400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Инклюзивті білім беруде педагог-психологтың ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтың маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әрбір адамзат баласы жарық дүние есігін ашқаннан кейін, өмір сүруге, білім алуға құқылы. Қазіргі таңда біздің қоғамымызда инклюзивті білімді қажет ететін жандар бар. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Бұндай балалардың денсаулығы дәрігерлердің құзырында болса, білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті.

Жалпы инклюзивті білім беру туралы айта кетсем.

Инклюзивті оқыту – ол балалардың жеке басы ерекшеліктеріндегі кемшіліктерге қарамай бірдей білім беруді қажет етеді.

Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру өткен ғасырдың орта кезінен басталады.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

1. Бала құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір бала сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір бала қарым - қатынасқа құқылы.

4. Барлық бала бір - біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық балалар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім беру саласында педагог-психологтың рөлі ерекше. Мектептерде ерекше білімді қажет ететін балалармен психолог көптеген жұмыстар өткізуге жауапты. Бұл саладағы балалар ерекше назарда болады. Ерекше білімді қажет ететін балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет, ерекшелік бар. Мысалы кейбіреулері би билеуге, сурет салуға қызығады, осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту педагог-психолог пен әрбір мұғалімнің міндеті. Білім берудің бұл түрінде ерекше білімді қажет ететін баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін – өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы ерекше білімді қажет ететін бала өз қабілетіне сай, ата- анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата– анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады. Психолог ата –анамен тікелей байланыста болып, баланың білім алуына үлес қосады.

Педагог-психолог қазіргі таңда: - баланың индивидуалды ерекшеліктерін, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, киыншылықтары мен алаңдататын мәселелерін;

- баланың өмірлік қызметінің микроортасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері мен шарттарын зерттейді;

- психолог педагогикалық диагностикасының бекітілген нәтижесін қолдайды.

Педагог-психолог осы саланы таңдағандықтан, өзіне ауыр жүк жүктейді. Яғни ол ерекше білімді қажет ететін балалармен де, мамандармен және ата-аналармен де бір ізді жұмыстануға міндетті. Психолог бұдан бөлек өзін үнемі дамытып, жан-жақты хабардар болып, жиі білімін арттырып отыруы керек.

ППТК мекемесіне балалар ПМПК қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын алады. ППТК-не әр түрлі деңгейдегі балалар келеді. 2 апта балаға диагностика жүреді, содан соң командалық бағалау жасалып, түзету-дамыту жоспарын құру арқылы баламен жеке жұмыс жасалады. ППТК –де психолог аутизм балалармен жұмыс жүргізеді. Аутист бала қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Сол себепті баланың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Түзету жұмысты көбінесе ойын түрінде жүргізуге тырысамыз. Мұнда мұғалім сияқты қақиып жүру жоқ, балалмен балаша, жатса - жатып, тұрса - тұрып ойнау керек. Ойнау арқылы нәтижеге жетеміз. Бастапқыда балалардан қорқып, аузынан су ақса жиіркеніп, қайта-қайта қолымызды жуып келетін сәттерді де бастан өткердік. Ал қазір бәрі басқаша, бір үйдің баласындай, сол балалрмен ойнап кішкене болсада бір нәрсе үйренсе қуанамыз. Біздің жұмысымыздың кереметтілігі сонша баласының тіттей қуанышына ата-аналар мәз, тіпті қуаныштан көздеріне жас алады, бала «а-а» деген дыбысты айтса, және қолдарының тырысуы жазылып, бір затты ұстап, бір ыдыстан екінші ыдысқа салуы да біз үшін үлкен жетістік.

2017 жылы облыстық, қалалық семинарларда «Ерекше оқытуды қажет ететін күрделі бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегінің маңыздылығы» және «Мен және менің көңіл-күйім» аутистикалық спектр ауытқушылығы бар баламен жеке түзету сабағы тақырыптарында өз тәжірибеммен бөлістім. Мен психолог маманы ретінде осындай ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасауға келгеніме еш өкінбеймін, қайта қуанамын. Баламен жұмыс жасау барысында көптеген әдістерді пайдаланып, тәжірибе жинаудамын. Әлі де болса үйренерім көп.


ППТК педагог-психологы Төребек Ақнұр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
2327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі