Материалдар / Интелектуалды сайыс сабақ 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интелектуалды сайыс сабақ 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой өрісін дамытуға арналған тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2024
202
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интеллектуалды сайыс сабақ

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс ,сұрақ — жауап, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі.
Көрнекіліктері: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі туралы мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. Пәндер туралы қанатты сөздер.

Өтілуі барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Бүгін біз сайыс сабағымызды
2 топқа бөлініп 5 кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыс түрінде өткіземіз. Сайысымыздың аты: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Бұл сабақта берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керек. Ал енді сөз кезегін жүргізушілер беремін.

1-жүргізуші:  Армысыңдар Құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар бүгінгі интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші:  Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
1-жүргізуші:  Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
2-жүргізуші:  Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
1-жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің,
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер –деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Төрағасы:

Мүшелері:

2-жүргізуші:  Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық .

1 –жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына.
Қадамдарың оң болсын,
Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз! – деп сөз кезегін топ басшыларына береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін.
1 топ: «Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз

Аты аңызға айналған

«Алғыр» бала атанып

Бізде ғалым боламыз.
2 топ: «Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп

Таудай бірақ талабымыз

«Білгір» бала атанып,

Келешекте өскенде

Үлкен ғалым боламыз

Әр топтан бір оқушы қарсылас топтарына тілек білдіреді.

1 кезең: «Білгенге — маржан» Сұрақтарға жауап беру.
«Алғырлар» тобына
1. Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/
2. Табиғат дегеніміз не? / Бізді қоршаған орта/
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер/ кім? кімдер? Не? Нелер?
4. ҚР — ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев/
5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/
6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
7. Қазақтың ұлттық аспабы /домбыра/
8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
9. Біздің облысымызды ата? /Алматы облысы/
10. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/
«Білгірлер» тобына
1. Мақал дегеніміз не? /сөз мәйегі/
2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз/
4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/
5. Мұқағали Мақатаев қай жылы туылған, қай айда,нешесі?/1931 жылы, 8- наурызда/
6. Қабанбайдың шын аты кім? /Ерасыл/
7. Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы/
8. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев/
9. Біздің мектептің директоры кім? /Жанар Шәріпқызы
10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/

2 кезең: «Тіл өнері»
Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
«Алғырлар» тобына
Тіл тас жарады,… /тас жармаса бас жарады/
Жақсы сөз… /жарым ырыс/
Ойнап сөйлесең де… /ойлап сөйле/
Әдепті бала — арлы бала,…/ әдепсіз бала – сорлы бала./
Жақсыдан үйрен -…/жаманнан жирен/
«Білгірлер» тобына
Үлкенге құрмет -…/кішіге ізет/
Бірлік болмай…/тірлік болмас./
Еңбек етсең ерінбей,… /тояды қарның тіленбей/
Туған елдей ел болмас,…/туған жердей жер болмас/
Жүз теңгең болғанша,…/жүз досың болсын/

3 кезең: «Кім жылдам?»
Жұмбақтың шешу.
«Алғырлар» тобына
1. Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап жүретін досы. /ит /
2. Футболшының алаңдағы ойын заты. /доп /
3. Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор /
4. Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме. /Кірпі/
5. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. /Жел /
«Білгірлер» тобына
1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам /
2. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау /
3. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз /
4. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама /кітап /
5. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады /есік /

4 кезең: «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде 12 ұяшық, Қалауы бойынша таңдап, артындағы сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе, ұяшықтағы ұпай саны беріледі.

10 10 10
20 20 20
30 30 30
40 40 40

1 — ші қатардағы ұяшықтар
1. Терең мұхиттардағы су астын зерттеуге арналған арнаулы аппарат

/Көкжиек сызығы/
2. Сөз таптарын ата. /зат есім, сан есім, сын есім, етістік/
3. 1841 жылы қазан айында Қостанай облысы, Зотобол ауданында туған ағартушы кім? /Ы. Алтынсарин/
4. Су астында жүзетін адамдардың тыныс алу үшін арнайы, ішіне ауа толтырылған аппарт қалай аталады? 
/ Акваланг/

3 — ші қатардағы ұяшықтар
1. Қандай кірпінің тікені кірмейді? /жаңа туған кірпінің/
2. Қай құс ерте келеді? /таған/
3. Суда туып, құрғақта өмір сүреді. /бақа/
4. Кеше Айнұрдың туған күні болған. Ертең бейсенбі болады. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні? /сейсенбі/

Қорытынды:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!