400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік қоғамға барар жолдағы тәжірибе перспективалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде –қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік қоғамға барар жолдағы тәжірибе перспективалар.

1-слайд Қайырлы күн, құрметті Медет Дулатұлы және тамыз конференциясының қатысушылары! 2-слайд Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде –қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетілген. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару ,жанына жылулық ,жүрегіне шұақ, келешегіне қанат бітіру адамзаттың парызы .Осыған орай аудан орталығында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып, талай ата-ананың көңіліне демеу, қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашары анық. 3-слайд Бүгінде аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны-183,мүгедек балалар-58, үйде оқытылатын балалар-19.

Бұл сандардың жылдан жылға көбейіп отырғаны да ойланарлық жағдай.Түзету кабинетінің арнайы мамандарының сабақтарына -34-бала қатысады. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті негізінен сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек – қимыл қозғалысы, эмоциялық-еріктік саласы бұзылған, мінез-құлқында ауытқұшылықтары бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді көмек көрсетеді. Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

4-слайд Инклюзивтік білім беру ол - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы.

5-слайд Инклюзивті білім берудің мақсаттары

1.Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру.

2.Инклюзивтік білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.

6-слайд

Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс.Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы болуға қолдау көрсетеді.Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс.Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік – тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.

7-слайд Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес,ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю,адамдармен тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет.Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек.

8-слайд Инклюзивті білім беру барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы. Сондықтан да мұғалім – дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына,өз бетімен өмір сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс.Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін жалпы білім беретін мектептер ПМПК қорытындысы бойынша көрсетілген,баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен тәрбиелеуі және оқытуы тиіс.Жалпы білім беретін мектептер, сол мектептің арнайы педагогтары оқытатан білімі мен тәрбие үрдісі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Өмірлік орнын толтырудың» тәрбие институты болуы керек.

9-слайд

Оны оқуға,жазуға,есепке,еңбектенуге, мәдени тәртіп ережелерін үйреніп,әртүрлі әрекетке икемділігін қалыптастыру маңызды болып саналады. Әрбір педагог, ата-ана,жалпы адамдар даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп,олардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасауы керек. Бұл балалар үшін білім мазмұнын дидактикалық ойындар,түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды болып саналады.
Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «
Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында компьютерлік сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы. Соған сәйкес түрлі компьютерлік ойындар бар.

10-слайд

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды бірлесіп тәрбиелеуіміз керек.

Біз ұстаздар қауымы «Бәріне  бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім – барлығы үшін» -деген ұстанымды қолдаймыз

Назарларыңызға рахмет

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің» Уәлиханов ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» комуналдық мемлекеттік мекемесі.






БАЯНДАМА



Инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік қоғамға барар жолдағы тәжірибе перспективалар.





Емдік дене шынықтыру инструкторы

(ЛФК ) Ундетбай Күнсәуле





Кішкенекөл-2018.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.10.2019
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі