) жағынан көмек күтеді. Құрдастарымен қимылды ойындар ойнағанда ептілік, жылдамдық, төзімділік аса бір көрсетпейді, қимылы баяу.

Коммуникативтік дағдысынан дамуы тіл дыбыстарын дұрыс айтпайды, сөйлеуде жай және күрделі сөйлемдерді қолданбайды, ересек адамды түсінеді, бірақ сұраққа толық жауап бермейді. Шағын әңгімелер құрастыра алмайды, өлең шумақтарын жаттату үшін көп жұмыс қажет етеді, түсініп қабылдауы өте төмен. Жазу тапсырмаларын сол қолымен орындайды, оң қолымен жазуға қиналады.

Танымдық және зияткерлік дағдысы бойынша 10-ға дейін тура және кері санай алмайды. Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыра алмайды. Геометриялық пішіндерді және түстерді білмейді, шатастырады. Логикалық ойын тапсырмаларды орындамайды, тапсырманы шешудің жолдарын таба алмайды.

Шығармашылық жағынан көз алдына елестетіп, ауызша сипаттап, ұсынылған тақырып бойынша, өз бетінше сөйлеп құрастыра алмайды. Қарындаштармен суреттерді жақсы бояп, жиектен шығармауға тырысады. Негізгі түстерді табуға шатасады. Қайшыны қолдануды біледі, қима-қағаз қия алады.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдысының қалыптасуы жағынан балалар мен қарым-қатынаста бірге ойнайды, бірге жүреді, бірақ сөздік қарым-қатынасқа түспейді. Эмоциялық көңіл-күйін баяу темпта көрсетіп шығарады. Алаудың өз деңгейінде тапсырмалар дайындалып, жоспарлы түрде жұмыс жасалынып отыр.



"___"______ 2025ж.



Мектеп директоры:_________ Г.С. Абдикасова



Тәрбиеші:__________Д.С. Жетпісбаева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі