Интелектуалдық сайыс "Ойымды аңғар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интелектуалдық сайыс "Ойымды аңғар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыста топ басшыларымен қатысушылары білімдерін ортаға тастайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ойымды аңғар» интелектуалды ойын.

Тақырыбы: «Ойымды аңғар» интелектуалды  ойын.

Армысыздар, құрметті ұстаздар  және  ойынға қатысушылар.  Бүгін сіздер мектебіміздің   «Ойымды аңғар» интелектуалды  ойынын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер.

«Ойымды аңғар» интелектуалды  ойынға 5 оқушыдан тұратын екі команда қатысады. Ойын тартымды, достық, зияткерлік күрес түрінде өрбиді. Команданың басты мақсаты, жеңіске жету ғана емес, өз командаларының ойын айтпай-ақ, ыммен түсіну.

Ойынға төрелік болатын,

Әділ баға беретін.

Таныстырып өтейін

Әділ қазы алқасын- деп ең алдымен сіздерді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

 

Екі команда ортаға шығып өздерінің ұрандарын айтады.

Қазақ қыздары (      )

Раушан гүлдер (     )

Ойыншылар сіздерді ойын тәртібімен таныстырып өтейін.

 

Ойын тәртібі:

Ойын 4 бөлімнен тұрады.

1 бөлім.  «Түсіндіру»

2 бөлім.  «Ойымды тап»

3 бөлім.  « Кім тапқыр»

4 бөлім.  «Елестету»

 

Ал енді бірінші бөлімімізді бастайық.

1-бөлім. «Түсіндіру»: Әр сөздің алдында (біріншіден басқасы) бірінші ойыншы соңғы орынға көшеді, ал қалғандары бір ойыншыға алға өтеді. Сөзді келесі ойыншыға түсіндіру кезінде, алдыңғы ойыншыдан естіген сөзді немесе бір түбірлі сөздерді қайталауға болмайды. Есепке алынған әр сөз үшін командаға 10 ұпай беріледі. Жүргізуші әрбір командаға кезегімен үш түрлі сөз ұсынады. Команда мүшелері, бірінші ойыншыдан бастап (ол берілген сөзді біледі), кезек-кезегімен аталған сөзді бір-біріне 40 секундтың ішінде түсіндіруге тырысады (қимылдарды қолдануға болмайды).  Бөлім аяқталғаннан соң, арнайы тағайындалған сарапшы өз шешімін шығарады (сөзді түсіндіру кезіндегі қателіктерді атап көрсетеді), соған сәйкес команда тиісті ұпай санына ие болады. Ірі қателіктерге жол берген команда ұпайсыз қалуы мүмкін.

  1. Арба, ара

  2. Тоңазытқыш, газ плитасы

 

 

Ойынымыздың екінші бөлімін бастайық

2-бөлім. «Ойымды тап»: «Пантомима, шарадалар» туры. Таңдап алынған команданың ойыншысы, үлкен мониторда көрсетілген 6 ұсыныстың бірін таңдайды. Одан соң, таңдап алынған ойыншының артындағы мониторда бір-бірден 10 сөз пайда болады, оны қалған 4 ойыншы көріп тұрады. Олар ымдау, түрлі қимылдар жасау арқылы жазылған сөзді түсіндіреді. Егер ойыншы сөзді түсінбесе, ойынды келесі ойыншы жалғастырады және сәйкесінше жаңа сөзге көшеді.

  1. Менің үйім. (кілем, ит, төсек, стол, теледидар, перде, түсқағаз, сурет,ваза, есік )

  2. Бойжеткен. (көйлек, шаш, сумка, туш, помада, білезік, әшекей, сұлу,ерке,жүрісі)

  3. Жан—жақты (ұршық, жылан, ай, толқын, сәнгер, арыстан, кітап, аю, қайшы, маймыл)

3  бөлім. « Кім тапқыр» ойыны . Екі топқа бір- бір сөйлемнен  беріледі,  сол сөйлемді ыммен түсіндіру керек. екі топ бірінікін бірі табу керек.

Топпен немесе жеке көрсетуге болады.

Көкпар тарту.

Киіз басу.

Асық ойнау.

Мода көрсету.

4-бөлім. «Елестету»: Жүргізуші әр командаға бір сөзді немесе тұрақты фразаны ұсынғаннан кейін, таңдап алынған команданың қатысушысы, осы сөзге байланысты туындаған төрт түрлі сезімді, ассоциацияны атайды. Содан кейін, қалған қатысушылар құлаққаптарын алып тастайды да, жүргізуші берілген сөзді команданың барлық мүшелеріне естіртіп айтады. Әр ойыншы өз кезегінде 5 секундтың ішінде сөзден туындаған өз сезімдерімен бөліседі де, кезекті команданың келесі ойыншысына береді және солай жалғасады. Тапсырманы орындауға 20 секунд беріледі. Ұпай саны, команда мүшелерінің ой-сезімдері қанша рет команда капитанының ой-сезімдерімен сәйкес келуіне байланысты беріледі.

1.Қазақтың ұлттық киімдері

2.Компьютер,

3.Ою- өрнек

4.Мұғалім.

 

(Кеш қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Сайыскерлер мадақтау қағаздарымен мадақталады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі