жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интеграциядан инклюзияға: инклюзивті білім беру мүмкіндіктері
Алтынбекова Жайсакүл Таңсыққызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
№17 Ы. Алтынсарин орта мектебі
Интеграциядан инклюзияға: инклюзивті білім беру
мүмкіндіктері
ХХI ғасыр
бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық
мәдениет дәуірі. Қазіргі қоғамдық білім
жүйесін дамытуда ақпараттық –
коммуникациялық технологиялардың
маңызы зор. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңының 11 бабының 9
тармағында оқытудың жаңа технологияларын,
оның ішінде ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі
білім жүйесінің ерекшелігі тек біліммен
қана қоймай, өздігі мен білім алуды
дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеу
ісіне қажеттілік тудыру. Бүгінде еліміз
ғылыми – техникалық прогресстің негізгі
белгісі қоғамдық ақпараттандыру болатын
жаңа кезеңге енді.
Қазақстан
Республикасының президенті Н. Назарбаевтың
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз
білім беруді жаңғыртуды одан әрі
жалғастыруға тиіспіз. «Өмір бойы білім
алу» әрбір қазақстандықтардың кредосына
айналуы тиіс» делінген.
ҚР – дағы
білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында
инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары
шешімін тапты.
Елбасы Н.Ә. назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан – 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалығы , адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық ерекшелігіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған келелі мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.
Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Сондықтан да интеграция мен пәндердің өзара байланысы ұғымдарын мәндес ұғым ретінде түсінуге болмайды. Интеграция тұтастық қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2011 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212-сі немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8% -ды ғана құрайды.
Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес.Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып,білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосу, оларды қолжетімді ортамен қамтамасыз ету, білім берудегі кедергілерді жеңу тетіктері анықталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар Қорымен тығыз ынтымақтастықта даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру ортасына тарту жөнінде зерттеулер жүргізді, зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар Білім беруді дамытудың
2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына енгізілген. Инклюзивті
білім беру деген не? Инклюзивті білім
беру негізіне баланы кез-келген
дискриминациядан құтқаратын, барлық
адамға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз
ететін, бірақ ерекше білімділік
қажеттілікті талап ететін балаларға
арнайы жағдай жасайтын идеология.
Арнаулы білім беруді кез келген білім
беру реформаларының бағдарламаларына
енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек
балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру,
білім сапасын жақсарту және оны алуға
қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы
заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу
қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының
құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы
жағдайды едәуір өзгертіп, барлық
адамдардың білім идеяларын іске асыру
үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту
мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып
отыр.
Еліміздің Білім заңында
барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы
жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе
болып отыр.
Мүмкіндіктері шектеулі
балаларға білім мен тәрбие берудегі
ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі
жаңа технологияны игеріп, компьютерді
пайдалану.
Компьютерді пайдалануда
мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді
көруге болады ; логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға , шығармашылық еңбек
етуіне жағдай жасайды. Электрондық
оқулықтарда теориялық тақырыптар
кеңінен беріліп түсіндіріледі.
«
Бәріне бірдей мүмкіндік » принципін
ұстанатын инклюзивтік білім берудің
енгізіле бастағанына көп бола қойған
жоқ.
Бұл термин көбіне « Сапалы білім
барлығы үшін » түсінігімен бірге
қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін
мектептерде мүмкіндіктері шектеулі
бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын
топтарға жататын оқушыларға өзгелермен
теңдей білім беру, соған жағдай жасау.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі
шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп
- интернаттарда білім алады. Жалпы
мектептердегі мұғалімдер кемтар бала
сыныпқа келген кезде оны қандай
оқулықтармен оқытап,қандай әдістемелік
құралдарды пайдаланады соны білмейді.
Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе
- кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар
оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім
емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына
бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені
біз мүмкіндігі шектеулі жандарға
мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз.
Жалпы білім беретін орта мектептерде
олардың оқып, білім алуына жағдай жасау
енді - енді қолға алына бастады.
Инклюзивті
білім берудің негізі мектептегі барлық
балаға олардың ерекшелітерінен тыс
сапалы білім беру болып табылады.
Инклюзия - бұл балаларды олардың
жыныстық, этникалық және
дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері,
денсаулық жағдайы, даму деңгейі,
ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық
мәртебесі мен басқа да
айырмашылықтарына қарамастан
жалпы білім беретін үдеріске
толық енгізу үдерісі, яғни,
жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік
саясат.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту –оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-адамдармен қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру - бұл тәсіл, оның ортасында әртүрлі білімділік қажеттіліктері бар бала орналасады.Ендеше, инклюзивті білім беру барлық балалардың дамуындағы ауытқуларға қарамастан шынайы ортада бірдей бағдарламамен оқып, білім алуын қамтамасыз ететін тәсіл. Негізгі идеясы – барлық балалар бірдей қарым – қатынасқа мұқтаж.
Инклюзивті
білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің
құқықтары туралы » Конвенция аясында
инклюзивті білім беруді дамытудың
ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім
алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық
институттардың тәжірибесін ескере
отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды
үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау
аса қажет болмақ . Мүмкіндіктері шектеулі
балалардың үйде білім алуын қамтамасыз
ету, жай және арнайы мектептерде оқуға
мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан
оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты
мақсаттарының бірі болып табылады .
Осыған орай мәселелерді шешу жолында
әр мұғалім бағдарламаға сай шағын
электронды оқулықтар дайындап , үлгерімі
төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен
жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн . Әр
оқушының үлгермеу себебін анықтап ,
мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс
жүргізсе, оқушының білімге деген
құлшынысы артып , өзіндік дарындылығы
айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім
берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін
шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды
, қолданылған әрекеттер мен құралдардың
тиімділігін диагностикалау негізінде
анықтауға болады. Осыған байланысты
педагогтар өз қызметінің обьектісіне
әлеуметтік психологиялық және
педагогикалық мінездеме беріп , танып,
білумен зерттеу әдістерін меңгерулері
керек . Әр оқушыға арналған жеке даму
бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын
ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын
табуға көп көмек болар еді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген