Материалдар / Интеллектуалды ойын-сайыс Жаратылыстану ғажайыптары 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды ойын-сайыс Жаратылыстану ғажайыптары 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану. Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
4583
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Ақжігітова Данагүл Берікқанқызы


Аягөз қаласы «№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен»КММ жаратылыстану пәні мұғалімі

5-сынып.

Тақырыбы: Жаратылыстану ғажайыптары

Мақсаты: * Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

 * Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу


Көрнекілік: жұмбақтар,үлестірме карточкалар, сұрақтар, суреттер, видеосұрақтар, презентация
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар? 
Бүгінгі «Жаратылыстану ғажайыптары» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. 
« Жаратылыстану ғажайыптары » атты сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы оқушыларымызды 3 топқа бөліп отырғызып алайық ол үшін келіп осы жердегі топ аттарынан бір-бірден таңдауларыңызды сұраймын. Әр оқушы өзі таңдағандары бойынша көрсетілген топтарға («Алғырлар» тобы, «Қыран» тобы, «Жігер» тобы) бөлініп отырады.

Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 7 кезеңнен тұрады: 
1. Ұшқыр ой
2. «Полиглот» ойыны

3. Жұмбақтар

4. видеосұрақтар

5. Ойын «Сиқырлы А әрпі» сұрақтар

6. Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға жауап

7. «Жаратылыстану әлемі» тақырыбына байланысты суреттер сайысы (қорғау)


1- кезең«Ұшқыр ой» (Жорғалаушыларды тап)

Алдымен тақтаға сандары бар суреттер ілінеді. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып суреттерді жинап шығару керек. Әр топтан 1-1 оқушы шығып бір сұрақтан таңдап сұрақтарға жауап береді . Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

1. Алғашқы қазақ ғарышкері?

/ Әубәкіров Т.


2. Экватор  дегеніміз не?

/ Жердің дәл  ортасынан 0 деп  алып шартты  түрде  жүргізілген сызық. 


3. Жаратылыстану ұғымы  қандай сөздерден тұрады? / Жаратылыстану.


4. Шартты белгі дегеніміз не? /(картада қолданылған барлық шартты белгілердің мағынасына түсіндірме беретін белгілер жиынтығы)


5. Карта дегеніміз не? /(Жер бетінің кішірейтіліп,жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі)


6. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші ғалым?

/ Ш. Уалиханов

7. Бір жылда неше күн бар? 365


8. Жердің Күнді белгілі бір уақытта толық айналып шығуын не дейміз / (жыл)


9. Қар астында қыстайды, ақпен бөркін тыстайды (бәйшешек)

10. Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз)

11. Телескопты алғаш ойлап тапқан кім? / Г. Галилей

12. Картография ол қандай ғылым,нені зерттейді? /(географиялық карталарды құрастыру ғылымы)


2- кезең«Полиглот» ойыны (слайдтта көрсетіледі)

Бұл айналымда көп нүктенің орнындағы сөзді тауып оны үш тілде айтады.Барлық топтарға бірдей оқылады.

1)...... анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.(су,вода, water)

2)Құдық қазсаң ......ді каз,
......суалмай суалмас  (көл, озера, Lake)

3)...... ақса — көл, 
Дария ақса — сел. (өзен, река, river)

4)Туған жердің .....да шипа (ауа, воздух, air)


3- кезең(жәшікте жұмбақтар таратылады)

Сыр сандық құпиясы жұмбақ жасыру
1) Бірде төмен,
Бірде шығып жоғары.
Сөз сөйлесең
Қозғалыста болады. (тіл) 
2) Бетін адам ашады.
Білім нұрын шашады. (кітап)
3) Ізі жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ(су) 

4) Суда қалқиды отта балқиды(мұз) 
5) Шөлге төзімді жануар, арқасында тауы бар. (түйе) 
6) Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті
Қатарларынтізіп алды,
Арттарында ізі қалды. (кемпірқосақ) 
7)Зер-зер кілем,зер кілем
Көтерейін десем зор кілем(жер) 
8)Шөпшілердің шөбін шашты,
Қалпағымды ала қашты(жел)

9)Әдемі түнде,
Мен жүрсем жүреді бірге (ай)

10) Көкжиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым төңкеріп. (аспан)

11) Бар ма жоқ па, 
Оны ашық білмейсің,
Ол жоқ жерде 
Өмір сүріп жүрмейсің(ауа) 

12) Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна(көл)


4-кезең. Видео сұрақ

7 а сыныбы оқушыларының сұрақтары шығады.


1. Планетамыздағы суларды ғалымдар қалай атайды? Гидросфера


2. Жердің барынша кішірейтілген дәл үлгісі? Глобус

3. Табиғатта болатын өзгерістер? / құбылыс

4. Табиғатта су қанша күйде болады? 3


5кезең.

Ойын «Сиқырлы А әріпі» (слайдтта көрсетіледі)

1.Ауа қабаты қалай аталады?

(Атмосфера)

2.Қазақстанның батысындағы 5 әріпті қала

(Ақтау)


3.Ең кіші материк

Австралия

4.Оңтүстік Американы мекендейтін ең ірі жылан (айдаhар)


5.Ең биік сарқырама

(Анхель)

6.Бақылау нүктесінен өтетін  жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. (Азимут)


7.Жердің оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. (Антарктида)

8.Жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі

(Абсолюттік нүкте)

9.Оңтүстік Америкадағы ең ұзын, әрі биік тау

(Анд)

10.Грецияның астанасы

(Афины)


11.Өте ұсақ ,көзге көрінбейтін бөлшектер?

(атомдар)


12.Ақпарат,дерек және мағлұмат берудің графикалық тәсілі?

(Ақпараттық графика)


6 кезең. Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға жауап (үлестірме карточкалар ішінде сұрақтар мен әріптер беріледі)


1. Ең кішкентай құс (Калибри)2. Ең кіші мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)3. Ең үлкен арал(Греландия)4. Ең терең шұңғыма(Мариан)5. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)6. Ең биікте орналасқан астана (Ла - Пас)7. Ең тұзды мұхит (Атлант)8. Ең терең, ең үлкен шатқал (Колорада)9. Жер шарындағы ең биік тау(Гималай)10. Ең ұзын өзен (Ніл)11. Ең үлкен түбек (Арабия) 12. Ең биік шың (Джомолунгма)


7 кезең.

«Жаратылыстану әлемі» тақырыбында байланысты суреттер сайысы (қорғау)


Қорытынды:
Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті. Жинаған ұпай санына байланысты жеңген топты марапаттаймыз. Ендігі сөз кезегін сарапшыларымызға мұғалімдеріңе сөз кезегін береміз. Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге көп рахмет. Осымен ойын аяқталды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!