400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі "

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттердің бойында сыни тұрғыда пікір көзқарастары дамыған,ортада еркін сөйлей алатын қабілеттері танылады,сонымен қатар студенттер кері байланыс жасауды үйренуі,оқытушының алдағы жұмысына жоспар құруға жеңілдік туғызады.Менің мақсатым-заманауи, жан-жақты меңгерген ,шығармашылық қабілеттері дамыған тұлғаны,яғни құзыретті маман дайындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі

Кереева Альбина Тулегеновна арнайы пән оқытушысы



Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады.

А.Байтұрсынұлы

Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде дамудың жаңа кезеңінде әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырып,жаңа белеске көтерілді.Ел саясатының басым бағыттарының бірі ретінде бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға қажетті алғы шарттардың ішінде білім беру саласы ерекше маңызды орын алады.Мемлекеттің экономикалық әлеуеті білім деңгейінің өсуімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы халыққа жолдауларында білім мен ғылымға айрықша назар аударып келеді.Президенттің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан «атты Жолдауында Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясының басым бағыттарының бірі ретінде білім реформасы атап көрсетілген: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек».Демек,қазақстандық білім саясаты дүние жүзіндегі үрдістерге сәйкес білім беру жүйесін әлемдік жүйеге жақындату міндетін көздейді.

Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру- уақыт талабы. Қазіргі заманда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы- білім беру технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолданысқа енгізу. Осындай талапқа сай қызмет ету үшін мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін үнемі толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіруі және осы саладағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс.Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы-біздің еліміздің болашағына қызмет етеді»,-деп кәсіби білім,ғылым саласына өте үлкен көңіл бөліп,ерекше мән берді.Сондықтан да колледж қабырғасында студенттерге тек белгіленген білім мен іскерлік дағдыны беріп қана қоймай,сол алған кәсіби білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрете оқытып,тәрбиелеу қажеттілігі туындауда.Оқытудың екі түрлі мағынада қарауға болады.Біріншісі-оқу орнында арнайы пәндерді оқыту.Екіншісі-өмірді оқыту,өмірге үйрету.Тәрбиелеу мен оқыту-егіз ұғым.Оқыта отырып тәрбиелейміз,тәрбиелей отырып оқытамыз.Оқыту үйрету арқылы іске асады.

Әрбір студенттің жеке тұлға ретінде дамуына, білім сапасының артуына ұстаздың өткізген әр сабағы шешуші роль атқарады. Студент білімінің сапалы болуы ұстаздың дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей байланысты. Жаңа заман талабына сай білім беру- бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты- білім беру сапасын арттыру, студенттердің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына бәсекеге қабілетті, мәселелік жағдайларда өзіндік шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыру, дамыту міндеттерін қойып отыр. Әр студент сабақта шығармашылықпен жұмыс жасап, өздігінен ізденіп, белсенділік танытатын болса, білім сапасының да артатындығына күмән жоқ. Білім беру сапасын арттырудың бір көзі- жаңа технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Менің өзекті тақырыбым да осы мәселені көздейді. Өз іс тәжірибемнен түйгенім: көптеген инновациялар арасында білім беру сапасын арттыруда аса тиімді, қолайлы технология- сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау- ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисыны зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз- бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

  • Өмірлік тәжірибеге сүйену;

  • Ойлау жүйесіне қозғау салу;

  • Ынталандыру және белсендіру;

  • Бірлесіп жұмыс жасау;

  • Үш кезеңді (құрылымды) сақтау;

  • Сыни ойлау проблема тудырудан басталады.;

  • Мәліметті дайын түрде бермеу. 1 кесте сабақтың құрылымы қызығушылықты ояту мағынаны ажырату ой толғаныс мақсаты: қызықтыру; студенттердің біліміне ой салу; бар білімге көпір салу; жаңа мәліметтерді дайындау, ойлау белсенділігін арттыру жаңа мәліметпен танысу; туындаған сұрақтарға жауап іздеу; білімді кеңейту; тақырыпты ашу білімді толықтыру, тиянақтау; ізденіске жетелеу; алған білімді талдау, ортаға салу. Сын тұрғысынан ойлау жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден- бір жолы. Студентті субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыру үшін оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу қажет. Оның бастылары оқыту үрдісін жаңаша ұйыдастыру, студенттің оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде әрекет ету. Мақсатқа жету студенттің өзі арқылы жүзеге асады.

Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші. Сын тұрғысынан ойлау- сынап қарау емес, студенттің шыңдалған ойлау әрекеті. Студенттер топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, тынымсыз іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауакершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады. Ал бүгінгі таңда бұл қасиеттерді студент бойына шоғырландырып, сіңдіру ауадай қажет екені айдан анық. СТО жобасының көптеген стратегиялары бар. Мен өз сабақтарымда Венн диаграммасы, ББҮ, Эссе, түртіп алу, үзбей жазу, семантикалық кесте және т.б. стратегияларын қолданамын. Студенттер СТО жобасы бойынша жүргізілген сабақтар арқылы сенімділікпен жұмыс жасап, ойларын еркін айтып, бір сөзбен айтқанда, бар ынтасымен оқуға беріледі. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын студенттер де өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айтатын болады.



Сабақтарымнан көрініс.


Студенттерімнің жетістіктері.

Ғылыми жұмыспен айналысқанды ұнатамын.


СТО- технологиясы негізінде өткен сабақтарда студент өзін өзі еркін ұстап, өзгеге деген сенімін, жылуын күшейтеді.Бұл студентті мұғаліммен, курстастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір- бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. СТО технологиясы- білім берудің сапасын арттыруда өте тиімді жоба. Ол үшін ұстаз сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, студенттің білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, оның ой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім студенттің өзін ізденуге жетелейді, оған үйретеді» дегені мәлім. Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады.Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық талғамын жетілдіруге, коммуникативтік құзіреттіліктерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы білім сапасын арттыруға негіз болады.Қорыта айтқанда,инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау тиімді құралдың бірі.Инновациялық білім-іскерліктің жаңа түрі.Сабақта студенттердің бойында сыни тұрғыда пікір көзқарастары дамыған,ортада еркін сөйлей алатын қабілеттері танылады,сонымен қатар студенттер кері байланыс жасауды үйренуі,оқытушының алдағы жұмысына жоспар құруға жеңілдік туғызады.Менің мақсатым-заманауи, жан-жақты меңгерген ,шығармашылық қабілеттері дамыған тұлғаны,яғни құзыретті маман дайындау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қажыкенова С. СТО ойлау жобасының тиімділігі.2010, №8.134-137 бет

2. Рысқалиев Р. Оқу белсенділігін арттыру.2010, №11 40-41 бет

3. Леспаева С. Шығармашылық қабілетті дамыту- мұғалім міндеті. Қазақстан мектебі, 2008.№8.20бет



Өтініш

Аты-жөні

Кереева Альбина Тулегеновна

Оқу орны немесе жұмыс лауазымы

ААТК, арнайы пән оқытушысы

Ғылыми атағы


Секция атауы

I - секция

Баяндама атауы

Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі


Өтініш түрі: тікелей, сырттай (астын сызып көрсетіңіз)


Адрес, телефондары үй, ұялы, электрондық пошта (E-mail)

. +77025551566

Albinakereeva@mail.ru



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі