400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инклюзивті білім беретін мектептерде психологтың психологиялық түзету дамыту сабақтарының мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал педагог психологтарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

















« Инклюзивті білім беретін мектептерде психологтың психологиялық түзету-дамыту сабақтарының мазмұны»

Жусанбаева Балжан Адильбековна

Педагог-психолог, №174 мектеп-гимназия

Balzhan.zhusanbaeva.@bk.ru



























«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Н.Ә.Назарбаев



Инклюзивті білім беру дегеніміз-барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни , жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Біздің коррекциялық кабинетте 12 бала бар, оның ішінде ПМПК ның жолдауында психологтың көмегін қажет ететін 9 бала бар.Оқушылардың көбінде психологиялық дамуы тежелген, дизартрия, жалпы сөйлеуі бұзылған, есту қабілеті нашар деген сияқты қосымша диагноздары бар.Аталған оқушыларға мектепте психологиялық қолдау қызметі ұйымдастырылғын.Ресурстық кабинетте мұғалім-дефектолог, логопед, психолог,тюьтер мамандары жұмыс атқарады.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен қызметтің басты мақсаты-ерекше қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

I.Психологтың жұмыс бағыттары:
*Диагностикалық бағыт
*Түзету-дамыту бағыты
*Кеңес беру (Ата-аналар,пән мұғалімдері)
*Әлеуметтік бейімдеу бағыты
Оның ішінде психологтың балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:

Диагностикалық бағыт:

Баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу үшін қыркүйек айында психологиялық диагностика жұмыстары жүргізіледі. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. Бұл диагностиканың қорытындысы психологиялық тексеру хаттамасында, балаға психологиялық анықтама бергенде тіркеледі.

Оқу жылының ортасында яғни екінші жарты жылдықтың басында оқушыларға екінші рет диагностика жүргізіледі. Бұл диагностика баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқу танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.

Психолог диагностиканы төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:

Жалпы және ұсақ моторикасының дамуын диагностикалау

Оқушының мектепке дайындығын анықтау. (1 сыныптар үшін)

Оқушылардың оқу мотивациясын тексеру

Оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтау (зейін, ойлау, логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау деңгейі)

Сөйлеу ерекшеліктері;

Өзін-өзі бағалауы;

Ерік-жігері;

Қарым-қатынасқа түсу қабілеті;

Түзету-дамыту бағыты:

Түзету-дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүзеге асады.

– Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар;

– Сенсорлы қабылдауды дамыту; (уақыт кеңістігін, пішін мен көлем, түстерді қабылдауы);

-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;

– зейіннің тұрақтылығын және шоғырлануын дамыту;

– көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;

– психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.



Алынған диагностика нәтижесі бойынша балаға жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының бағыты анықталып, бағдарлама түзіледі. Бағдарламада баланың жеке бас ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп сабақ жоспары жасалады. Түзету-дамыту сабақтары оқушының сабақтан бос уақытында өтіледі. Түзету-дамыту сабақтарының ұзақтығы 20-35 минут (оқушының зейін тұрақтылығына және төзімділігіне байланысты).

Псхологиялық кеңес:

– баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;

– Оқушымен тікелей жұмыс жасайтын педагогтармен әңгімелесу;

– баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;

– ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;

– ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;

- мамандармен тығыз қарым-қатынаста болу,баланың жеке бас ерекшеліктері жайлы пікір алмасу.

Әлеуметтік-бейімдеу бағыты

– оқушының мектеп өміріне, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету;

– баланы қоғамдық жұмыстарға, мерекелік немесе басқа да іс-шараларға араластырып, жауапкершілігін арттыру;

-баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;

-мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.

Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт.

Бұл бағыт психологтың баланың даму деңгейінің картасын толтыру, ісшараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұнда ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау, өз білімін жетілдіру курстарына қатысу және тб жұмыстар кіреді.

Әдіс тәсілдері:

1.Арт-терапия

Арт-терапияның шығу тарихы және дамуы. Қазіргі таңда Арт-терапия өнердің әр түрін пайдалану арқылы тұлғаның дамуына және психологиялық түзетуге арналған психотерапияның бір бағыты болып саналады.Жүздеген жылдар бойы өнер-адамдар үшін ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен.Арт-терапия терминін қолданысқа 1938 жылы ағылшын суретшісі Адриан Хилл санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңіл-күйлерін сипаттау жұмысында алғаш рет қолданды. Көп кешікпей 1950 жылы бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулықты қалыпқа келтіру орталықтарында өнерге қатысты қызметтердің барлық түрінде қолданыла бастады.

Арт-терапияның мақсаты:

-ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, кенеттен ішкі себептерден пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу;

-адамның көлеңкелі жағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамның көлеңкелі жағы – ол адамның өзі қабылдамайтын жағы болып есептеледі. Мысалы: агрессия;

-арт-терапия босаңсуға (релаксация) көмектеседі.

Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болады

агрессиядан болмаса басқа да жағымсыз сезімдерден әлеуметтік шығар жол табу мүмкіндігіне;

суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіздігіне;

емдеу процесін жеңілдетуге;

түсініксіз ішкі шиеленістер мен қобалжуларды сөзбен айтқанға қарағанда көру бейнелерінің көмегімен көрсетуді жеңілдетуге.

Арт- терапия ерекшелігі

шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын, мақсаттарын, арман – мүдделерін түсіне білуге көмектеседі;

адам бойындағы қорқыныш, агрессия, невроз, ұялшақтық, тұйықтық және т.б. белгілерді анықтау және түзету, стресс, психикалық күйзелістерді, даулы жағдайларды жеңілдетеді;

өзін-өзі тәрбиелеуге, бақылауға үйретеді;

бастысы ол өте тиімді, қол жетімді, қауіпсіз, қызықты.

АРТ-терапия жүргізуге қойылатын талаптар:

бөлме еркін қимыл-қозғалыс жасауға ыңғайлы және ойындар жүргізген кезде дыбысты бәсеңдететін болуы қажет;

шығармашылыққа қажетті заттардың барлығы бөлмеде болуы қажет: түрлі-түсті қарындаштар, саз балшық, ағаштар, тастар, мата қиықтары, қағаз түрлері т.б.;

топ 7-15 адамнан аспауы қажет;

терапевт міндетті түрде суретші болуы шарт емес, оның психологиядан білімі және топпен жұмыс жасай алу қабілеті болуы қажет.

АРТ ТЕРАПИЯ БАҒЫТТАРЫ:

Изотерапия,музыка терапия, ертегі терапия, коллаж,құм терапиясы, ойын терапиясы,би терапиясы, түйме терапиясы т.б.

Изотерапия немесе бейнелеу терапиясы .
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты - баланың немесе ересек адамның қандай -да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу - ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі - ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске батыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу терапиясының түрлері:

1.Паролон бөліктерімен сурет салу.
2.Сабынмен сурет салу.
3.Щеткамен сурет салу.
4.Майшаммен сурет салу.

Сурет, бояулы живопись, саз балшықпен жұмыс істеу сияқты өнердің белгілі бір түрімен айналысу баланың эмоционалдық көңіл-күйін тұрақтандыруға, санасының астарында жатқан қобалжулар мен күйзелістерді қауіпсіз түрде сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.

Музыка терапия.

Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр-қиялы, нәзік-сезімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді.

Әбу-Насыр Әл-Фараби: “Музыка адам миының көзбен көргенде әсер етпейтін ең бір тереңде жатқан бұрыштағы ми талшықтарын қозғайды”.

Ойын терапиясы.

Бұл терапияны жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.

Саз балшық терапиясы.

Отбасындағы кризистік жағдайларды анықтау және түзету, психоэмоцияналдық көңіл-күйді тұрақтандыруда қолданылады.

Монтессори әдісі.

Мария Мантессори -1870 жылы 31 тамызда дүниеге келген.Итальяндық педагог, әрі ғалым. Ол балаларды еркін тәрбиелеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896 ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.1900 жылдан бастап М.Монтессори дамуында ауытқушылықтары бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар, ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады. Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу, кәдімгі есептеуді мектептегі өз құрдастарынан бұрын үйренді.1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.1910 ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап шықты.Бұл әдіс бойынша балалардың зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, елестетуді,қимылды дамытады.Монтессори әдісінің мақсаты: балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу; өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру; балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру. Психологиялық дамуда белгілі бір білімді меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды.
Қорытындылай келе педагог-психолог маманы ретінде ерекше қабілеті бар оқушының мектепке, оқу процесіне бейімделуіне, әлеуметтік ортаға сіңісуіне қолдау көрсетеді. Ал, психологиялық түзете-дамыту сабақтары оқушының танымдық қабілеттерін дамытуға, оның сөздік қорын молайтуға және сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Құрметті әріптестер, әрбір адамның өмірде өз орны бар. Тіпті дені сау адамдар өз орнын таба алмай, денсаулықтарын бұзып, жаман жолға түсіп жатқандары да кездеседі. Бәрі біздің қолымызда, тек біз балалар өмірде еш қиындықсыз ата-анасының мейіріміне бөленіп, өз орнын табуға, өмірге тез бейімделуге көмектесуіне осындай жұмыстар жүргізу арқылы ықпал етіп отыруымыз керек деп ой түйемін.

Қазіргі таңда елімізде бастау алған инклюзивтік білім беру стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ашылып отырған ресурстық кабинеттердің маңызы өте зор. Осындай ресурстық орталықтар еліміздің барлық аймақтарынан ашылса екен.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
3303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі