жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Интеллектуалды ойын-сайыс флипчарт сабақ , ашық оқу іс-әрекеті
МКҚК « Қошақан» балабақшасы

Интеллектуалды флипчарт ойын-сайыс ашық оқу іс-әрекеті
«Балбөбек» мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Сырымбетова И.З.
Қажымұқан ауылы
Тақырыбы: «Алтын сақа»
(интеллектуалды ойын – сайысы)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды білімге ынталандыру, білім деңгейін арттыру, сауат ашу оқу іс – әрекетіндегі тақырыптарды еске түсіру.
Дамытушылық: Алғырлыққа, шапшаңдыққа, көркем сөйлеуге баулу. Балалардың сөздік қорларын байыту, ой - өрістерін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық ойындар
арқылы балаларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке,
көрегенділікке және күштілікке, отансүйгіштікке, тілін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын әдісі, шығармашылық
жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, асықтар, үлестірмелі қима
қағаздар, көрнекілітер.(дәстүрлі әуенмен
кіру)
Қолданылған технология: мнемокесте технологиясы.
Оқу іс-әркетіндегі сабақ түрі: флипчарт сабақ
Тәрбиеші:
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, құрметті әріптестер мен құрметті қонақтар және ойынға
қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін,
ең алдымен азаматтық пен білім қажет» - деп Ш. Уалиханов атамыз
айтып кеткендей, еліміздің болашағы осы бүлдіршіндер екені даусыз.
Осы мақсатпен бүлдіршіндер арасынан суырылып шыққан балаларымыздың
қатысумен өтетін сайысына қош келдіңіздер!
-Сәлеметсіңдерме балалар! Алдымен келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалар:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн бізге ,
Сәттілікке толсын .
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Балабақшаға сегізде келеміз,
Ешқашанда қалмаймыз дегенбіз.
Сауат ашуды 5-ке оқып ,
Білімді бала боламыз дегенбіз.
Тәрбиеші: Ал енді балалар бір-бірімізге жылулық лебіздерімізді білдірейік.
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балабақша үйінің,
Жайнап тұрған гүліміз.
Негізгі бөлім:
-Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Балалар біздің президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің 2017жылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» жолдауында айтып кеткендей «Қазақстанның әрбір азаматы мен азаматшасы елінің, жерінің әдет- ғұрпын, салт – санасын, экономикасын бүкіл әлемге шығарып, танытып жақсы жағынан көрсету. Бүкіл әлемдік елмен қатарлас болу. Балалар, айтыңдаршы 2017жылы Астана қаласында қандай үлкен халықаралық көрме болды? ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Бұл көрменің мақсаты Қазақстанда қайта қалпына келетін энергетиканың алдыңғы қатарлы технологияларын шоғырландыру болып табылады және де қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғырту. Балалар сендерге қазақ халқының құндылықтарын шағын көрмеден таныстырып өтейін.
Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.-
Қамшы- атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.
Торсық- түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды.
Арқан- қылдан, мақтадан, зығыр талшықтарынан, т.б. бұрап есілетін бұйым. Арқан есу қазақ халқының тұрмысында ерте заманнан бері қолданылған. Арқан жасау үшін алдымен жеке өрім жіптер ширатып алу керек. Ширатылған 3 – 4 тіл бір-бірімен өріліп біріктіріледі
Асық– төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. Осыған орай бүгін біз ұлттық ойындарынның бірі «Алтын сақа» интеллектуалды танымдық ойын өткіземіз. Сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
Балалар: -Теңге алу, арқан тарту, орамал тастамақ, қыз қуу, алтын сақа....
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, мінекей осы ойындар арқылы біз епті, шымыр, мықты, шапшаң болып өсеміз. Бүгін біз қазақ ертегілер әлемінің кейіпкерлерімен ойын ойнаймыз. Балалар алтын сақамызды мыстан кемпір алып кетіпті, соны табуымыз керек. Ендеше жақсы көңіл күймен «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» ұранымен біз бастаймыз. Сендердің балалық балғын жүздеріңнен күлкі кетпесін.
Осыған орай бүгін біз ұлттық ойындарынның бірі «Алтын сақа» интеллектуалды танымдық ойын өткіземіз. Сендер ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
Балалар: -Теңге алу, арқан тарту, орамал тастамақ, қыз қуу, алтын сақа....
-Балалар бізге мыстан кемпірден хабарлама келіпті.
Мыстан кемпір:
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі «Алтын сақа» интеллектуалды сайысқа қош келдіңдер! Бүгінгі сайыста сендер білімдеріңді көрсетіп, шыңдалатын күн. Бір Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, мінекей осы ойындар арқылы біз епті, шымыр, мықты, шапшаң болып өсеміз. Бүгін біз ұлттық ойынымыздың бір түрін қазақ ертегілер әлемінің кейіпкерлерімен ойын ойнаймыз. Бұл жай ойын алаңы емес, сендердің білімдеріңнің шыңдалатын интеллектуалды ойын. Балалар, бірақ алтын сақамызды мыстан кемпір алып кетіпті, соны табуымыз керек. Ендеше жақсы көңіл күймен «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» ұранымен біз бастаймыз.
жыл бойғы сауат ашу оқу іс-әрекетінен алған білімдеріңді көремін. Бұл интеллектуалды «Алтын сақа» сайысында қай топ жеңіске жетіп өз өнерлерін көрсетсе, соған «Алтын сақа» кубогын беремін.
Тәрбиеші: -Мінекей балалар мыстан кемпірге өз білімізді көрсетіп алтын сақаны аламыз ба?
-Балалар сауат ашу оқу іс-әрекетіндегі өткенімізді қайталап жіберейік.
Флипчарт№1

-Жарайсыңдар балалар!
-Ендеше біз бастаймыз!. Балалар мен көмекшілерімді шақырамын. Ертегілер елінен келген кейіпкерлер сендерге көмектесетін болады. Қарсы алыңыздар!
-Желден жүйрік Желаяқ. Аңқауда ақкөңіл Көлтауысар. Алыс жерден еститін Саққұлақ. Балалар кейіпкерлерімізді таныдық па? Қандай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар: -Ертөстік ертегісінің кейіпкерлері.


Саққұлақ:
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар:- Сәлеметсізбе Саққұлақ, Желаяқ және Көлтауысар.
Тәрбиеші:- Саққұлақ сізге не болған?
Саққұлақ:- Жаңа Желаяқпен жарысамын деп аяғымды ауыртып алдым.
Тәрбиеші: Бұдан кейін жарыспайтын болдыңыз.
Желаяқ:-Балалар менің қолымда бір зат бар. Ол не?
Балалар: Асық.
Желаяқ:-Асық дегеніміз не?
Балалар:-Асық –үй жануары қой, ешкі малының артқы аяғының буын сүйегі. Желаяқ:-Асықпен не істейміз?
Балалар:-Қазақтың ұлтық ойындарын ойнаймыз. Ханталапай, бес асық, омпа, хан ату , құлжа ату.
Тәрбиеші: Жеребе бойынша ойынымызды кім бастайтынын біліп алайық. Менің қолымда қоржын бар. Қоржын ішінде асықтар бар . Кімде- кім алтын асықты алса- бірінші, күміс асық -екінші, жай асық -үшінші бастайды.
Саққұлақ:-Менде бүгін алтын асық емес,-дейді.
Желаяқ:-Менде күміс асық.
Көлтауысар:-Ал менде қандай асық,- деп балалардан сұрайды.
Балалар:-Алтын асық, -деп жауап береді.
Тәрбиеші:-Балалар «Алтын сақа» ойнымызды бастамас бұрын, үш топқа бөлінуіміз керек. Мен сендерге қызыл, сары, жасыл түстес асықтар таратамын. Саққұлақ, Желаяқ пен Көлтауысарға осы үш түсті асықтыда беремін. Кімге қай асық түсі тисе, Саққұлақ Желаяқ пен Көлтауысардың тобы болып тұра қаламыз.(дәстүрлі әуен қою)
«Алтын сақа» интеллектуалды ойынның шартын түсіндірмес бұрын бір сұрағым бар. Асық иіргенде түскен жағының атаулары қалай аталады? Саққұлақ, Желаяқ және Көлтауысар сендерде балаларға көмектесулеріңе болады.
Балалар: «алшы, тәйке, бүк, шік »

(Балаларға асықтың иіргендегі түскен жағының суретін слайдтан көрсету.)
-Ойын шартымен таныс болайық . Командалар орындарына отырады. Ойын шартын тыңдайды. Бір бала ортаға шығып , асықты иіру арқылы ұяшық таңдайды . 4 асық ұяшығы және 5 қосымша ұяшықтарда сұрақтар берілген . Олар Саққұлақ, Желаяқ , Көлтаусар, Мыстан кемпірдің ұяшықтары . Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі .
- Желаяқ : -Көлтауысар сен бүгінгі ойында тосын сыйлыққа ие болғың келе ме ?
Көлтауысар:- Иә.
Тәрбиеші:-Балалар тосын-сый ұяшығы түсіп дұрыс жауап берсең , 20 ұпайға ие боласыңдар .
-Көлтауысар : Ал Желаяқ, сен жинаған ұпайларыңнан бір сәтте айырылғың келе ме ?
Желаяқ: -Жоқ . Ендеше балалар !Сендер мыстан ұяшығын таңдамаңдар . Ал егер таңдасаңдар міндетті түрде сұраққа жауап беру керек , сол кезде ұпайларың сақталады. Ал егер жауап бере алмасаңдар барлық ұпайларыңнан айырыласыңдар.
-Саққұлақ :Балалар сендер ең көп ұпайы бар асық ұяшығы қайсы екенін білесіңдер ме?
Ол әрине Көлтауысардың ұяшығы . Сұраққа дұрыс жауап берсеңдер 50 ұпайға көбейеді . Ал ең аз ұяшық қайсы екенін білесіңдер ме? Желаяқтың ұяшығы. Сол ұяшыққа түсіп , сұраққа дұрыс жауап берсеңдер 10 ұпай ғана қосылады .
Тәрбиеші: - Ал , Саққұлақ өзіңіздің ұяшығыңызға түсіп қалсақ не болады ?
Саққұлақ:- Ал менің ұяшығыма түсіп , дұрыс жауап берсеңдер 30 ұпай қосылады.
Тәрбиеші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей ең озық ойлы топты
анықтаймыз. Алтын асықты таңдаған кісі ортаға ұяшық таңдауға
шығыңыз.
-Асық жерге тасталды,
Алтын сақа басталды.

«Алшы» ұяшығындағы сұрақ: «Ребусты шеш »
Туған жер,
Алтын бесік.
Флипчарт №2



«Тәйке» ұяшығындағы сұрақ:
«Өлең жолдарын аяқта»
Жіліктен шыққан сүйек,
Ойнаймыз біз шертіп.
Бәрімізге таңсық,
Аты оның – .........
1......... омыртқа.
2......... асық.
3..........бас.
Флипчарт № 3


«Бүк» ұяшығындағы сұрақ: «Сұраққа -жауап»
«Кім білгіш» ойыны. Ойын шарты: Әріптер беріледі. Екі үйшік орналасқан, яғни «Дауысты дыбыстар», «Дауыссыз дыбыстар». А,Ы,Б,Г,Қ.Ә,М,Н,Е,Р әріптерін өз үйіне саламыз.
Флипчарт№ 4


«Шік» ұяшығындағы сұрақ: «Мнемокесте» үш топқа берілген. Мына конвертте 3 мнемокесте суреттері берілген. Осы мнемокестедегі суреттке қарап өлең шумағын немесе жаңылтпаш құрастырып айту керек.
Флипчарт № 5

Дыбысты естиміз, айтамыз.

Әріпті көреміз және жазамыз.

Мен мектепке барамын.
Мен әжеммен барамын.
Мен автобуспен барамын.

Балалар «Саққұлақ» ұяшығындағы сұраққа қосымша 30 ұпай беріледі, мұқият сұрақтарды тыңдаймыз. «Қай дыбыстан басталады?» ойыны.
Флипчарт № 6


Флипчарт № 7



«Көлтауысар» ұяшығындағы сұраққа қосымша50 ұпай.
Флипчарт№8


«Мыстан кемпір» ұяшығының сұрақтары:
-Ал балалар мыстан кемпір бізге оңай сұрақ берілмепті.
Балалар үш топқа бір тапсырма берілген. Мына құрастырмалы пішіндер арқылы «Рухани жаңғыру» суретінде белгіленіп тұрған қыран бүркітті және «Астана қаласының 20 жыл» толуына байланысты суретін, «Целиноград облысына 90 жыл» суретін құрастырып шығу. Балалар орындарында отырып орындайды.


«Тосын сый» ұяшығының сұрақтары: (20 ұпай)
«Өз буын ұяшықтарын тап?» ойыны
Флипчарт № 9

Мыстан кемпір:
-Ай ! Тісім –ай !-деп мыстан кемпір шығады .
-Бүгін көңіл-күйім жоқ , алтын сақаны бермеймін.
Тәрбиеші:- Балалар мыстан кемпірдің көңілін қалай көтереміз?
Балалар:-Астана туралы өлең-шумақ оқып берейік. Домбыра тартып береміз.
Қорытынды:
Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз
анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың
көшбасшысына арнайы сыйлықты табыстайды. Құрметті балалар, міне
бүгін сендердің мынадай талапты, салт - дәстүрімізді жалғастырушысы
екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Ертегілер елінен келген
кейіпкерлерге рахмет айтайық.
-Балалар, бүгін өте жақсы қатыстыңдар. Енді бүгінгі «Алтын сақа» интеллектуалды ойын сайыстан алған әсерлеріңді, көңіл-күйлеріңді смайликтер арқылы ламинаттанған парақтарыңа көсетіңдер.
Мнемокесте арқылы оқу іс-әрекеті қорытындыланады.

Жеңіске жеткен балаларды мадақтау, марапаттау.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген