400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Интеллектуалды ойын "Тапқырлар тартысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тапқырлар тартысы

Мақсаты: Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.

- Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

2 -сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.

Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

2 жүргізушіСәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен ќарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:

1-топ. «Білімділер»

2-топ. «Ойшылдар»

«Білімділер» тобының ұраны: «Білімдіге –дүние жарық, білімсіздің күні-кәріп»

«Ойшылдар» тобының ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім-өмір шырағы»

1жүргізуші: «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.

2жүргізуші: І. Бәйге.

ІІ. Дода

.ІІІ. Тіл - өнер.

ІV. Кім тапқыр?

V.Тәуелсіздікке тарту

Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстыры

І жүргізуші: : «Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар мән.

Бұл бәйге,ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда» -

«Бәйге» кезеңінің шарты.

«Білімділер » тобына:

1.Еліміз қашан тәуелсіздік алды? 1991ж.16 желтоқсан

2.. Сөйлем неден құралады?Ж: Сөзден

3.Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды? 2006 жылы 6-қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні

4.Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

5.Тұңғыш Президент күні қашан? 1 желтоқсан

6. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында- 9-шы орында

7. : Балдырған сөзінде неше дауысты дыбыс бар?Ж: 3

8. Жыл мезгілдерін атаЖ: Күз, қыс, көктем, жаз

9. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3ке қатаң, ұяң, үнді)

10.Дауысты дыбыс түрлері нешеу?-2

11.Астанадағы "Барыс" монументінің авторыТ.Досмағанбетов

«Ойшылдар» тобына :

1.Тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті? 1991ж.1 желтоқсан

2. Н.Ә.Назарбаевтың анасының аты кім? Әлжан

3.Мемлекеттік Рәміздер қашан бекітілді? 1992 жылы 4-маусымда мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту бекітілді.

4.Елтаңбаның авторлары кімдер? Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

5.Әнұранның авторлары кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

6. Астана қаласының символы-Бәйтерек.

7.Дауыссыз дыбыс түрлері нешеу?-3

8.Бәйтеректің ұзындығы неше метр? Неліктен? 97м

9..16-ның жартысы қанша? 8

10.Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселерді ата. (тамақ, ауа, су, жарық, жылу)

2 жүргізуші: «Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.» Келесі кезең- «Дода»

Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер.

ІІ кезең. Дода. Тақырып таңдау.

Әр топтың 4 ұяшық таңдау мүмкіндігі бар.

Тәуелсіз Қазақстан 20 30 40 50

Әдебиеттік оқу 20 30 40 50

Қазақ тілі 20 30 40 50

Қызықты математика 20 30 40 50

20 ұпай: Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ,гул, жапырақ) .

30 ұпай:Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова.

10 ұпай: Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

10 ұпай: Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған оқиға қашан, қай қалада болды? 1986ж. Алматыда

20 ұпай: Халық кегінің күйшісі атанған кім? Құрманғазы

30 ұпай: Ел ордасы (Астана)

30 ұпай: Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады? (5)

20 ұпай: Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)

10 ұпай: Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік,шығыс, батыс)

өлең-есепті шеш:

Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.

Үй иесі мұны сезіп:

-Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш те маған бер деген екен.

Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.

-Сонда нешеу, ұры ќанша? (10 адам, 5ұры)

ІІІ кезең. 3 тілде Тіл-өнер.

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын беру керек үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға, шәкірт саған несібе.

Жүргізуші: Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!-

келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады.

Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі..

1. Жұт . . . ағайынды / Жеті- семь- seven/

2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/

3. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/

4. Кімнің баласы болма,

Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/

5. Өнер алды қандай тіл? /ќызыл – красный- red/

6. Мысыққа ойын керек,

. . . өлім керек /тышқан – мышь – mоuse/

7. Тілі бар, үні жоќ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/

8. Жылт – жылт етеді

Жылғадан µтеді /су – вода – water/

9 .Батыр туса – ел ырысы,

. . . жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/

10 ... оттан да ыстыќ. (Отан-родина-.country)....

11.Отансыз .........-.ормансыз бұлбұл. (Адам-.человек-.people.)..

12.Туған жердің ...... де ыстық, , түні де ыстыќ. (Күн-солнце-..sun).......

ІV кезең. Кім тапқыр? «Тәуелсіздік»

ІІ жүргізуші:

«Көңілді, тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса, егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп келесі кезеңді бастаймыз.

Бұл кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі. .

Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек. 2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды.Кім көп сөз құраса, сол оқушының тобына 10 ұпай қосылады.

Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша әр топқа ертегі беріледі, соның мазмұнына сәйкес мақал-мәтел тауып айту керек.

І топ. Алты түлкі

Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:

-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:

- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.

Күлме досқа, келер басқа.

І топ. Атасы мен немересі

Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен

қалтыраушы еді.Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.

Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.

Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды

(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

І топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.

Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.

Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.

Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;

Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;

- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті

(Ұрлық-түбі қорлық)

V кезең. Тәуелсіздікке тарту

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Көрермендерге сұрақтар:

1.Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? 1997ж.

2.Конституция қашан қабылданды? 1995ж. 30 тамызда

3. Н.Ә.Назарбаев қашан дүниеге келген?

Н.Ә.Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.

4.Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған қандай оқиѓа? 1986ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.

5.Еліміз Тәуелсіздік күнін қай күні тойлайды? 16 желтоқсанда

6.1желтоқсан қандай мереке? Тұңғыш Президент күні

7. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова.

8. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында- 9-шы орында

9.Әнұранның авторлары кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

10. Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

Жүргізуші: Болашақтың іргесін қалайтын ,

Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.

Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Әділқазылар шешімін шығарғанша концерттік номер.

Жүргізуші:

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
988
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі