жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интелектуалдық сайық "Елім менің" 9-сынып
Күні:
Тақырыбы: «Елім менің» интелектуалдық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу; Шапшаңдық, тез ойлау, шешен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.
Қатысушылар: 9-сынып оқушылары жетекшілерімен бірге
9 «а» - Аязбаева Назымгүл
9 «б» - Аленғалиева Кенжегүл
9 «с» - Бақытова Қалжан
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары, ұстаздар, оқушылар! «Елім менің» атты 9-сыныптар арасында өткелі отырған интелектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Сайыс 6 айналымнан тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын команда жетекшілеріне сөз берсек. Жетекшілер өз топтарыңыздағы қатысушылармен таныстырып өтсеңіздер.
Ендеше, сайысымызды бастаймыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.
1-айналым. Бейне сұрақ. Сіздерге кино, әдеби шығарма немесе музыкадан үзінділер көрсетіледі. Соған сәйкес сұрақтарға жауап бересіздер. Іске сәт. Әр дұрыс жауап үшін +5 ұпай беріледі.
(бейне сұраққа жауап береді)
2-айналым «Өнер алды – қызыл тіл» деп аталады. Бұл айналым үш бөлімнен тұрады.
1-бөлім: Мен сіздерге бір сөз айтамын сіздер соны тез-тез, кезекпен кезек әріптеп айтуларыңыз керек. Мысалы рахмет деген сөз болса р-а-х-м-е-т. Әр дұрыс жауапқа +2 ұпай беріледі.
1-топ: К Е М Е Н Г Е Р Қ И Я Н К Е С К І М Е Р И Д И А Н
2-топ: Ж Ұ Л Ы Н Қ А Н А Ғ А Т Т А Н А Р Л Ы Қ Г И Г Р О М Е Т Р
3-топ: Б Ү Л Д І Р Г Е Н Ж Ұ Д Ы Р Ы Қ К О Н Д Е Н С А Ц И Я
2-бөлім: Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу. +2 ұпай
1-топ: Шие жегендей қылды – тұмсығын бұзды
Арқасы мұздап қоя берді – сескенді
2-топ: Шашасына шаң жұқпайды – жүйрік
Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы
3-топ: От ала келген кісідей – тез, асығып жүрген кісідей
Құлаққа ұрған танадай – тып-тыныш
3-бөлім: Екі топ бір бірлеріне көнерген сөз жасырады. Үш жауап дайындап келу керек. Дұрыс тапса +5 ұпай қосылады.
3-айналым. Жетекшілерге белгілі қайраткерлер, әнші-бишілер, танымал адамдардың беріледі. Соларды топқа жасырады. Топ мүшелері табуы керек. Әр дұрыс жауап +1 ұпай.
4-айналым. Мультимедиялық тақта арқылы сіздерге мектебіміздің ұстаздары сұрақ қояды. Сол сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер +5 ұпай. Сұрақтар әр саладан келеді.
5-айналым 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлім. Ел өміріне байланысты сұрақтар қойылады. Сіздер сенемін немесе сенбеймін деп жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап +1 ұпай.
1-топ: 1. Әл-Жауһари - қазақ
математигі болғанына сенесіз бе? (иә, сенемін)
2. Султан Бейбарыс – Мысырды билеуші сұлтан қазақ екендігіне
сенесіз бе? (ия, сенемін)
3. «Теңге алу», «Қыз қуу»,
«Көкпар тарту» сияқты дәстүрлі ойындар сақ тайпасының өмір сүрген
кезеңінде қалыптасты ма? (жоқ, сенбеймін, ғұн тайпасы)
4. Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанда екеніне сенесіз бе? (ия,
сенемін, атырауда)
2-топ:
1. Қазақстанда 84 қала, 159 аудан, 193 кент, 8 мыңнан астам ауыл барына сенесің бе? (иә, сенемін)
2. Садақ тарту – серпінділік
күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны. (иә, сенемін)
3. Қазақстан әлемде вольфрам қоры жөнінде 3-орында екеніне сенесіз
бе? (жоқ, сенбеймін, 1-орында)
4. Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалардың 6 мыңнан астам кен орны бар екеніне сенесіз бе? (ия, сенемін)
3-топ:
1. «Ноль» ұғымы Ресейде қалыптасқан. (жоқ,сенебеймін, «ноль» ұғымы V ғасырда Үндістанда шықты, «жоқ» деген сөз)
2. Қазақ балуаны Қажұмұқан 56 медаль алды дегенге сенесіз бе (ия, сенемін)
3. Әлемде Қазақстан алтын қоры бойынша 10-орында дегенге сенесіз бе? (жоқ, 6-орында)
4. Әлемнің екінші ұстазы Қазақстанда туған дегенге сенесіз бе? (ия, сенемін, Әбу Насыр әл-Фараби)
2-бөлім: Қанатты сөздердің авторларын табу.
1-топ:
1-сұрақ. «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп кім айтты.Жауабы.Ахмет Байтұрсынов
2-сұрақ: Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады...
(Әйтеке би)
2-топ:
1-сұрақ «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ Біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады,..біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деп кім айтты.
Жауабы: Б. Момышұлы
2-сұрақ: Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?!
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
3-топ:
1-сұрақ: Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сөз ширатады (Мұхтар Әуезов)
2-сұрақ: Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай Құнанбаев)
6-айналым. Бұл соңғы айналымда әр қатысушыға екі әріптен беріледі. Сол бойынша сұрақтар қойылады әріптерді құрап жауап беруіміз керек. Жауап 4 әріптен тұрады. Әр дұрыс жауап +1 ұпай.
1-топ: Ө-І Ш-С К-Е М-Е
1. Сақал-мұрт өспейтін адам (көсе)
2.Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ... жолы (ескі)
3.Өлең, шіркін ....-ші жұртқа жаяр (өсек)
4. Абай, Асқар, Мұрат, Роза бұлар не? (есім)
5. Батырлар аңшылардың белдігі (кісе)
6.Шекшек атаның түлігі (ешкі)
7.Түнде сен жүрсең ...-де (көше)
2-топ: А-Р С- Қ Ы-А Н-У
1. Бала берсең .... бер (сана)
... бермесең ала бер
2.М.Әуезов аударған пиесса ...-ға тұсау (асау)
3. Қылыш, садақ, балта деген не? (қару)
4. Туады әлі нағыз ...
... бал тамызатын (ақын)
5. Кемірушілер отрядына жататын дала жануары (суыр)
6. «Жау жүрек мың бала» фильмінің ружисері (Ақан)
7. Тасқа бітетін шөп (қына)
3-топ: О-А Ш-Қ А-Ы Қ-Ғ
1. Қыр, бел, төбе синонимі (шоқы)
2. Қазан қайнататын орын (ошақ)
3. ... –ң болса қалтаңда (ақша)
4. Доспанбет жырау: ...-лы көлдер қом сулар (қоға)
5. Жабықтың антонимі (Ашық)
6. Жалғыз адам қоған болмас,
Жалғыз ... орман болмас (ағаш)
7. Әбес, қате сөздерінің синонимі (оғаш)
Қорытынды:
Сайыстың барлық ұпайларын қосып, жеңімпаздарды марапаттау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген