400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Инновациялық оқыту – заманауи оқытудың белгісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа технология туралы қысқаша түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы


1


Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару


Деңгейлеп-саралап оқыту


Ж.Қараев,

Г.Селевко


Компьютерлік оқыту


Қ.Ағанина,

М.Жүсібалиева


Бағдарламалап оқыту


В.Беспалько


2


Жеке пәндік технология


Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу


А.Кушнир


Сатылай талдап оқыту


Н.Оразақынова


Өздігінен дамыту технологиясы


М.Монтессори


3


Табиғи байқағыштық


Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу


А.Кушнир


Өзіндік дамыту


Т.Семеко


4


Дамыта оқыту


Дамыта оқыту жүйесі


Л.Выготский.

В.Заньков.

Д.Эльконин.

В.Репин


Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту


И.Якиманская


Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге,көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық,техникалық құралдары пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек,оқыту технологиясы-педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп,жоспарлы түрде ұйымдастыру.

Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру,ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап,саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім,білік,дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық,физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой емелдіктерін,өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивтік оқыту»1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай,көптеген ғалымдардың түсіндіруінше,интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.

Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.

«Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деген анықтама берсе, Н.Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» деп анықтайды.Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  • оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;

  • нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;

  • тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;

  • мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;

  • тәжірибенің қайталануы мен алмасуы [3].


Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының пайдасы өзім сабақ жүргізетін сыныптарда оңды нәтиже беруде. «Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау». Бағдарлама қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мағынаны тану – жаңа ақпаратпен танысады. Ой толғаныс – осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді пайдалануға «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» стратегиялары қолданылады.





«Күйкен орта мектебі» ММ













Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы: «Инновациялық оқыту – заманауи оқытудың белгісі»















Дайындаған: Л.Есназарова



Бейнеу - 2014



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі