Инклюзивті білім берудегі топтық жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығы
Инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, ұлтына қарамай балаларды қоғамға, қоғамдық ортаға бейімдеу, ата-аналарын белсенділікке шақырып баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждарына арнайы қолдау көрсету. Қазіргі уақытта әлем бойынша білім алуда қиындықтарға тар болған ерекше білім алуды қажет ететін балалар саны артып келеді. Олар білім алу мен тәрбие беру үшін арнайы мамандар мен жан-жақты қолдауды қажет етеді. Жаңа ортаға мектептің, сыныптың ережелеріне балалар бірте-бірте үйренері сөзсіз. Балаға жағымды қарым-қатынас орнату өте маңызды болып табылады. Сондықтан да қарым-қатынас орнату кезінде топтық жұмыстың маңызы зор деп есептеймін. Топтық жұмыс арқылы басқа балалармен өзара іс-әрекет жасап, мақсатқа жетуге нәтиже шығаруға жұмыс жасайды.
Инклюзивті оқытудағы топтық жұмыстың негізгі идеясы төрт құрамдас бөліктен тұрады: өзара тәуелділік, топтың барлық мүшелері ортақ мақсатқа жетуге ұмтылады және оған жетуде бір-біріне көмектеседі, ортақ нәтижеге жеке жауапкершілік, топтың әрбір мүшесі оқу материалын меңгеруіне жауапты және бүкіл ұжымның жетістігі оның табыстылығына байланысты. Топтық жұмыс барлық оқушылардың сүйікті оқу жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Неге дей ойлауымыз мүмкін. Себебі оқушылар қателік жіберіп алудан қорқады. Ал топтық жұмыс кезінде балалар бірлесе отырып шешімін табады. Осы кезде балада бойындағы қорқыныш сезімін жойып, өн жойып, өзіне деген сенімділігі пайда бола бастайды.
Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі:
-
Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуі;
-
Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды;
-
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды;
-
Оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады;
-
Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасайды және әркім жауапкершілікті сезінеді.
Барлық балалар сияқты ерекше білім алуды қажет ететін балаларға да топтық жұмыс жасау маңызды рөл атқарады. Бұл балалар сабаққа қызықпайтындықтан сабақ барысында топтық жұмыстың әр түрлі әдіс тәсілдерін пайдаланып отыру керек.
Топтық жұмыстың келесідей түрлері бар:
Жұптарға жұмыс
«Миға шабуыл» әдісі
«Жалғастыр» ойыны
«Қазына іздеу»
«Дельфин» әдісі
Мозайкалық топтар
«Зигзаг» әдісі т.б әдістер
Сонымен қоса ерекше білім алуды қажет ететін балалар үшін арт-терапия, нейрожаттығулар, логоритмика әдісін топтық жұмыс кезінде пайдалануға болады. Бұл балалар әр түрлі бояу қаламдарымен, гуашь, акварельдермен сурет салуға оларды бояуға құштар келеді. Өзім де сабақ барысында көбіне осы әдіс - тәсілдерді қолданамын.
Тәжірибе көрсеткендей, бірге оқу топтық жұмыс оңай әрі қызықты ғана емес, сонымен бірге әлдеқайда тиімді. Оның үстіне бұл тиімділіктің оқушылардың оқу жетістіктеріне, интеллектуалдық дамуына ғана емес, адамгершілікке де қатысты болуы маңызды. Досыңа көмектесу, кез келген мәселені бірге шешу, сәттілік қуанышымен немесе сәтсіздіктің ащысымен бөлісу де күлу, ән айту, өмірден ләззат алу сияқты табиғи нәрсе.
Қорытындылай келе айтарым, топтық жұмыс түрлері сабақты қызықты, жанды етеді, балаларды оқу жұмысына саналы түрде қарауға тәрбиелейді, ақыл-ой белсенділігін арттырады, материалды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді, мұғалімге бүкіл сыныптағы балалардың білімін, дағдыларын қалыптастыруға және үнемі бақылауға көмектеседі. Балаларда даму, оқыту және тәрбиелеу деңгейі артады.
«Оқушы толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»-деп Д.Хорвард айтқандай шәкірттерімізге керекті сапалы білім беруге тырысайық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Ильясова Д.С., М.К.Тасбулатова., Т.А.Оспанова. Бірінші сыныпта оқу үдерісін ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсыныстар. А., 2017
-
Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану» А., 2018
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз