Материалдар / Инклюзивті білім берудің қажеттілігі

Инклюзивті білім берудің қажеттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
дефектологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
318
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН:

«Сәкен Сейфуллин атындағы орта Мектеп директорының оқу
мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

КММ директоры
А.Р.Смагулова А.М. Сақаева
__________________ _________________

«____» ________ 2020ж. «____» _______ 2020ж.


















«Қуыршақтар ойнайды»
үйірмесінің жоспары
.




















МҰҒАЛІМ:Алтынбекова Назгуль Муратовна

СЫНЫП: 1



«Қуыршақтар ойнайды» үйірмесі

/Авторлық бағдарлама/


Кіріспе

«Қуыршақтар ойнайды» үйірмесі – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. Мен осы театрлардың ішінен «Қуыршақтарды қолға киіп ойнайтын» киілмелі түрін таңдап алып, соған авторлық бағдарлама жасадым.1-ші сынып оқушысына қызықты болады деп ойлаймын. Саусақтарын ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты қозғалтуды үйренеді.

«Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесіне 15 балаға дейін қатыса алады. Бұл көрсеткш санитарлық-гигеналық нормаға сай. Үйірмеге аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат бөлінген. Бұл өнерді балалар біртіндеп меңгереді. Тарихын меңгереді, қуыршақпен жұмыс істеу білігін жаттықтырады, қуыршақ жасап, қойылымға кіріседі. Актерлік қабілеттерін ұштайды. Образға енуді үйренеді. Мұғалім қойылымның көркемдік жағына, безендірілуіне, қойылуына көп көңіл бөлуі керек. Қойылымның барлығы жасқа сай, тәрбиелік мәні зор болуы шарт. Сабақтардың ұйымдастырылу тәсілдері әртүрлі болады.

















Түсінік хат

«Қуыршақтар ойнайды» үйірмесі -бұл балалардың жақсы көретін театрларының бірі. Ол балаларды өзінің әсемдігімен, динамикасымен қызықтырады. Қуыршақ театрында балалар өздеріне таныс ойыншықтармен жүздеседі: аю,қоян,ит,қасқыр т.б. Көрініс өзіндік ерекшелігімен балаларды қызықты, сырлы әлемге бірден баурай кетеді.

Қуыршақ театры балаларға көп қуаныш, жағымды эмоция әкеледі. Бұның тәрбиелік мәні өте зор. Кіші мектеп жасындағы бала үшін маңызды уақыт. Себебі осы уақытта оның талғамы, көз-қарасы, қызығушылығы қалыптаса бастайды,сондықтан балаға достық, шыншылдық, өзаратүсіністік,тапқырлық, қайсарлық, т.б. мінез ерекшеліктерін үлгі ретінде көрсету маңызды. Осындай мақсаттарды іске асыруда қуыршақ театры септігін тигізеді. Қуыршақ театры адамдарға бірталай әсер етеді: көркем образдар, персонаждар, безендіру мен әуен- бұның бәрі іспеттес. Баланың нақтылы ойлауын жеңілдетеді, әдеби шығарманың мазмұнын дұрыс, қанық түсінуге көмектеседі және оның көркемдік талғамының дамуына ықпалын тигізеді. Кіші мектеп жасындағы балалар эмоционалды тұрақсыз келеді. Олар белсенді қатысып, қуыршақтардың сұрақтарына шапшаң жауап беруді үйренеді, оларға кеңес беріп, қауіптен сақтауға ұмтылады. Шеберлікпен, образға кіріп ойнаған қойылым жағымсыз қылықтарды бағалауға, ал жағымды кейіпкерге ұқсағысы келуі сезімін тудырады. Театрда көргені баланың дүниетанымын дамытып, мәңгілікке есте қалады. Балалар көрген-білгенін ата-анасына, жолдастырына айтады, сөйтіп баланың тілі дамып, өзінің сезімін білдіру машығы қалыптасады. Балалар салған суреттерінде қойылым эпизодтарын бейнелейді, ермексазбен мүсіндеп, өзара қойылымдар қоюға жетелейді. Бұндай ойындар шығармашылық күш пен балалардың қабілеттерін дамытады. Осылайша, қуыршақ театры баланың жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді.

7 модульдің бірі – «Талантты және дарынды балаларды оқыту» . Сыныбымдағы оқушыларды зерттей келе ойлау қабілеттері өте жоғары, тез шешім қабылдай алатын, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алатын, күрделі сахналық ойындармен тапсырмаларға ұмтылатын оқушылар анықталды. Сол себепті «Қуыршақтар ойнайды» - үйірмесін таңдап алып, оған авторлық бағдарлама жазуды ұйғардым. Бұл «Қуыршақтар ойнайды» үйірмесінің ерекшелігі – оқушы ертегіні оқып, мазмұнын ғана айтып қоймайды, сол ертегідегі рөлдерді сомдау арқылы олардың актерлік шеберліктерінің қалыптасуына жол ашады. «Қуыршақтар ойнайды » үйірмесі оқушыларға қызықты болады деп ойлаймын. «Қуыршақтар ойнайды» - үйірмесін бірінші сыныптан бастап өткізтіп жүрсек, оқушының актерлік шеберлігінің оянуына көп септгігі болар еді. Ұсынылып отырған «Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесі 1-ші сыныпқа арналған

Мақсаты:

- Балаларды театр әлемімен таныстыру;

- «Образға кіру» туралы түсінік беру;

- Театр әлемінің есігін паш ету;

- Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу;

- Оқушының шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру


Міндеттері:


*Театрды өнер ретінде таныстыру;

*Қуыршақ театрының тарихымен таныстыру;

*Халық ертегілерінің поэзиясын түсінуге үйрету;

*Кітап оқу қызығушылығын арттыру;

*Сөйлеу тілін, дүниетанымын дамыту;

*Сезімін білдіріп, көпшілікте сөйлеп, өзін-өзі ұстауды үйрету.

*Балалардың өмірін қызықпен, қуанышпен толтыру;

*Қуыршақтар тігуге бейімдеу;

*Театр қойылымдарында меңгерген машықтары мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануын талап ету.



Күтілетін нәтиже:


Қуыршақтармен ойналатын ойын түрлері туралы түсініктері болады;

Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді;

Балалар «Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесі арқылы армандарының орындалып, қиялдарының қанаттауына оң әсер беретінін ұғынады;

Ертегіні теледидардан көргеннен гөрі, қуыршақтармен ойнаған қойылымдардың ерекше екендігіне көз жеткізеді;

Белсенділік, қайырымдылық, ұжымдық дағдылары қалыптасады.

Қуыршақты алып жүру тәсілдерін игереді;

Театрландырылған әрекеттердің қатысушысы болуға ұмтылады;

Ойындар мен ойдан шығарылған әрекеттерді мәнерлі орындайды;

Шығарма кейіпкерлеріне аяушылық білдіреді, жанашырлығын көрсете

отырып өз ойын білдіреді;

Қуыршақты басқаруды, режиссерлік театрлық ойындарда

көрермендерге байқатпай ұстауды, кейіпкердің пішінін немесе қуыршақты

дұрыс жүргізуді, жүруді, жүгіруді, секіруді, ишараны және қимылды

үйлестіруді, сәлемдесу мен қоштасуды, келіскенді және келіспегенді белгілей

алады.

Бағдарлама мазмұны:


1.Кіріспе 5 сағат


  • Қуыршақты қолға киіп ойнайтын театрдың «Киілмелі» түрімен таныстыру.

  • Бағдарлама мазмұнына кіріспе

  • Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою

  • Оқушылардың сабақ кезінде тәртіп сақтауы




2. Негізгі бөлім 26 сағат 


  • Бірінші сынып оқушыларын ертегілерді қызығушылықпен оқып, оны қуыршақтармен ойнай білуге қызықтыру. 

Саусақ театрында саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап - ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.


3. Қорытынды 2 сағат


  • Жыл бойы дайындаған ертегілерді оқушыларға қуыршақтармен ойнап көрсету.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой - өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.

Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым - ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Саусақ ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, әңгіме туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.














Бекітемін:
Мектеп директоры
___________ А.Р.Смагулова

«Қуыршақтар ойнайды»- үйірмесінің

Күнтізбелік жоспары

1-сынып (аптасына 1 сағаттан 33 сағат)

Тақырыбы


Сағат саны

Мерзімі


Кіріспе бөлім

5


1.

Топтың құрылуы.

1

4.09.20

2.

Қуыршақты қолға киіп ойнайтын театрдың «Киілмелі» түрімен таныстыру.

1

11.09.20

3.

Театрлық қуыршақтармен және театр мамандықтарымен таныстыру.

1

18.09.20

4.

Қуыршақпен жұмыстың негізгі ережелері.

1

25.09.20

5.

Қойылым таңдау. Мазмұнымен толық танысу.

1

2.10.20


Негізгі бөлім

26


6.

Жаңылтпаштар арқылы анық сөйлеуге жаттықтыру.

1

9.10.20

7.

Әртүрлі ертегілер арасындағы диалог

1

16.10.20

8.

Үйірмеге қатысушылармен мәнер, дикциямен жеке жұмыс.

1

23.12.20

9.

Сценарии бойынша жұмысты бастау

«Үйшік»- ертегісі

1

30.10.20

10.

Ертегі бойынша дайындық.

1

20.11.20

11.

Қорытынды дайындық.

1

27.11.20

12.

Ата-аналардың алдында қойылымды көрсету.

1

4.12.20

13.

Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу.

«Тиін мен Қасқыр»- ертегісі бойынша дайындық.

1

11.12.20

14.

Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу.

«Түлкі мен қоян»- ертегісі бойынша дайындық.

1

18.12.20

15.

Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу.

«Арыстан мен Тышқан»- ертегісі бойынша дайындық.

1

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ