Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Интеллектуалды ойын: "Менің Отаным"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
«Менің
Отаным» ( интеллектуалды
ойын)
Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін
тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін
көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету,
тіл байлығын, өз ойын жеткізу, еркін сөйлей білу әрекеттерін
жетілдіру. Адамгершілік патриоттық
сезімдерін, танымдық және ізденушілік қызметін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге,
мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге,
өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, суреттер, карточкалар.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ойынымыз бастамас бұрын, мынандай сұрақ қойғым келіп тұр. Сендер тұратын қала, ата-аналарың, отбасыларың, мектеп, туған жер, ұстаз, бізді қоршаған табиғат, достарың, жалпы алғанда қалай аталады?
- Дұрыс айтасыңдар, Отан -деп атаймыз. Ондай болса, бүгін сіздер «Менің Отаным» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар. (музыка ойнайды) Ортаға екі топты шақыру. Ойыншылар стол шетіне жайғасып отырады.
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. «Отан -отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, білім беретін мектебі, ұстазы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған- Отаны.Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз, қаламыз оның тарихы, өткені мен бүгіні, табиғаты, атақты адамдар жайлы жақсы білуіміз қажет.
Родина –это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово.
Понятие Родина имеет для нас несколько значений: это страна с великой историей, это то место на земле, где человек родился и рос, где он познал первые радости и неудачи. Под этим словом мы понимаем нашу школу, свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику Казахстан.
Слышишь песенку ручья?
Это-Родина твоя.
Слышишь голос соловья?
Это- Родина твоя.
Школа, учителя и твои друзья,
Это Родина твоя.
Руки матери твоей,
Звон дождей и шум ветвей,
И в саду смородина-
Это тоже Родина.
Ал енді оқушылырдың Отан туралы түсініктерін, білімдерін қаншалықты меңгергендіктерін байқап көру үшін, бүгінгі «Менің Отаным» атты интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етініздер. Ортаға екті топты шақырамыз. (музыка ойнайды)
Екі топ өз орындарына жайғасып отырады.
- Ал, балалар, олай болса, ойынымызды бастамас бұрын, сендердің білімдеріне, жауаптарына, шапшаңдықтарына, өздеріңе әділ баға беретін әділқазылармен таныстырайын.
Әділқазылармен таныстық.
Құрметті ойыншылар, ойын кезеңдерімен
танысыңыздар
-
Топтың аты, ұраны
-
Бәйге (сұрақтарға жауап беру)
-
Кім жүйрік (екі топқа сұрақтар)
4. Жұмбақ сурет (не?қайда?)
-
Мені түсін (мимика)
-
Көзқарас калейдоскопы (бейне сұрақ)
-
Жекпе-жек (мәнерлеп өлең оқу, үй тапсырмасы)
-
Менің түсінігімдегі «Отан» (салған суреттер көрсету, қысқаша түсіндіру, үй тапсырмасы)
Құрметті ойыншылыр, жауаптарын дайын болса, алдарыныздағы кнопканы басып, содан кейін жауап бере аласыңдар.
Ал енді, ойынның шарты және кезеңдерімен таныс болсаңдар, ойынымызды бастайық, ойыншыларға сәттілік тілеймін!
-
Кезең. Топтың аты, ұраны
І -Топтың
аты: «Қыран»
І- топтың ұраны:
Қыран құстай алыптаймыз.
Көп білуден жалықпаймыз.
Ашық аспан аясында,
Еркін ұшып қалықтаймыз.
ІІ- Топтың
аты:
«Тұлпар»
ІІ- топтың ұраны:
Тұлпардай жүйрік жеткізбей
Құламай, сүрінбей,
Білімді қанат
қып,
Тек қана алға, алға
дейміз
-
Кезең. Бәйге.
Сұрақтардың жауабын тауып, дайын болса, алдарындағы кнопканы басып, жауап бере аласыңдар.
-
Біз қандай Республикада тұрамыз? (Қазақстан)
-
Оның астанасы қай қала? ( Нұрсұлтан)
-
Біз тұратын қала қалай аталады? (Балқаш)
-
Еліміздің рәміздері? ( Ту, Елтаңба, Әнұран)
-
Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (Шаңырақ)
-
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары? (домбыра, қобыз, сыбызғы).
-
Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
-
Наурыз мерекесінде жасалатын тағам? (наурыз көже)
-
Балқаш қаласындағы көл қалай аталады? (Балқаш)
-
Қазақтың ұлттық киімдері? (шапан, тақия, сәукеле, кимешек)
-
Кезең. Кім жүйрік (екі топқа кезек сұрақтар қою)
Тұлпар тобына
-
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері? (Ыбырай Алтынсарин)
Қыран тобына
-
Қазақтың ұлы ақыны? (Абай Құнанбаев)
Тұлпар тобына
-
Ұлы Отан Соғысының батыр қыздары, шығыстың қос жүлдызы кім? (Әлия, Мәншүк)
Тұлпар тобына
-
Қазақтың тұңғыш ұшқыш-ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
-
Кезең. Жұмбақ сурет.
Қаламыздағы ескерткіштер, көше аттарын қаншалықты білетінін тексеру.
Бұл тапсырмада қаламыздың көрнекті жерлері, табиғаты, көшесі бейнеленген.
-
Балқаш қаласы, зауыты, көлі.
-
Бектауата
-
Балқаш қаласы, Ш.Уалиханов көшесі
-
Балқаш қаласындағы стадион, 21-кварталда орналасқан.
-
Кезең. Мені түсін (мимика)
Келесі кезеңде екі топ өздеріне арналған дорбадан хатты алып оқып, тапсырманы орындайды. Берілген сөзді мимикамен келтіріп, көрсетеді. Қарама-қарсы топ қандай сөз бойынша қимыл жасап тұрғанын табу керек.
Көрермендермен жұмыс (мақалды жалғастыр)
-
Отан – оттан да ыстық.
-
Туған жердің күні де ыстық,
Күлі де ыстық.
-
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
-
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
-
Сұрақ. Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл және қашан болды?
-
Сұрақ. Балқаш қаласына қанша жыл болады?
-
Көзқарас калейдоскопы (бейне сұраққа оқушылар жауап береді)
-
Ұшақ «Миг»
-
Қараменде би ескерткіші, Қараменде би көшесі.
-
Ағыбай батыр ескерткіші, Қараменде би көшесі.
-
Михаил Петрович Русаков — геолог-барлаушы. Балқаш қаласы, көл жағасында орналасқан.
-
Көл жағасындағы танк Т-34, Желтоқсан көшесінде орналасқан.
-
Мәңгілік от, Желтоқсан көшесі.
-
Кезең. Жекпе-жек (мәнерлеп өлең оқу)
Топ басшылары үй тапсырмасы бойынша, Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып беру керек.
1. топ
Отан – сенің
ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан –өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Отан – тарих, Отан –тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан -өлең, Отан –жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
2. топ
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
-
Менің түсінігімдегі «Отан»
Топ ойыншылары үй тапсырмасы бойынша салған суреттерін көрсету керек.
- Рахмет, міне, бүгінгі ойынымыздың соңғы
кезеңі де аяқталып, оның нәтижесімен де
таныстық.
Әділқазы алқасының төрайымы жеңімпаз топты
атап марапаттайды.
Қорытынды:
- Осымен бүгінгі ойынымызды аяқтауға рұқсат
етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық,
еңсеміз биік, Отанымыз тыныш, жастарымыз намысты, ұлдарымыз
қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын! Келесі кездескенше
күн жақсы!
Тақырыбы:
«Менің
Отаным» ( интеллектуалды
ойын)
Білімділік: Қазақстан мемлекеті,атақты адамдар туралы
алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой –
өрісін, білім деңгейін көтеру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету,
тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу
әрекеттерін жетілдіру. Адамгершілік патриоттық
сезімдерін, танымдық және ізденушілік қызметін дамыту. Ойлау, есте
сақтау қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге,
мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге,
өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге, сыйлауға, оқушыларды
патриоттық рухта тәрбиелеу.
Ашық іс-шара
Тақырыбы: «Менің Отаным»
( интеллектуалды ойын)
Өткізген: Садыкова К.С
2017ж.