Интеграциялық сабақ жоспары Ағылшын тілі және тарих пәндері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интеграциялық сабақ жоспары Ағылшын тілі және тарих пәндері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі мен тарих пәнінен интеграциялық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітілді»

Әдістемелік бірлестік жетекшісі__________________

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі

Мұғалім:

Кәсіби даму мақсаты

Ағылшын тілі сабағында дереккөздер және конспектілеу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

Күні: 23/11/2023

Сынып: 9 L

2 тоқсан 9.2A 2 бөлім. Қайырымдылық және конфликт

Сабақ тақырыбы

Жанжал туындаған аймақтарда көрсетілетін қайырымдылық жұмыстары


Оқу мақсаттары

9.S1 формальды және бейресми стильдерді жалпы тақырыптар және оқу бағдарламаларының кең ауқымы аясында баяндағанда пайдалана алу

9.S7 тақырып аясында сөйлегенде сәйкес сөздік пен синтаксисті пайдала алу

9.C1 сөйлеу және оқу дағдыларын топтарда шығармашылық жұмыс атқару үшін қолдана алу

9.C8 оқу және талқылау арқылы мәдениетаралық сананы дамыту

9.R1 мәтіндердегі негізгі ойларды түсіну

Сабақ мақсаттары:

-Тақырыпқа байланысты сөздік қорын байыту

-Қақтығыс және қақтығыс аймақтары түсінігін анықтау және түсіндіру

-Ақпаратты оқу арқылы қақтығыс болған аймақтарда жұмыс істейтін әртүрлі қайырымдылық түрлерін анықтау және сипаттау

-Ақпарат оқу арқылы қақтығыс болған аймақтарда жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдарында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді талдау

-Қақтығыстан зардап шеккен адамдардың өміріне қайырымдылықтың әсерін бағалау



Бағалау критерийі

Оқушылар сабақ мақсаттарына келесі критерийлерді орындағанда жете алады:

-сөздерді олардың анықтамаларына сәйкестендіре алады;

- тарихи терминдер мен ұғымдарды қолданады;

- тарихи картадағы деректі түсіндеді;

- себеп-салдар байланысын анықтайды;

- дәлелге негізделген жауаптар бере алады;

- дереккөздердегі ақпаратты оқу және талдау арқылы кестелерді толтыра алады;


Тілдік мақсат


Сабақта оқушыларға қажетті тірек сөздер:

Cooperation, Contribution, Donation, Generosity, Dig deep, Altruism, Orphan, Raise money, Rescue, Philanthropy, Sponsor, Social work, Humanitarian, Relief, Aid, Refugee, Displacement, Peacebuilding,

Пән-аралық байбайланыс

Дүниежүзі тарихы

ICT дағдылары

Зерттеу мақсатында ұялы телефон мен интернет қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Білімді белсендіру кезеңі

(2 мин)

Мұғалім суретті көрсету және сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын ашады (ойлан, жұптас, бөліс)

Сабақтың тақырыбы қандай?

Мұғалім 2-бөлім «Қайырымдылық және конфликт» тақырыбында екенін таныстырып өтеді.

Сабақ тақырыбы - Қақтығыс аймақтарында жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдар

PPT 1-2



Сабақ мақсаттарымен таныстыру

(1мин)

Мұғалім сабақтың мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстырады

PPT 3

Жаңа тақырып


1-тапсырма: Сөздікпен жұмысы (тіл мұғалімі)

Оқушыларға сөздер мен анықтамалары бар қағаздар жолақтары беріледі. Сөздерді сәйкес келетін анықтамалармен байланыстырып, содан кейін оларды қабырғаға жабыстыру тапсырылады.


2-тапсырма: Қақтығыс және жанжал болған аймақтармен таныстыру (пән мұғалімі)

а) тапсырма: қақтығыс (конфликт) тақырыбына ой картасын жасау (2-3 минут)


б) тапсырма: Бейнебаянды көріп, картаны қолдану арқылы келесі сұрақтарға жауап беру

https://www.youtube.com/watch?v=M-mymUJRULs

  1. Картада дүниенің қандай бөліктері ерекшеленген және неліктен?

  2. «Дәстүрлі өмір салты», «колония», «Метрополис», «экономикалық тәуелділік», «кедейшілік», этникалық қақтығыстар терминдерін пайдалана отырып, осы аймақтардың қазіргі жағдайының тарихи алғышарттарын түсіндіріңіз.

  3. Әлемнің нақты аймақтарындағы қандай тарихи қақтығыстар қазіргі саяси және әлеуметтік жағдайларға әсер етті?

  4. Жергілікті қақтығыстар қандай гуманитарлық зардаптармен бірге жүрді және халықаралық қауымдастық оларға қалай қарады?



PPT4-5





PPT6



PPT7

PPT8


Working with the new content


3 тапсырма: Қақтығыс болған аймақтарда жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдарын зерттеу (пән және тіл мұғалімі бірге)

- Мұғалім оқушыларды шағын топтарға бөледі және әр топқа жанжал аймақтарында жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдары туралы әртүрлі тапсырма береді.

- Келесі кезекте мұғалім оқушыларға берілген ұйымды зерттеуді және кестелерді ақпаратпен толтыруды ұсынады.

1-топ:

https://www.icrc.org/en/who-we-are - Red Cross

https://www.savethechildren.org/us/about-us - Save the Children

https://www.rescue.org/who-we-are - IRC


Ұйым атауы

Олар кімдер

Немен айналысады

Қайда жұмыс істейді

Қардыны қайдан алады

















2 топ: Қайырымдылықтың адам өміріне әсері:

https://yuva.info/2023/03/12/the-importance-of-charity-in-modern-society/


Әсер сипаттамасы

Маңыздылығы

Қалай жұмыс жасайды

Қандай нәрсе шабыттандырады

Неліктен қарастыруымыз керек

















Group 3: Қайырымдылықтың қиындықтары мен тәуекелге баратын тұстарын анықтау:

https://mcandrewleadership.uk/wp-content/uploads/2021/04/CONFLI1.pdf


Қиындықты сипатта

Кім қиналады

Кімнің себебінен

Неге

Мәселені қалай шешуге болады

















Оқушылар тапсырманы орындаған кезде, мұғалім әр топтан өз нәтижелерін сыныппен бөлісуді сұрайды.

4 тапсырма: Әрекет ету (тіл мұғалімі)

Мұғалім оқушылардан қақтығыс аймақтарында жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдарына қолдау көрсету жолдарын қарастыруды сұрап, топпен бірге әрекеттерді анықтап жазуды тапсырады:


Негізгі әрекеттерді анықтап жаз




Мүмкін болатын жауаптары:

  • ақша бөлу,

  • уақыт бөліп, волонтерлікпен айналысу,

  • қайырылымдылық жұмыс туралы жарнамалау.


Содан кейін мұғалім жұпта оқушыларды тақырыптық сөздік және дәлелдерді пайдалана отырып, сөйлемдердегі нақты әрекеттерді (сызбаға негізделген) жазуға шақырады:


Негізгі әркеттерді теріп жаз

ақша бөлу

уақыт бөліп, волонтерлікпен айналысу,


қайырылымдылық жұмыс туралы жарнамалау

Іс жүзінде қолданыс (аргумент сөйлемдер)

Мысал.: Біз ай сайын қайырымдылыққа ақша жинау үшін қолдан жасалған өнімдерді сатуды ұйымдастыра аламыз.

Біз босқындарға қызмет көрсететін жергілікті асханада ерікті бола аламыз, өйткені ол …

Біз аймақтан сайланған шенеуніктерге гуманитарлық көмекті қаржыландыруды қолдауға шақыратын хат жазамыз, өйткені……

5 тапсырма:

Тақырыпты қорытындылау үшін талқылау:

- Қақтығыс аймақтарында жұмыс істейтін қайырымдылық қорларының қандай түрлері бар?

Бұл қайырымдылық қорларының ортақ мақсаттары қандай?

Олар әдетте қандай қиындықтар мен тәуекелдерге тап болады?

- Қайырымдылық адамдарға қалай әсер етуі мүмкін?


Мұғалім сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлеріне қайта оралып, оқушылардың қол жеткізген-жетпегенін талқылайды.


PPT9


























PPT10











PPT 11











PPT12



PPT 13











PPT14



















PPT15





PPT16

Рефлексия

5 мин

Оқушылар QR коды арқылы кіріп, сұрақтарын және пікірлерін жазып қалдырады







.


PPT17

Үй жұмысы

1 мин

Сөздік қормен жұмысқа арналған тапсырмаларды орындау (хандаут)

PPT18

Өтілген сабаққа рефлексия

  1. Барлық оқушылар оқу мақсатныа қол жеткізді ме? Неліктен?

  2. Берілген дифференциация сабақ мақсатына жетуді қалай күшейтті?

  3. Мен уақытты дұрыс қолдандым ба?

  4. Мен өз жоспарымнан қандай өзгерістер енгіздім және неге?

  5. Мен нені жақсартамын?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2024
280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі