400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инклюзивті мәдениет-адами құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ұлттық құндылықтар негізінде инклюзивті білім берудің заманауи әдіс тәсілдері» аудандық көшпелі семинар

КТС базасы: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№272 ОМ » КММ

Күні: 31.01.2025жыл

Өткен орны: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №274 ОМ КММ


Тақырыбы: «Инклюзивті мәдениет- адами құндылық коучинг сабағы»

Мұғалімнің аты-жөні: Әміржанова Айдана

Коучинг сабағының жоспары

Тақырыбы

«Инклюзивті мәдениет- адами құндылық»

Өткізген мерзімі,уақыты

31.01.2025жыл 35 минут

Мақсаты

Әріптестерімді жеті модульдің негізгі ұғымдары мен тәсілдерімен таныстыра отырып, өздерінің іс-тәжірибелерінде пайдалану жолдарын ұсынамын.

Күтілетін нәтиже

Жеті модуль әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесіне жинақтайды.

Түйінді идея

Оқушының қызығушылығын арттыратын тәсілдер.

Ресурстар

Маркер, парақтар, стикерлер, бейнежазбалар

Уақыты

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Коучердің іс-әрекеті

Мұғалімнің (тыңдаушының) іс-әрекеті

Қолданылған құралдар

3 минут

Ұйымда-стыру


Сәлемдесу.

-Армысыздар, құрметті әріптестер!. Бүгінгі коучинг сабағыма қатысқандарыңыз мен үшін үлкен құрмет!Қош келдіңіздер! Осы жерде өзін таныстыра кету. Әртүрлі смайликтерді қайталап шығамыз.

Назарын коучерге аударады. Сәлемдеседі.




5 минут

Психология-лық ахуал

Танысу.

-Құрметті әріптестер, барлығыңызды шеңберге,яғни Шеңбер жасап орналасып болсақ,мен қолымдағы айнаны оң жағымда тұрған адамға беремін. Бұл адам айнаны алып, өз есімін айтады да,өз есімінің бас әріпінен бастала-тын сын есім қосып,өзін таныстырады да,айнаны келесі адамға береді.Өзімнен бастайын.Менің атым –Айдана, ақылдымын, Перизат парасаттымын. Осылайша, екінші адам гүлді алып, алдыңғы адамның есімін айта отырып, өз есімін жариялайды.

Эмоционалдық көңіл-күйін көтереді, бір-бірімен танысады. Айнаға кезекпен қарап, өздерінің есімдерін айта отырып, топ мүше-лерімен танысады..Осылайша, өздеріне ахуал туғызады.

Айна

2 минут








Топтастыру

Топқа бөлу.Стол үстінде тұрған киіз үйлерді бір бірден алады.

І топ ,

ІІ топ

ІІІ топ орындарына жайғасады.

Қарүйде берілген топ сандарына қарай, топқа бөлінеді.


Нәтижесінде 3 топқа құрылады.

А3, маркер




2 минут

«Психологиялық тест»

Миға шабуыл.

Интербелсенді тақтада көрсетілген сұрақтарды 3 топтан 3 адам шығып таңдап, сұрақтарға жауап береді.

Топтағы әрбір қатысушы тақырыпты толғанып, өз ой-пікірлерін айтады.

Мұғалімдер бүгінгі тақырыпты көз алдарына елестеді.Өздеріне таныс әдіс-тәсілдерді атап шығады.

Коучингтің мақсаты мен міндетімен таныстырады.

Интерактивті тақта,

презентация


3 минут

Тақырыпты анықтау


Мұғалімдерге бүгінгі коучингсабақ «Инклюзивті мәдениет-адами құндылық» тақырыбы бойынша қысқаша мәлімет беріледі.

Мұғалімддір бүгінгі Инклюзивті мәдениет-адами құндылық тақырыпқа байланысты қысқаша танысады.


3 минут

Бейнежазба көру

Ой толғаныс .«Әлемнің 7 кереметі» (көру,есту,түйсіну,дәмін көру,сезіну,күлу,сүю)

Сұрақ:-Бала бойындағы кереметті қалай анықтауға болады?

Мұғалімдер бейнежазбадан көргендері туралы өз пікірлерімен бөліседі.

Презентация

7 минут

Топтық жұмыс

Постер қорғау.

Нұсқау:1-тапсырма. «Менің мамандығымның жеті кереметі» тақырыбы бойынша жеті басты қасиеттерін қағазға түсіреді.

Мұғалімдер өздеріне берілген тақы-рыптарды талдайды және жұптық жұмыс жасай отырып, тақырыпты ашады.Түйген ойларынан постер дайындайды.

Постерде жазылған ойларын басқа жұптармен бөліседі.

А3,

маркер


3 минут

Оқыту мен оқу үшін бағалау.

Талдау, өзара,өзін-өзі бағалау.

Нұсқау: -Барлық топ өз пікірлерін айтып болған екен, олай болса өзара бағалау әрекетін жасаңыздар. Тақырыпты ұтымды ашты деген топқа қалыптастырушы бағалау жасаңыздар. Яғни, ұтымды пікір айтқан топтарға қай тұстары ұтымды шыққандығы және неліктен олай болғандығы жайлы өз пікірлеріңізді стикерге жазып, сол топтың постеріне жабыстырыңыздар.

Сұрақ: -Сіздер осы тақырыпты талдай келе нені түсіндіңіздер?

-Қай топтың тапсырмасының сұрақтары дұрыс қойылған деп ойлайсыздар?

-Тапсырманы жан-жақты талдау үшін қандай сұрақтар қояр едіңіздер?

-Сабақтарыңызда оқушыларыңызды топқа бөліп жүргеніндеріңізді айта аласыздар ма?

Топтағы мұғалімдер ақылдаса отырып, тақырыпты толық аша алған топқа қалыптастырушы баға береді. Неліктен олай шешкендігі жайлы өз пікірлері жазылған стикерді постеріне жабыстырады.

Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.Шапалақпен бағаланады (қол шапалақтау арқылы)

Стикер


10 минут

Дарынды, талантты баламен жұмыс

Топтық жұмыс.Бейнетаспадан «Әрбір бала-дарынды» атты бейнежазбаны көреді. 2-тапсырма «Ойынмен расталған көшбасшылық».Мұғалімдерге (елбасы,әкім,директор ) сөздер жазылған кеспе-қағаздарды таратылады,сол бойынша мұғалімдер көрініс көрсету керек.


ІІ тапсырма. «Ойынмен расталған көшбасшылық» (Елбасы, әкім, директор). сөздер жазылған кеспе-қағаздарды таңдап, сол бойынша өздерін жарнамалап таныстыру.

ІІІ тапсырма. Топтар бір-бірінің көшбасшылық қасиеттерін бағалайды.

Түрлі-түсті маркерлер,

А4

5 минут

Сергіту кезеңі

«Ой қиялы» атты тренинг. Сұрақ: -Сіздер бұл сергіту сәтінен не түсіндіңіздер? -Сіздер сұрақты дұрыс құру сабақта қаншалықты маңызы бар деп ойлайсыздар?

Мұғалімдер берілген тапсырмалар-ды орындай отырып,бой сергітеді.

Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.

Презентация

3 минут

Жас ерекшелік-теріне сай оқыту


«Бұзылған телефон» Мәтін.

Біздің мектеп ұжымындағы әйелдер қауымын қалалық кәсіподақ комитеті жетінші наурызда 2018 жылы сағат бірде облыстық мәдениет сарайында өтетін «8 наурыз -халықаралық әйелдер күніне» орай «МУЗАРТ» тобының концерттік кешіне шақырады.

Сұрақ:-Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту сіз үшін маңызды ма? Несімен? Ұзақ мерзімді жады түрлерімен таныстыра отырып, алған мәліметті рәсімдік, эпизодтық, семантикалық есте сақтау жолдарымен байланыстыру

Берілген ақпарат жасы үлкен адамға жеке айтылады.

Ол адам өзінен жасы кіші адамға айтады.ол келесі...Соңында ақпараттың үлкен өзгеріске ұшырағанын байқаймыз.

Төрт топтан жас ерекшеліктері әр түрлі адамдар шығады

3 минут

Кері байланыс.


Нұсқау: «Бес саусақ» Коучингтің сәтті, сәтсіз тұстары және сіздің ұсынысыңыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және уақыт тауып катысқандарыңызға рахмет! Келесі коучинг семинарларында көріскенше күндеріңіз сәтті болсын!

Кері байланыс парағаның сұрақтарына жауап ретінде өз пікірлерін жазады.

Сурет,

слайд.

4 минут

Рефлексия.

Төмендегі сұрақтарға өз пікірлеріңізді жазуларыңызды өтінемін. Сауалнама тарату.


«Менің таңдауым» (дәстүрлі, жаңа жеті модуль) Сауалнама толтыру.

Сауалнама


Сілтеме

Деңгейлік бағдарлама, мұғалімдерге арналған нұсқаулық


МАН


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.03.2025
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі