400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалды ойын " Үздік информатик" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын интеллектуалды ойын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: информатика

Сынып: 6


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылығын арттыру,танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ,өз білімдерін дамытуға,бір – бірін құрметтеуге,информатика пәнінің тарихын білуге тәрбиелеу,ойлау қабілеттерін дамыту,сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру

Сабақтың типі: сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Жабдықталуы: компьютер,интерактивті тақта,тапсырмалар, викториналық сұрақтар

Көрнекілік: слайд презентация

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,қазақ тілі,математика және орыс тілі

САБАҚ БАРЫСЫ:


Солай,солай, достарым,

Компьютер болсын достарың.

Меңгере алсаң сен оны,

Өмірде озып тосқаның – дей келе.

Сайысымызды бастаймыз!!!


Қорабшаны таңдаңдар. Қорабшаның астындағы сан бойынша жауап бересіңдер.

Ойын кезеңдері:

1.“Үш тіл білу-заман талабы”

2.“Адасқан әріптер”

3.“Көкпар”-логикалық сұрақтар

4.“Техникалық дүкенге саяхат”

5.“Бәйге”-12 сұрақ

6.Үй тапсырмасы: “ Компьютердің пайдасы мен зияны ” -эссе

7.“Марапаттау”


1.“Үш тіл білу-заман талабы”

Ойын шарттары

5 жұмбақ оқылады.Әр оқушыға бір жұмбақ. Жұмбақтың жауабын тауып қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілдерінде айту керек. 3 тілде жауап берген оқушыға –

30 ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, 1 тілде – 10 ұпай. Жауап бере алмаған жағдайда қарсыластары жауап бере алады


Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

Қазақ тілінде – монитор

Орыс тілінде - монитор

Ағылшын тілінде - monutor


Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды!!!

Қазақ тілінде – бос орын

Орыс тілінде - пробел

Ағылшын тілінде - blank


Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені

Қазақ тілінде – тікенек гүл

Орыс тілінде - кактус

Ағылшын тілінде - cactus


Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам,қағазсыз

Қазақ тілінде – пернетақта

Орыс тілінде - клавиатура

Ағылшын тілінде - keyboord


Батырмасын басасың.

Қажетті файлды ашасың

Қазақ тілінде – тышқан

Орыс тілінде - мышка

Ағылшын тілінде - mouse


2.«Адасқан әріптер» мына сайыста әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Шашырап орналасқан әріптердің орнын тауып,сөзді дұрыстап құрау.


3.«Көкпар» мына сайыста логикалық есептер беріледі . Дұрыс жауапқа 10 ұпай,жауап жоқ болған жағдайда қолын бірінші болып көтерген ойыншы жауап бере алады.

Осы сайыстан кейін ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

Бөлмедегі әр бұрышта бір

мысықтан және оған қарама -

қарсы үш мысықтан отырса,

бөлмеде неше мысықтан бар?/4/

Допты лақтырғанда доп сол

ізімен кері қайту үшін оны

қалай лақтыру керек? /жоғары/

Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасың?/сіріңке/


4.«Техникалық дүкенге саяхат» мына сайыста компьютерлік құралдарды немесе техниканы сатып алу үшін 5 сұраққа жауап беру тиіс,әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


Информатика дегеніміз не?

Компьютер дегеніміз не?

Монитор дегеніміз не?

Пернетақта дегеніміз не?

Жүйелік блок дегенімз не?


Аналық тақша дегеніміз не?

Процессор дегеніміз не?

Жедел жады дегеніміз не?

Қатті дискі дегеніміз не?

Видеокарта дегенім не?


Дыбыс карта дегеніміз не?

Желілк карта дегеніміз не?

Дыбыс колонкалары дегеніміз не?

Принтер дегеніміз не?

Модем дегенім не?

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Жарлық дегеніміз не?

Графикалық редактор дегеніміз не?

Paint дегеніміз не?

Сканер дегенім не?


5.«Бәйге» мына сайыста 12 сұрақ берілген. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Оқушылар кезек – кезек таңдайды. Осы сайыстан кейін ұпай саны аз бір

оқушы ойыннан шығарылады

Ақпараттық үдерістің неше түрі бар?

Компьютердің ауруы?

Вирустарды емдейтін программа?

Бірінші механикалық есептеу құрылғысы нешінші жылы жасалды?

Алғашқы машинаны жасған кім?

Блез Паскаль жасаған машинаның аты қалай?

Мәтінді еңгізу құрылғысы?

Графикалық мәтінді еңгізу құрылғысы?

Мәтінді шығару құрылғысы?

Ол машинаны орыстар «шоттар» деп атаған. Жапондықтар ше?


6.Үй тапсырмасы: «Компьютердің пайдасы мен зияны»-эссе

5 ұпаймен бағаланады


7.Қорытынды, марапаттау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1028
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі