INMATH

Тақырып бойынша 11 материал табылды

INMATH

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар" атты апталықта өткізілген шара 5-6 сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика және информатика пәндерінен 5.6 сынып оқушыларына арналған
«
INMATH» атты сайыс


Мақсаты: математика және информатика пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық және теориялық білімдерін нығайту.


Көрнекіліктер: интерактивті тақта, проектор, үлестірмелі қазағдар, қатысушылар орны.


Сайыс барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қымбатты қонақтар!

Математика ғылымдар патшасы,

Информатика ақпараттар ғылымы

Физика табиғаттың патшасы

Бүгінгі «INMATH» атты сайыстың қатысушылары 5 және 6 сынып оқушылары. Әр сыныптан 4 қатысушы келіп отыр. Топтың аттары:5 сынып АЛҒЫРЛАР ,6 сынып ҚЫРАН

Сайыс кезеңдерімен таныстырып кетейін:

1. «Ең мықты есептеуші»

2. «Венгр сөзжұмбағы»

3. «Зейінділікке тапсырмалар»

4. «Өз саныныды тап»

Жүргізуші:Ақ жол тілейміз! Сонымен, бірінші сайысымыздың алғашқы кезеңі «Ең мықты есептеуші» деп аталады. Бұл білім жарысында сіздерге өткен пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Бір сұрақтың жауабы-5 ,10,15 ұпай. Қанша сұраққа жауап берсеңіз, сонша балға ие боласыз. Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі қатысушы жауап беруге құқығы бар.
5 баллдық сұрақтар

1.Қай кезде екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады?

Жауап: Егер екінші қосылғыш 0-ге тең

2. Екі әке және екі бала 3 апельсин сатып алды және оларды тең бөлді. Ол қалай болу мүмкін?

Жауап: Ата, әке, ұлы

3. Екі поез кездескенше 1 сағат бұрын қандай қашықтықта болды, егер бірінші поездің жылдамдығы 60 км\сағ, ал екіншісінікі 40 км\сағатына болса?

Жауап: 100 км

4. Бөренені 10 бөлікке бөлу қажет. Оны неше рет кеседі?

Жауап: 9

5. Бес үйме және жеті үймені шөпті бір жерге үйді. Неше үйме шөп шықты?

Жауап: Бір

6. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын

Жауап : принтер

7. Барлық сурет , мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьтерден өшірген

Жауап : сканер

8. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп

Жауап: Компьютер

10 балдық сұрақтар:

1. Тізбектерді құру ережесін тауып, келесі мүшесін есептеп көр:

А) 3,13,23,33,…

Б) 1,2,3,5,8,…

Жауап : а) 43

Жауап: б)13

2. Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген

Жауап: пернетақта

3. Әсия алма сатып алды. Оларды тарелкелерге бір-бірден салса, бір алма артық қалады, ал егер тарелкеге екіден салса, онда 1 тарелке артық қалады. Әсияда неше алма, неше тарелке бар?

Жауап : 4 алма, 3 тарелке

4. Пончиктің комбинезонында 17 қалта бар: 10 қалта алдында, қалғаны артында. Алдынғы қалталарында 2 пончиктен жатыр,ал артынғы қалталарында-3. Пончикта барлығы неше пончик бар?

Жауап: 41

15 балдық сұрақтар:

1. Суретте неше үшбұрыш бар?

Группа 16



Жауап: 28

2. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы

Жауап: монитор

3. Сүті бар бидонның салмағы 32 кг, сүтсіз 2 кг. Жартылай толтырылған бидонның салмағы қанша?

4. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе ұзын, ал периметрі 72см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.

Жауап: 17 кг

20 балдық сұрақтар:


1. Жарыстың алдында төрт жанкүйер мынадай болжамдарын айтты:

А) Марат жеңеді, Берік – екінші орынға ие болады;

В) Берік – үшінші, Нұрлан – бірінші болады;

С) Марат – соңғы, ал бірінші – Олжас.

Жарыс біткеннен кейін әр жанкүйердің болжамы жартылай дұрыс болғаны анықталды.

Жарыста Марат, Берік, Нұрлан, Олжас қандай орындарға ие болды?

Жауап: Олжас -3, Нұрлан -1, Берік - 2, Марат - 4


2. 3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 9 тауық 9 күнде неше жұмыртқа табады?

Жауап:

3 тауық 1 күнде - 1 жұмыртқа
9 тауық 1 күнде 3 жұмыртқа табады
9 тауық 9 күнде - 27 жұмыртқа


3. Ребусты шеш (орыс тілде).Оның жауабын қазақша және ағылшынша айт.

Жауап: дочка, қыз, daughter

4. Ребусты шеш (орыс тілде).Оның жауабын қазақша және ағылшынша айт.

Жауап: силач, палуан, strong man


Жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, одан әрі сайысымызды жалғастырайық. «Венгр сөзжұмбағы» . Бұл кезеннің ерекшелігі сұрақтар информатика пәнінен ғана болады. Бұл кезеңде кестеден информатика пәнімен байланысты сөздерді табу керек. Ойлануға 3 минут беріледі. Сөздерді көп жазған бала, көп ұпай алады.

м

т

п

л

о

т

т

н

о

м

и

ы

п

р

р

т

е

и

д

е

к

ш

н

и

е

е

р

о

м

м

р

қ

а

н

т

р

н

н

и

т

о

н

т

с

ө

з

е

т

р

о

п

н

и

б

а

й

т

т

е

з

р

м

в

п

и

к

м

е

р

е

о

ә

и

а

р

с

о

ү

а

ф

ц

т

р

и

х

е

д

я

й

л

е

і

у

в

ж

л

и

я

и

ц

с

н

с

д

а

ь

ф

и

к

а

с

о

р

а

б

о

н

е

н

т





















Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус


Жүргізуші: Келесі 3-кезеңге көшетін уақыт та жетті. «Зейінділікке тапсырмалар» кезеңімізді бастайық. Ойыншыларға суреттермен берілген сұрақтар ұсынылады. Шешімін тез тапқан топ таңбаларын көтеріп,сұраққа жауап береді. Әр сұрақтың бағасы-10 ұпай.


Адамды тап

3 қоңыз бен 3 баланы тап

Суретте не көрдің?

Адамды, аюды тап, неше ит бар екенін сана


Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар, «Өз санынды тап » деп аталатын ендігі кезеңімізге қош келдіңіздер. Бұл сында арқаларыңызға сан жабыстырылады, көршінің сандарын көре отырып, өздерінің сандарынды тауып алу керек. Барлық сандардың қосындысы 100-ге тең екені мәлім. Бірінші жауап берген қатысушы максималды 8 ұпайға ие болады, қалғандары жауап беру ретіне байланысты бір ұпай кем алады.



Жүргізуші: Енді, ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі. (Әділқазылар сөйлейді)

Жүргізуші:
Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын. Бүгінгі танымды зияткерлік сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз.
Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіреміз. Көріскенше.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2023
356
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі