400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

интелектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жариялап отырған материалым мұғалім әсіресе бастауыш сынып тарға арналған интелектуалды ойын.Барлық пән қаттылған ішінде,Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту өте қолайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сөз мерген

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Ой қозғау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: топ атаулары, суреттер, интерактивті тақта

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. - Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында, сондықтан «Сөз мерген» ақыл-ой зерделі
жарыс ойынымызды бастаймыз

1. С
айыскерлерімізді ортаға шақырымыз.
1 - :Ұраны: Жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында.
2 –
сайыскер:Ұраны: Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
3 –
Сайыскер: Ұраны: Татулығымыз жарасқан, тату - тәтті елміз

1. Қазылар алқасын сайлау.
4. Жеребе тастап қай
сайыскер ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.

Жоспары:
1. «Зымыран сұрақтар»
2 “Тапқыр болсаң, тауып көр!”
3. «Ойлы болсаң, озып көр!»
4. «Кім жүйрік?»
5. «Сөз ойла, тез ойла!».

- Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер
Білім
іңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер. - Бүгін біз осы күнге дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп, өлеңдермен, мақал - мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.

1 - кезең: «Зымыран сұрақтар»
1 – топ:
1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтып, естілетін тілдік құбылысты не деп айтамыз?
(Дыбыс)
2. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. (Тақырып)
3.
Бір затты өлшеу немесе сызу үшін қолданылатын құрал.(Сызғыш)
4. Қосымшаның неше түрі бар? (2 түрі)
5. Сөз таптарын ата. (Зат есім, етістік, сын есім, сан есім)
6. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? ( Ы. Алтынсарин)
7. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)
8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы. Алтынсарин)
9. Жылдан құр қалған жануар. (Түйе)
10. Басты байлық не? (Денсаулық)

2 –топ
.
1. Абайдың әжесі кім? (Зере)
2. Жырды орындаушы қалай аталады? (Жыршы)
3. Қаратпа сөз дегеніміз не?(Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз қаратпа сөз деп аталады.)
4. Автордың айтқысы келген басты пікірі қалай аталады? (Мәтіндегі негізгі ой)
5. Әріптердің жүйелі тізбегі қалай аталады? (Әліпби)
6. Сын есім дегеніміз не? (Заттың түрін, түсін, сынын, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы)
7. Абылайханның шын аты кім?(Әбілмансұр)
8. Қарды оңды - солды ұшырған қатты боранды қалай атайды?(Ақтүтек)
9. Қазақтың киелі саны. (7)
10. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (3 түрі бар. Ашық, тұйық, бітеу)

3 –топ
1. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
2. 1925ж. Парижде өткен бүкіл дүниежүзілік жарыста ән салған қазақ әншісі кім? (Әміре Қашаубаев)
3. Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігі қалай аталады? (Түбір)
4. «Достық өлкесінің заңы» қандай шығарма, авторы кім? (Өлең. М. Шаханов)
5. Қазақ хандығының неше жылдығы тойланды? (550 жылдығы)
6. Сан есім дегеніміз не? (Заттың санын білдіретін сөз табы)
7. Қорғансыз, панасыз есеңгіреген халық. (Шұбырынды)
8. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз. (Қаратпа сөз)
9. 1941 - 1945 жылдары қандай оқиға болды? (Ұлы Отан соғысы)
10. Мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шарасы. (Қуғын - сүргін)

2 - кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр!» !» Сұраққа жауап беріп үш тілге аудар


1 – топ:


 Шай тәтті болуы үшін не қосады?

Сахар – қант — sugar

30-20

Оң – десять — ten

Жаздан кейінгі жыл мезгілі

Осень – күз — autumn

Парағы бар– ағаш емес

2 –топ.
Тігілген – көйлек емес

Баяндайды – адам емес

Кітап – книга — book

Өзі домалақ, өзі қызыл

Бұтақта өседі

Үлкенде, кішіде

Оны сүйеді

Алма – яблоко — apple

Баланын бір ағасы бар. Ағасының бір інісі бар. Жанұяда неше бала бар?

Екі – два — two

3-топ

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.

Тетрадь – дәптер — notebook

Ірімшік, айран, қаймақ неден істелінеді?

Молоко – сүт — milk

Өзі кішкене дөп-дөңгелек,

Тапшы, қане біле алсаң.

Өзіңнен де биікке асады,

Мықтап жерге ұра алсаң.

Мячик – доп — ball




3 – кезең: «Ойлы болсаң, озып көр!»Математика және қазақ тілі пәнінен сұрақтар беріледі.

1 -Сайыскер
1. Қар жана ма?
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
3. Тастың жеңілі бола ма?
4. Елу құлағы бар кім?
5. Қартаймайтын не, ортаймайтын не?
2 - Сайыскер
1. Білетінің қанша, білмейтінің қанша?
2. Оттан да ыстық болып тұрған не?
3. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер.
4. Көрдім, көрмедім деген сөздер неше сөз бола алады?
5. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады?

3 - Сайыскер
1. Бір рет өлуге де болады, немесе мың рет өлуге де болады.
2. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
3. Қарныңды қалай тойғызар едің?
4. Намыстан, қамыстан ажал табушылар.
5. Өрге шыға алмайтын қандай сөз?

4 – кезең: «Кім жүйрік?»


 Жүргізуші: Бүгінгі ойнымызға қатысушыларды таңдау үшін сіздерге сұрақтар қоямыз. Алға ұлтылып кім бірінші жауап береді сол оқушылар біздің бүгінгі ойнымыздың қатысушылары болады. Олай болса кеттік

1.      Фараб қаласында дүниеге келген шығыстың ғұлама ғалымы (Әл Фараби)

2.      Тоғыз жерде тоғызым неше? (сексен бір)

3.      Музыкалық әліппи қалай аталады? (нота)

4.      Мамамның мамасы маған кім болады? (апа немесе әже)

5.      Әліппидегі бесінші әріп қандай?

(Г)

6.      Әлемде неше теңіз бар? (4)

7.      Алло әнін кім орындайды? (Төреғали Төрәлі және Ерке Есмахан)

8.      Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

9.      Үшінші сабақ нешеде басталады? (15:45)

10.  Күн жүйесіндегі екінші планета қалай аталады? (шолпан)

11.   Әнұранның екінші шумағы қалай басталады? (Ұрпаққа жол ашқан кең байтақ елім бар)

12.  Жер шарында неше материк бар? (6)

Жүргізуші: Жарыс сабағымызды қортындылаймыз.

 

Жүргізуші:

1.

 

2.

 

3.

 

4

 

5

 

 

Жарыс сабағымызды қортындылау:Жеңген команданы марапаттау.Ұпай санына қарай.
































 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі